Сұлу әйелдің суреті де еркектерді есуас етеді

Өмірде не болмайды?.. Қысқа көйлек киіп көшеде тұрған қыз-келіншектерге қарап, ақыры автоапатқа ұшыраған жігіттердің алды мүгедек болып қалған. Бұдан шығар қорытынды – сұлулық деген – дерт. Әдемілік адамды қашанда өзіне баурап алады. Ал көрікті бойжеткендер еркек атаулыны баурамақ түгілі, өртеп жібереді (Сондықтан да болар, әлемге әйгілі Пикассо: «Еркектер қашанда өзі сүйетін әйелмен жасты», – депті жарықтық). Мұны бельгиялық оқымыстылар дәлелдеп отыр. Тіпті олар сұлу әйелдерді тірідей көру былай тұрсын, суретінің өзі жігіттердің қан құрамына өзгеріс енгізіп, жұмыс қабілетін азайтатындығын дәлелдеген.

Лувенс университетінің зерттеушілері жүргізген сараптамаға 18 бен 28 жастағы 176 гетеросексуалды еріктілер қатысқан. Оларға картамен құмар ойнау тапсырылған. Бірақ алдын ала жігіттерге арулардың іш киімдері көрсетіліп, соған немесе сұлу әйелдердің суретіне қарап баға беру тапсырылған. Ал екінші бір ойыншылар тобына қарапайым майкілер және кәрі кемпірлердің суреттері көрсетілген.
Ойын қорытындысы бойынша, жас әйелдің суреті мен іш киімдеріне баға берген жігіттер жағы қызба ойынды қыздыра алмаған. Әлгілер іш киім мен суреттен алған әсерлерінен арыла алмай, ақыры жүрістерінен жаңылысқан. Демек, әлді батырдың өзі қатты толқығанда «быламыққа тісін сындырып» алады. Оның арғы жағында жүйкеге тиіп, жаныңды ауыртатын «сағыныш» деген сары уайымды айтпай-ақ қойсақ та болар.
Кез келген жігіт сұлуды сыртынан ғана көруге құштар. Ал кездесіп, таныстықтары достыққа ұласқан жағдайда олар сол арудың құлына айналады. Мұның бір жағы құлай сүюге байланысты болса, екінші жағы сұлулардың бойында болатын көзарбаушылықпен байланысты. Егер қарым-қатынас қызғанышқа ұласса, мұның соңы адам өліміне дейін апарып соқтырады. Сондықтан айымдардың өзіне де, суретіне де көп қарамаңыз. Сұлулыққа тым құмарлық адамды ауру етеді.
Әйгілі комик Чарли Чаплин пайғамбар жасына таяғанда әке атанған. Бұл алпыстан асқанда балалы болған белгілі әртіс Асанәлі Әшімов, белгілі режиссер Асқар Тоқпановтардың қасында түк те емес. Ал енді Гераклге жететін жан жер бетінде жоқ. Ол бір түнде елу әйелді «ермекке» айналдырған. Көпшілігі одан бала сүйген. Мұндай ерлікке жігіттер қалай барған, орасан зор қуат оларға қалай біткен?
Осы сұрақтарға жауап іздегендер әлі күнге нақты шешімге келе алмай жүр. Ал бүгінгі күннің андролог мамандары «мұндай мүмкіндік әр еркектің бойында бар» дейді. Бірақ ол жасқа байланысты өзгеретіндігін ешкім жасыра алмайды. Мысалы, жиырма жастағылар тәулік бойына қабілетін жоғалтпайды. Отыз жасында ол әлдеқайда тынышталады. Қырықтағы қылжақпастардың дені үнемі өздерін мойындатуға тырысады. Елуге толғандар қырықтағы кезін сағынады. Өйткені олардың жыныс гармондарын бөлу қабілеті әлсірейді. Соған қарамастан, кейбір жуан жұдырықтылар қабілеттерін жоғалтпайды. Мысалы, кейде өзі жетпісте болғанымен, формасы әлдеқайда жас көрінетін адамдар ұшырасады. Дәрігерлер осындай азаматтарға қарап «биологиялық жас» деген терминді шығарған. Олардың жүрек-қан тамырлары, тыныс жолдары мен жүйкесін, қан құрамындағы холестерин мен шалт қимылын тексергенде, шын мәнінде мықты қасиеттері бірінші орынға шыққан.
Дәрігерлердің анықтаған тағы бір мәселесі – жігіттердің сексуалдық белсенділігі. «Осы мәселе неге бірінші орынға қойылды?» деген сұраққа жауап іздегенде бұл жігіттерді кез келген дерттен қаншалықты сау екендігін анықтайтын көрсеткіш екендігін айтқанымыз орынды. Ендеше, бөріктілер көріктілердің алдында ұятқа қалмас үшін андролог мамандарға барып, кеңес алып тұрудан қымсынбауы тиіс. Төсек қуатының кемімеуі денсаулықтың әлі қанша жылға сыр бермейтіндігін аңғартады.
Белсіздік – жігіттердің жүйкесіне тиеді, айтып келмейтін ауруға ұрындырады. Ол адамның «ішкенін ірің, жегенін желім» етеді. Мұндай күзеліс 40-тан кейінгілердің өзін тез қартайтады. Андрологтар берген анықтама – «15 еселік қорға» қатердің төнуі де белсіздікпен байланысты.
Екінші бір жағдай, бүгінгі жігіттер туабітті қалыптасатын қасиетке атүсті қарайды. Осының салдарынан елуден соң есі шыққандар амалсыздан «Виаграны» пайдалануға көшеді. Мұндай қасіреттің алдын алу үшін мамандар төмендегідей кеңестерді ұсынады.

