«Тілашар» қазақта бұрыннан бар

"Тілашар" қазақта бұрыннан бар

«Тілашар» қазақта бұрыннан бар

Естеріңізде болса, біз тек қана балаға қатысты тойлардың мән-маңызы мен сол қуанышты күннің өткізілуі жайлы бұрынғы мен бүгінгінің ұштасып, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың қайта жаңғырып жатқаны жайлы айтып келеміз. «Той десе, қу бас домалайды» дейтін біздің халықтың өзгелерге ұқсамайтын ерекшелігі – титімдей қуанышын жұртқа айтып, көпшілікпен бірге тойлап, қызығын жария етіп, жар салатындығында. Кез келген қуанышын ағайын-туғанмен бөлісетін қазақтың тағы бір тойы – «Тілашар».                                                                                                                    

"Тілашар" қазақта бұрыннан бар 

Баласының қара тануына мән берген халық

«Тілашар» дәстүрін айтпас бұрын бір нәрсеге кішкене тоқталайын. Кеңес өкіметі заманында арнайы құжаттарда, оқулықтарда, алқалы жиындарда биік мінбелерден: «Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың 98 пайызы – сауатсыз, қараңғы болған. Тек төңкерістен соң көзі ашылып, әріп таныды», – деп көпе-көрнеу бүкіл бір халықты кемсіту, жала жабу үдірісі үзбей жүріп тұрды. Сыңаржақ саясат қазақ халқының қомақты бөлігінің мұсылманша сауаты болғанын, араб әрпімен оқып-жаза алатынын көргісі де, естігісі де келмеді. Ең сорақысы, «сауатсыз едік», «қараңғы едік», «оқымаған надан едік» дегенді өз ұлтымыздың өкілдеріне айтқызып, санасына сіңірді. Егер бұлай болса, көне дәуірден бері тамыры үзілмей келе жатқан «Тілашар» дәстүрі қайдан шыққан? «Тілашар» дегеніміз баланың ұстаз алдын алғаш көруіне (мейлі, ол қожа, молда болсын, мұғалім болсын) арналған ізгі ниет, бата-тілек емес пе?! Ертеде алалы жылқы, ақтылы қой айдаған ірі байлар балаларын Бұхара, Самарқанд, Қазан, Түркістан, Орынбор секілді қалаларға үлкен медреселерден білім алуға жіберген. Ауқатты адамдардың көбі ауылында бала оқытатын қожа молдаларды ұстаған. Баласын алысқа жіберуге шамасы келмейтін қоңыртөбел шаруасы барлар мен саптыаяқтық айраны бар кедейдің өзі баласын ауыл арасындағы молдаларға апарған екен. «Тілашар» дәстүрі сол кезде жасалған. Оқуға баратын баланы жуындырып, тырнақ-шашын алып, әркім жағдайына қарай балаға жаңа киім кигізіп, қолдағы барымен дастарқан жасап, үлкендерден бата алған. 

                             Таудай болсын талабың,

                             Ашылсын тілің, қарағым.

                             Оқу сіңіп санаңа,

                             Жарқырай берсін қабағың.

                             Мақтанышы бола біл.

                             Ата менен анаңның! – деген секілді тілегі тұнық, ақ ниеттен шыққан батаны естіген баланың рухы көтеріліп, оқуға талпынған. Ата-аналары баласын молдаға жетелеп апарып: «Молдеке, сүйегі – біздікі, еті – сіздікі. Осы балаға қара танытып, тілін ашып беріңіз», – деп тапсырады екен. Әрине, ол заманның оқуы мен бүгінгі дәуірдің сабағын да, ұстазын да салыстыруға болмайды. Алайда мұсылманша әріп танып, оқу-жазуға көзіқарақты болғандардан қазақтың небір ғұлама ғалымдары, классик ақын-жазушылары шықты емес пе?!

ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА

Суреттер: lady.tochka.net, detochki-doma.ru

8 thoughts on “«Тілашар» қазақта бұрыннан бар”

  1. Тілашар білем бұрыннан бар. тілашар баланың ең бірінші тілі келмей сөйлеген сөзі деп түсінемін. Мен бұрын балдырған журналына жазылып сонда тілашар деген беті болатын. Онда балалар туралы неше түрлі мақалдар, жаңылтпаштар жазылатын соған қызығатынмын.

    Жауап беру
  2. Зейнеп апайдың мақаласымен толық келісемін. Кеңес үкіметі кезінде бізді ұлттық қараңғылыққа, мәңгүрттікке айналдырмақшы болғандарымен оларынан түк шықпады. Қазақ халқы Дана халық, қазақ халқы Ұлы халық. 1989 жылы марқұм Заманбек Нұрқаділовтің арқасында елімізде тойлана бастаған Наурыз мерекесі- бүкіл салт-дәстүріміздің анық көрінісі. Тілашар тойы- баласының білім сапарына бет алғанда жасайтын ата-ананың қуаныш тойы.

    Жауап беру
  3. Тілашар дегеніміз ол балаға немесе ата-әке ана-апаларға сөз беру сөз беру деген-ол тілек тілеу!. Бұндай сөздерді тойларда кездестірген боларсыздар! Тілашар қазақта бұрыннан бері бар! Тілашар бұл бұрыннан келе жатқан салт-дәстүр! Мен ойым осындай!. Мен осылай түсінемін! 🎀

    Жауап беру
  4. Тілашар – ол баланың мектепке немесе ұстаздың, алдына барған кездегі орындалатын дәстүр. Бай адамдар баласының мектепке барғанына орай, алалы жылқы немесе ақтылы қой сойады.
    Сосын оны ұстазына апарып, еті сіздікі, сүйегі біздікі деп айтады. Тілашарда балаға түрлі тілектер айтылады.

    Жауап беру

гүлмира үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау