Қоштасу неткен қиын еді…

Қоштасу неткен қиын еді…

Сүйіктісінен айрылғандарға таныс сезім шығар, ішкі дүниең босап, кеудеде сондай тыныштық орнайды. Түн батса жүрек сыздап, ұйқы қашып, уақыт та сенің жауың сияқты өтпей қояды. Мұндай жағдайларда жыла не, жылама не, бәрібір ештеме шешілмейтіні белгілі. Керісінше стресс, онсыз-ақ шаршап жүрген ағзаны одан сайын күйретіп, тері, шаш солғын тартып кетеді. Депрессиядан шығу үшін өзіңді қолға ал.

Жаңару үшін:

  1. Шопинг, шопинг, шопинг! Сумка, аяқ-киім, көйлек. Жаның қалаған затты сатып ал. Киіп алып, өзіңе тамсан.
  2. Сұлулық салондарына саяхат. Енді сондай көп ақшаң болмаса да шашыңды кидыртып, боятып, сәнде. Тіпті болмай жатса үйде де “сұлулық салонын” ашып жіберіп, эксперименттер жаса. Осыдан әдемі боп кетпесең бар ғой! ))
  3. Тартымды пішін. «Диета бастаймын, тазаланым» — дейтіндерге тура осы сәт қолайлы. Кеткен адамға деген ашуды тамақтан алып, жақсы етіп тазаланып алуға болады.
  4. Жалғыз қалмау. Қалсаң бітті, көзіңе жас келіп, қайдағы жоқты есіңе алып, өз өзіңді аяп, жынданып кете жаздайсың. Қайта, «он екі мүшем сау, туған туысым аман, Аллаға шүкір», — деп жақындарыңның, достарыңның арасында болу.
  5. Романтикаға берілмеу. Сәтсіз, бір жақты махаббат туралы ән, фильм тыңдамау, көрмеу. Одан сайын жүрегіңді ауыртасың. Керісінше Глория Гейнердің «I will survive» деген сияқты жігерлі өлеңдерін тыңдауға тырыс.
  6. Уақыт — емші. Ал шындығында, түнде, жалғыз қалғанда, сол бір адам түсіңде жүреді, ойыңнан кетпейді, жалғыз дауа — шыдам керек, сабыр керек. Уақыт – бәріне емші. Айту оңай болса да, бұл шындық. Осыны түсіне біл.

Солай, қыздар! Сүйіктілеріңнің сүйіктісі болыңыздар, ал болмай жатса жоғарыдағы кеңестерге көңіл бөліңіздер.

Сәлеммен, Айжаннұр.

Categories: Секс

Comments

  1. Aikona
    Aikona 15 Апрель, 2011, 17:35

    Дұрыс қадамдар екен. Тастап кетумен өмір бітпейді!

    Reply this comment
  2. Айжан
    Айжан 6 Март, 2012, 09:43

    ХЕХЕ, қай қайдағы жазба бұл))) Ол кезде НҰР деген қосымшам бар еді, қазір Табын боп өзгерген. Уақыт-емші. Міне, бір жылдың жүзі болды, бәрі де қазір күлкілі)))

    Reply this comment
  3. Қыпшақ қызы
    Қыпшақ қызы 6 Март, 2012, 15:26

    Иә, оларсыз да өмір сүре аламыз. Қыздар мерекелеріңмен!

    Reply this comment
  4. Қыпшақ қызы
    Қыпшақ қызы 6 Март, 2012, 15:28

    Иә, оларсыз да өмір сүре аламыз. Қыздар мерекелеріңмен!

    Reply this comment
  5. Қыпшақ қызы
    Қыпшақ қызы 6 Март, 2012, 15:29

    Иә, оларсыз да өмір сүре аламыз. Қыздар мерекелеріңмен!!!

    Reply this comment
  6. жадыра
    жадыра 30 Ноябрь, 2014, 13:12

    Уакыт емши деген рас барин умытасын да каласын

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*