1. Отыз жастан соң жыныс қатынасын үзбеу (өзге ағзалар секілді жыныс мүшесі де үнемі жаттықтыруды қалайды). Ол адам ағзасын, ұрықты жаңартып отырады.
2. Жігіттердің арақ-шарап, темекі, есірткі пайдаланбауы ағзаны жақсартып, күш-қуатты арттырады. Салауатты өмірді қалыптастырған жігіттерден дені сау, ақылды балалар дүниеге келеді.
3. Жыныс қатынасы барысында сақтық шараларын жасау да пайдалы. Өйткені жыныстық қатынас арқылы тарайтын аурулар жігіттердің өміріне қатер төндіреді (уретрит, простатит, везикулит, эпидидимит, орхит т.б.)
4. Ал белсіздіктің пайда болуына мына дерттер әсер етуі де мүмкін: жүрек қан тамырлары ауруы; артериальды гипертензия; эндокриннің бұзылуы; сусамыр; аденома; жүйке аурулары; зиянды препараттарды қолдану; ішімдік, есірткі, темекі; бір орында тапжылмай отыру; стресс; экологияның ластануы; дұрыс тамақтанбау; ұйқының жиі бұзылуы.
«Сұлу әйелдің өзі түгілі, суретіне қарап шала мас болып қалатындар үшін дәрігер алдына жиі барып тұру пайдалы», – дейді мамандар. Дәрігерлердің бұлайша жанталасуына ерлер мәселесінің жыл сайын күрделеніп бара жатқандығы себеп. Әлемде жиі өлетін де, ауру немеcе мүгедек болып қалатындардың денін осы топтағылар құрайды. Ауыр жұмыс пен отбасын асырау да жігіттердің еншісінде. Сондықтан, бұл проблема қазақ жігітіне де ортақ. Одан сырт қалмауды ұйғарғандықтан, бүгін өздеріңізге арнап біраз кеңес бергенді жөн санадық.

Жолдасбек Дуанабай

Мақала сілтемесі «Айқын» басылымы.

ӘЙЕЛ МЕН ЕРКЕКТІҢ МИЫ БІРДЕЙ МЕ?

Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықты жұрттың бәрі жақсы біледі. Алайда «әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген қағиданы алға тартып, бүгінгі нәзік жандылары ешқандай да кемсіте алмайсыз. Тіпті олардың арасында билік бишігінде жуан жұдырықтылардан да мықты жұмыс істейтіндері жеткілікті. Соған қарамастан, арулардың ақылы ерлерге қарағанда, жан-жақты дамымағаны жиі сөз болуда.

Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықты жұрттың бәрі жақсы біледі. Алайда «әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген қағиданы алға тартып, бүгінгі нәзік жандылары ешқандай да кемсіте алмайсыз. Тіпті олардың арасында билік бишігінде жуан жұдырықтылардан да мықты жұмыс істейтіндері жеткілікті. Соған қарамастан, арулардың ақылы ерлерге қарағанда, жан-жақты дамымағаны жиі сөз болуда.

