Тосап қайнату

Тосап қайнату

Күз бастала салысымен қыстың қамын жазда ойлаушы жанұялы арулар тосап дайындау қамымен жүреді. Тосапты жақсы көрмейтін адам кемде-кем. Әсіресе қарақаттан, таңқурайдан жасалған тосаптар. Оларды қыста тұмау тигенде шайға қосып ішсе тұмаудың тез кетуіне септігін тигізеді.

Кейбір кезде тоспатың қанты шығып, суы аз болып, немесе дәмі ащылау болып кететін кездер болады. Оның себебі тосапты қайнату барысында кеткен қателіктерден екен.

Сонымен тосапты қайнатқанда мынадай ережелерді ұстану керек:

* Тосап қайнатқанға кермек су (жесткая колодезная вода) пайдаланбаған жөн.
* Және де қайнатып жатып, отты жәй қою керек.
* Тосапты қайнатып болған соң, ыдысын ауыстырған дұрыс. Тосап салқындаған соң ғана банкілерге құю қажет. Бұдан жемістер бүгілмей, керісінше суланып, түсі мен дәмі жақсарады.
* Тосап әбден суымайынша банкілерді жабуға болмайды. Өйткені қақпақтың асты буланып, сулана бастайды. Су тосапқа тамшылап, ашуына себеп болады.
* Егер тосап қайнатып жатып кішкене лимон қышқылын қосып жіберсе, тосаптың қанты шықпайтын болады. Ал егер тосап қанттанып кетсе, әр литрге 3 үлкен қасықтан су құйыңыз да араластырып отырып бір қайнатып алыңыз.

Тосап жасауда сәттілік тілеймін!

Categories: Отбасы
Tags: тосап

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*