Лондон университеті жанындағы колледждің нейробиологы Нейл Барджесстің айтуына қарағанда, ерлер кез келген сынақтан «сүрінбей» өтеді. Мәселен, оларды бейтаныс жерге апарып тастасаң, үйге қайтатын жолды тез табады екен. Ал осыған байланысты пікір білдірген Германиядағы Ульмс университетінің профессоры Маттиас Рип ерлер мен әйелдер ойлау кезінде мидың бірдей бөліктерін іске қоспайтындығын айтады. Зерттеушілер 12 еркек пен 12 әйелге лабринттен шығудың үш жолын іздеуді тапсырғанда, ерлер мидың сол жақ бөлігін көп пайдаланатыны белгілі болған. Нәтижесінде, олар әйелдерге қарағанда, сыртқа шығар жолды тез тапқан.
АҚШ-тағы Джон Хопкинс медицина университетінің ғалымдары компьютерлік тексеруден кейін «мырзалардың мықтылығы самай тұсындағы төменгі ми бөлігінің жақсы жұмыс істеуінен» деген шешімге келді. Ол «жер» көру және ақпаратты өңдеу, назар аударуды сараптан өткізуге жауап береді. Бұған қарап отырып, «әйел миының жетілген түрі тек ерлерде болады» деуге болмайды. Ерлердің миы нақты ғылымға бейімделсе, әйелдердің миы сөйлеу мәнерін қалыптастыруға күш салады.
Америкалық ғалымдар екі жыныстылардың миын екі бөлек қарастырады. Олар «адам миы генетикалық жағынан бірыңғай жетілмейді» деп есептейді. Сол себепті әйелдер өздерін ерлерден кем санап, «бостандыққа» ұмтылатын көрінеді. Канададағы Альберт университетінің зерттеушілер тобы да әйел мен еркектің миы бір-біріне сәйкес еместігін айтады. 23 ер-азамат пен 10 әйелге бір тапсырма беру кезінде, олар мәселені шешу үшін мидың түрлі бөлігін пайдаланатындығын растады. Ал ми бөліктерінің адамға психикалық жағынан қалай әсер ететіндігі тіпті қызық. Мысалы, мелодрама көру барысында әйелдер жылап-сықтап отырса, ерлер ұйықтап қалады. Көлікпен кетіп бара жатқанда, әлдебір жерді табу үшін ерлер жол бойындағы көрсеткіш тақталарына қараса, әйелдер жол картасын іздейді. Базарда әйелдер киімді ұзақ іздесе, ерлер үйге тез қайтады. Оңашада кездескен ер мен әйел екі түрлі ойлайды. Еркек тезірек ақжаулықтыны «төсекке атып ұрғысы» келсе, әйел «оқиға соңы қалай боларын» ойлап, кібіртіктейді. Мұның себеп-салдарын іздеген ғалымдар еркектердің миында ақпарат өңдейтін сұйық әйел миындағы сұйықтықтан 6 есе көптігін айтады. Есесіне, шүйкебастарда ұйымдастырушылық қабілетті арттыратын сұйық 10 есе көп. Бірақ екеуінің де бақытты болуы үшін жеке өмір сүргеннен «көп адаммен бірге адасқан» дұрыс.

Сілтеме: «Айқын» басылымы.

Еркектерді естен тандыратын белсіздікті дер кезінде емдеуге болады

Соңғы кездері еркектердің жыныс мүшесіне қатысты дендеп кеткен дерттің бірі – белсіздік пен ұрықсыз қалу. Асқынған аурулар қатарына жатпағанмен, бұл дерт жігіттердің жүйкесін жұқартады. Өзінің күш-қуатының төмендегенін сезінген ерлер урологтар мен андролог мамандарға дер кезінде қаралса, аталған қасіреттен құтылуға болады.
Сонымен, бүгінгі әңгімеміз белсіздік төңірегінде болмақ. Сіздерге кеңес беретін Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты урология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Болат Уахитұлы Шәлекенов.

Белсіздік – көп факторлы: оған әсер ететін қуықасты безінің ауруы; буын тамырларындағы кінәраттар; еркек гормондарының жетіспеуі, оның жұмыртқада ұйып қалуы. Гормондар төмендеуінің әсері күшті. Простатит болғаннан кейін қуықасты безі қабынғанда, ұрық көп бөлінбейді. Екіншіден, ұрық сыртқа шықпаған соң, ол без ішін¬де жиналып, бездегі бұлшық еттер¬дің тартылуынан ұрықты сыртқа қарай күшпен айдай ал¬майды. Мәселен, бір ай шама¬сын¬да ісса¬пар¬да болған жігіттер әйелдермен жа-қындаспаса, жыныс мүше¬сі қыз¬метінде белгілі бір өз¬герістер бо¬лады. Демек, ұзақ уақыт жыныс қа¬тынасына бармаған жігіт¬тердің ден¬саулығы сыр беруі әбден мүм¬кін. Олар үзілістен соң әйел¬дермен жақындасқанда ұрық¬ты тез жібе¬ріп қояды. Соның сал¬дарынан өзі де, төсекте бірге жатқан нәзік¬ жы¬ныстылар да ойдағыдай қана¬ғат алмайды. Содан соң… ер аза¬мат¬тардың көпшілігі осыны ойға алып, жүйкесін жұқартады. Тіпті әйелге жақындасудан жүрексініп, тартыншақтап жүреді.
Қабынудан соң бездің шы¬ғара¬тын гормон секілді ферменттерінің бірі – ингибин уақытысында бөлін¬бей¬ді (Оны кәдімгі мотордағы ұш¬қын¬мен салыстыруға болады. Де-мек, ол қанды айдап, кәдімгі жы¬ныс мүшесінің барлық ішкі қозға¬лы¬сын реттейді. Одан адамда қозу процесі басталады). Қабыну кезін¬де ингибин аз бөлінеді немесе үнемі бөліне бермейді. Сондықтан бай¬ла¬ныс гормондары бір-бірімен байланысын үзеді. Олардың қайта жиналуы өте қиын. Жыныс мүшесі буындарының әлсіздігі өз қыз¬ме¬тінің әлсірегендігін байқатады. Одан эрекцияның пайда болғанын сезінуге болады.
Тестесторондардың жетіспеу¬ші¬лігі мен белсенділіктің төмен¬деуінің де белгілі бір жағдайда кері әсері бар. Әсіресе, ол 50 жастан соң айқын байқалады. Жас ұлғайған сайын еркектер тарапынан әйелдің ыстық демін жұтуға құлшынысы төмендейді. Ол соншалықты қор¬қынышты ауру емес, ол жаспен байланысты гипогонодизмнің бас-талуы. Сондықтан әр жігіт төсек белсенділігін жоғалта бастағанда, ұялмай-ақ бірден дәрігерге қарал¬уы тиіс. Егер тосыннан келетін бел¬сіздіктің басталуына бірден шара қол-данылса, белсенділікті біраз уақытқа дейін жоғалтып алмауға бола¬ды.
Жалпы, белсіздіктің бастал¬уы¬на төрт фактор ықпал етеді. Деген¬мен басты ескеретін мәселе – жас¬тың ұлғаюымен тестестерондардың азаюы, оның салдары адамды дерт¬ке ұшыратады. Бұған әсер ететін жағдайлар жұмыстан айырылып қаламын деген күдік, қызметке тұру мен ауысу, тұрмыс тауқыметі тағы басқа жағдайлар. Жүйкеге тие¬тін осын¬¬дай қиын¬дық¬тар ағзадағы тепе-теңдікті бұзады. Өкініш¬ке қарай, тір¬ші¬¬лік тауқыметі осы дерт¬тер¬дің күрт тө¬мендеуіне ықпал етпеуде. Алайда белсіздікке қатысты емдеу ша-ралары барысында «науқастар» қатарының өспегенін де айта кеткеніміз дұрыс.
Енді «төсек бел¬сен¬ділігін арт¬тыруға шет елдерден келіп жатқан дәрі-дәр¬мек¬тер көмектесе ме» деген сұраққа тоқталар болсақ, оның барлығы да көмектеседі. Белсенділікті бірден арттыратын дәрілер бар. Мәселен, «Виагра», «Сиализ»… Алайда олар¬дың барлығы уақытша көмекте¬седі. Сондықтан оларды үсті-үстіне қолданудың қажеті жоқ, әрі күнде пайдалануға да болмайды. Гипер¬то¬ниялық, басы ауыратын аза-маттар оны қолдану арқылы ден¬саулығына зиян келтіруі мүм¬кін. Ал ағзаны қалпына келтіруге ар¬налған дәрілер арқылы ауру¬хана жағдайында емдеуге болады.
Қалалардағы «Отбасы және неке» орталықтарында да андролог мамандар жігіттердің жанына әсер ететін «аурулардан» айығуға кө¬мек¬тесе алады.

Әйелдердің көңілін тапқың келсе, көп нәрсені құпия ұста

Арулармен арадағы қарым-қатынастың ашықтығы өте жақсы. Алайда осыны пайдаланып, олардың алдында кез келген мәселе төңірегінде немесе өзіңіздің ішкі ойыңызды бүкпесіз айта беруге болмайды. Яғни кейбір мәселелер адамның ішкі құпиясы саналуы тиіс. Ол сізді әйелдермен түкке тұрмайтын мәселеге бола ренжісіп қалмаудың алдын алады. Ендеше, төмендегі кеңестерімізге назар аударыңыз.

Өтіріктің де зияны бар
Сіз өз әйеліңіздің немесе таныс әйелдің алдында да өз мүддеңіз үшін артық әңгіме, әсіресе, өтірік айтпаңыз. Өзге әйелдер туралы асы¬ра айтқан пікірлер сізді сенімнен айыр¬уы мүмкін.
Бизнес құпиясы
Сіз әйеліңіздің не таныс бойжеткеннің алдын¬да өз карьераңыз туралы ашып айта бермеңіз. Оның сізге қатысты барлық жағ¬дай¬дан хабардар болуы, қыруар қаржыны қалай тауып жүргендігіңізді білуі міндетті емес. Сіздің фирмаңыздың табысқа жетуі құпия күйінде қалғаны дұрыс.

Отбасылық құпия
Сіздің әжеңізбен немесе ата-анаңызбен ренжісіп қалғаныңыз таныс аруға түкке қатысы жоқ. Сондықтан отбасылық кикілжіңді ішкі құпия ретінде сақтаңыз. Өйткені басы артық әңгіме қызды түңілдіргеннен басқа пайдасы жоқ.

Сіз армандаған ару
Сүйіктіңізбен сырласу барысында басқа қыздардың немесе көшеде кездесіп қалған ару-лар¬дың төсінің көз тартатындығы, аяғы¬ның түзулігі, балтырының толықтығы, құлын мүшесі туралы әңгіме айта бермеңіз. Мұн¬дай әңгіме сізге қызық болғанымен, оған жаныңыздағы кез келген бойжеткен рен¬жіп қалады.

Сүрінсеңіз – сақ болыңыз!
Сіздің тиянақсыздығыңыз достарыңыз¬дың күлкісін келтіруі мүмкін. Бірақ қандай жағ-дайда да осындай әрекеттерден сақ бо¬лыңыз. Өйткені аз ғана кемшіліктің өзі сізге көлеңке түсіріп, «жолы болмаған жігіт» деген атқа қалдырады. Ал мұндай жуан¬ жұдырық¬ты¬ларға арулар үнемі күдікпен қарайды.

Бұрынғы қыздардан қол үздіңіз бе?
Кейбір жігіттерде танысқан қыздары тура¬лы «ақпарат» жинап жүретін әдет болады. Жақын дос түгілі, сырлас қыздар¬дың өзі мұны дұрыс түсінбейді. Сондықтан тізімді жасырын ұстаңыз. Егер сіздің сүйген қызыңыз оны тауып алар болса, онда… сүйіктіңізбен қоштасуға тура келеді.

Жалаңаш суреттер жинамаңыз
Көптеген әйелдер порнографиялық жур¬нал¬дар мен кассеталарды «төсекқұмар жі¬гіт-тердің ермегі» деп санайды. Сол себепті мұн¬дай өнімдерді сүйіктіңізге көрсетпеңіз. Өйт-кені өзіңізге деген сенімді жоғалтып ала¬сыз.

Жалақы да жасырын болуы тиіс
Сіз дос қыздарыңызға қанша жалақы ала¬тындығыңызды ешқашан айтпаңыз. Себебі ақша да белгілі бір рөл атқарады. Ендеше, болашақ жарыңыз сізді ақша үшін емес, шын сүйетіндігіне көз жеткізгенше шы¬дай тұрыңыз.

Құпияға қалай қарайсыз?
Егер достарыңыз сізбен әлдебір құпияны бө¬ліс¬се, ол туралы ешкіммен ой бөліспеңіз. Өйт¬кені сізге сеніп айтылған әңгіме бір бә¬ленің басы болуы мүмкін.

Бетті дайындаған
Жолдасбек ДУАНАБАЙ
«Айқын» басылымы

Әжім еркектердің мінез-құлқынан хабар береді

Горизанталды әжімдер: ер адамның маңдайындағы бір немесе үш сызық байсалдылықты, өзіне деген сенімділікті, энергиясының күштілігін және өмірінің мәнділігін байқатады. Бұндай адамдардың шамына тию еш нәтиже бермейді. Ұрыс-керістен бойын аулақ ұстайтын типтер саналады.
Егер маңдайға түскен әжім сызықтары үшеуден көп болса, экспериментті ұнататындығын дәлелдейді. Өмірге, махаббатқа атүсті қарайды. Егер әжімдер толқынды болса, өз өзінің қарабасын ойлағанды ұнатады. Бұндай адамдар ашуланшақ болады.

Маңдайына әжім түспейтіндер кез-келген нәрсеге ынтық емес. Вертикалды яғни мұрынның айналасына түскен әжімдер ер адамның елдің пікірін ескермей, өз дегенінен қайтпайтындар.
Мұрын мен еріннің төңірегіндегі сызықтар: адамның сезімтал екенін білдіреді. Бұлар байсалды, адамдарға аса бір мархаббатпен қарайтындар. Сезімталдығы жоғары, кез-келген жағдайды өзінен өткеретін, айналасындағы жандарға ашып тұратын еркектер. Бұндай адамдар әркез өздерін жайлы ұстайды, жүйкесін бос нәрсеге тоздырмайды.
Иектің айналасындағы әжімдер, беттен төмен орналасса сентименталды, ұстамды, аузынан шөп ала алмайтын азамат екенін аңғартады. Сақтықпен жүретін, көп нәрседен бойын алшақ ұстайтындар.

Мақала www.president.org.ua аударылды.

Дүкен кезген еркектің іздегені не екен?

Британдық психологтар ұзақ жылдар бойына жүргізген тәжірибе барысында «джентльмендердің» 70 пайызы дүкен аралау барысында нағыз «аңшыларға» айналатындығы анықталған. Өйткені олар ешқандай зат сатып алмаса да сөрелерде сырты жылтыраған тауарларға қызыға қарағанды ұнатады. Керісінше әйелдердің 80 пайызы дүкенге кіргенде міндетті түрде бірдеңені қолтығына қыстыра шығуға дағдыланған.

Әрі олар орман ішінен саңырауқұлақ іздеген адамдардай асықпайды, сабыр сақтап, бір затты алу үшін тауарды сағаттап тұрып қарайды. Өкінішке қарай, жігіттердің жүйкесі жұқалау. Еркектер есіктен кіре асықпауға тырысқанымен, бірінші кезекте өзіне аса қажетті затты табуға тырысады. Дүкен ішінде ұзақ жүрсе де жүрісі шапшаң, сөрелерге көз тоқтата алмайды. Сараптама қорытындыларына қарағанда, британдық «аңшылар» сауда орнына барған жағдайда кемі 72 минут уақытын сарп етсе, бұл шаруаны орыстар 20 минутта реттейді.
Еркектерге дүкенде ұнамайтын бір ғана нәрсе – кезек. Қанша зәру зат болса да ерлер кезекке тұруды жаратпайды. Сондықтан болар, көп жағдайда тауарды кезексіз алуға тырысатындар арасында бір-біріне жұдырық ала жүгіретіндерді жиі көруге болады. Сатушылардың сөздеріне қарағанда, жуанжұдырықтылар әйелдерге қарағанда ең сенімді тұтынуны. Ол дүкеншіден бір затты сұраса, оны ұзақ уақыт не аларын, не алмасын білмей, әр¬нәрсені сылтауратып тұрмайды. Ұнады ма, бітті. Ақшасын санап береді. Алайда әйелімен бірге қыдырған жігіттің жүй¬кесі азық-түлік немесе киім-кешек толы сөмкені көтеруден-ақ шаршайды.
Қысқасы, «магазиномания» дертіне шалдыққан отағаларының қатары күн санап өсуде. Мәселен, Батыс елдерінде жігіттердің 5 пайызы, тіпті сауда-саттық қызығымен жүріп «ауру» тапқан. Бір ерекшелігі, олардың дені қалталылар емес, тұрмысы орташа отбасылардан. Енді бұл әдет адамға қандай зиян немесе пайда әкелетіндігін ой елегінен өткізіп көрейік. Егер жұмыс уақытында қыдырып кетпесе, бос уақытта дүкен аралаған әйелге де, еркекке де пайдалы. Біріншеден – адам айналасында не болып жатқанын, адамдардың күнделікті тіршілігін бақыласа, екіншіден – бұл миға массаж жасаудың бір түрі.
Бірақ басты мәселе ақшаға тірелетіні анық. Мысалы, британдықтар дүкенге бір бас сұққанда жүйкесін жұқартпай-ақ ай¬лық жалақысының үштен бір бөлігін жұмсап қояды. Бұл жағынан орыстар өте сақ қимылдайтын көрінеді. Ал қазақтардың арасында «ақшадан тау тұрғызған» байлар теңгенің бетіне қарамайды. Қара нан мен қара шайға қараған қазақ¬тар ғана қаржыға келгенде, қытымырлығын көрсетіп алады. Сонымен қатар, зерттеулер көрсеткендей, ерлердің сауда-саттыққа араласуы әйелдерге қарағанда қауіпті екенін ескерте кеткеніміз дұрыс. Олар дүкен ішіне кірген бойда айналасына жіті назар аудармастан, өзіне керекті зат тұрған бөлімге бірден ентелей жетіп барады. Расын айтқанда, әйелдер секілді заттың бағасына бас ауыртып, саудаласып жатпайды. Ал үйде аһ ұрып қалатын баяғы әйел. Бір мысал: май құю стансасындағы дүкеннен әдемі пышақ көрген еркек әйелін қуанту үшін сатып ала салады. Сол пышағыңыз базарда өте арзан. Осыдан соң әйелдер күйеулеріне зат сатып алуға қалай сенсін? Басы бәлеге қалып, нәзікжандылардың жынына тиіп, ауыр сөз естиді.
Лондонда жүргізілген сауалнама барысында жігіттердің сауда-саттыққа араласуының соңы олардың көпшілігінің денсаулығына зиян екені анықталған. Тіпті араларында ауыр сөзді көтере алмай, жүрек дертіне шалдығатындар да бар.
Сізге қарапайым тілмен түсіндерер болсақ, әйелдер мен еркектер дүкенде өздерін түрліше сезінеді. Өйткені заттың бағасы мен сапасы жұмсалған қаржыға тати ма? Бұл сауалға екі жыныстағылардың берер жауабы әртүрлі болып шығады. Мәселенки ерлер оған соншалықты мән бермесе, әйелдер үшін ол өте маңызды. Арулар жағы кейде сапалы затты қымбатқа алса да, өзгелерден қуанышын жасыра алмайды. Өкінішке қарай, мұндай сезімге берілу жігіттер жағында бола бермейді. Осыдан барып стресстің кімге қалай әсер ететіндігі анық байқалады.
Әйелдер электродүкендерге кіргенде күйеуінің көзіне қараса, жанарынан қуаныштың ізін байқай алады. Дәл осындай көріністі ерлер әйелімен ыдыс-аяқ немесе киім-кешек дүкеніне барғанда наық байқайды. Басында баспанасы жоқ отағасының өзі құрылыс заттары базарын ұзақ уақыт алаңсыз аралайды. Сағат алар болса, оның бүге-шігесін жалықпай сұрайды. Олардың жанында шүйкебастар дүкенді тез-тез аралағанды ұнатады. Бәрінен де қызығы, соңғы жылдары кейбір дамыған елдерде ерлерді саудаға қазіргіден де жиі тарту үшін психологиялық қызмет жандана түскен. Ірі супермаркеттер арнайы ерлер залын ашқан. Батыс елдерінде ерлерге арналған сауда залдарының арнайы тұжырымдамасы жасалған.
Мамандардың пікіріне қарағанда, тек шығармашылыққа бір табан жақын адамдар сауда-саттыққа да икемді келеді. Ал интернет арқылы сауда жасайтындардың басым көпшілігі – еркектер. Олардың 42 пайызы интернет-дүкендердің сайтына кіруде алдыларына жан салмайды. 41 пайызы сәтті сауда жасаса, 45 пайызы тауар туралы ақпараттарды ақтарып, өзге жерлердегі бағалармен салыстыруға көп уақытын жұмсайды. Негізінде олардың 35 пайызы ғана нақты сауда жасайды. Енді өздеріңізге берер кеңесіміз біреу: Егер әйеліңіз базар жағалауды жаны сүйсе, мұндайға сіздің әуестігіңіз болмаса, оған ілеспегеніз дұрыс. Ондай жағдайда жүйкеңіз сыр беріп қалуы мүмкін. Ал денсаулық бәрінен де қымбат.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
Британдық жігіттер дүкен аралау барысында сұлу қыздар мен көрікті келіншектерге көз тастауды да ұмытпайды екен. Орта есеппен алғанда британдық ерлер өз өмірінде алты айды нәзік жандарға көз сүзумен өткізеді.
Әр еркек күн сайын біріне-бірі ұқсамайтын сегіз аруға көз қырын салады. Бұл кезде әрқайсысына кемі екі минут уақыт жұмсайды.
Жігіттердің бірден көзі түсетін нүкте анары, содан соң – қасы мен аяқтары. Өз кезектерінде арулар да күніне екі жігітке орта есеппен бір минуттай көз тоқтатады. Сөйтіп, өз өмірінің бір айын ғана мұрттыларды бақылауға арнайды.
Ерлер арасында жүргізілген сауалнамаға жауап берген жігіттердің жартысынан көпшілігі «мұндай «бақылаудың» ешқандай сөкеттігі жоқ» деп есептейді. Ал әр үшінші еркек көзі түскен аруды «құшып» тынғанын жасырмаған.

Мақала «Айқын» басылымынан алынды.

Еркектерде махаббат бола ма?

Жер бетінде адамзат пайда болғалы бері «Махаббат деген не, ол неге керек?» деген сұрақ баршаны толғандырып келеді. Бір қарағанда, махаббат нәзік жандар – әйелдердің бойында ғана болады, соларға ғана тән секілді көрінгенімен, ол – ерлер үшін де аса қажет екен. Бірақ медициналық зерттеулер барысында анықталған жағдай, жігіттерге қарағанда арулар махаббаттың шырқау шегіне жеткенде «қанағат» сезімін жан дүние-сімен сезінуі тиіс. Ол – осылай болуға тиісті және міндетті құбылыс көрінеді. Мәселен, Эдинбургте дәрігерлер ауруханаға түскен 44 жастағы әйелді бақылау барысында, оның төсек қатынасында үнемі қанағаттанбайтыны анықталған. Терең зерттей келгенде, невропотолог Поль Рединг науқас әйел миының оң жақ бөлігі зақымданғанын анық-таған. Өйткені ол – төсек қатынасы барысында әйелдердің қанағат алуына жауап беретін бөлік. Ал ерлерде бұл қызметті мидың басқа бөлігі атқарады. Неге?

Зоолог Мори Десмонд нәзік жандылар өздері қалаған төсек қатынасынан барынша қанағат тапса, олардың бала көтеру мүмкіндігі соғұрлым артатындығын құлаққағыс жасайды. Өйткені ләззат алу барысында бөлінетін спермалар сол кезде ғана «өз деге-ніне» жетеді. Бір ерекшелігі, төсекте бір қырынан жатып жыныстық қатынасқа бару айымдарды рақат сезімге бөлегенімен, жүктілік мүмкіндігін анағұрлым азайтады.
Осы мәселені бүге-шігесіне дейін зерттеп жүрген ғалым Берри Комисарук қозу сезімін оятатын химиялық нейромедиатор ойлап тапқан. Бұл әйел атаулының ерлерсіз де «күн көруіне» септігін тигізсе де, еркекпен бірге бір көрпенің астында жатқандай әсерге бө-лемейді. Осы тектес зерттеулерден соң ғалымдар «махаббат бірінші кезекте әйел атаулының бойынан байқалады» деген қорытынды жасаған. Алайда ерекше сезімге шектен тыс бөленгендер, тіпті ақымақ әрекеттерге дейін барады.
Жақында итальяндық ғалымдар бір топ ғашық жігіттер мен қыздарды бақылау барысында, олардың 40 пайыздан астамында белок сапасы азайып, нейрондармен арада химиялық қатынас түзілетіндігін анықтаған. Осының салдарынан адам ағзасында реакция баяулайды. Оның бірінші кезеңінде адам тез арада неврозға ұшырауы мүмкін. Ғашықтықтың 6 немесе 18 айы аралығында бойды өртеген сезім біртіндеп жойылады немесе қандағы белок құрамы одан әрі көбейеді.
Америкалық дәрігерлер «сағыныштан сарғайған» бозбалалар мен бойжеткендердің бойында түрлі жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет көтеріліп, ол түрлі созылмалы дерттердің жойылуына ықпал ететінін айтады. Ол қан құрамындағы иммуноглобулиннің артуымен байланысты екен. Демек, ғашықтық дерті адамға бірқатар пайдалы жақтарымен құнды. Ал ғашық сезімді «ішке түсіріп» алу немесе құса болу – қауіпті. Өз дегеніне жете алмаған жігіттер арасында жанын өз қолымен қиятын-дардың да кездесетіні осы құбылыспен тікелей байланысты.
Енді «әйелді қандай еркектер қанағаттандыра алады?» деген сұраққа келсек, мұрны үлкен, аласа жігіттердің жөні бөлек көрінеді. Алайда мұны жоққа шығаратындар да бар. Кейбір ғалымдар «мықтылықтың бәрі еркектің аяғында жатыр» деген болжам айтады. Ер адамның жамбас сүйегі қанша ұзын болған сайын, ол соншалықты қызуқанды келеді. Дегенмен осы саланы зерттеуші сексологтар төсек рақаты кезінде физикалық және психологиялық факторларды да ұмытпау керектігін еске салады.
Мамандар сексуалдық мөлшер деген ұғым да махаббат мәселесінде үлкен роль атқаратынын баса атап көрсетеді. Ерлер үшін өз ғұмырында кемі 10 – 12 әйелмен болу үйреншікті жағдай екен (Тіпті бұл процесс отау құрмай тұрып та басталып кетеді). Мұндай әрекеттерге баратын ерлер, негізінен, үлкен қалаларда тұрса, аз бөлігі ғана ауылды жер тұрғындары. Енді арулардың ер-азаматтардың жетегіне неге тез еретіндігіне назар аударсақ, олар өздері қанағат алатын жігітті кездестірмейінше жанын қоярға жер таппайды. Бұл – махаббат сезімімен астасып жататындықтан, тұңғиық сезім әйелдердің қанында басым екендігі бірден аңғарылады. Жігіттерді жұп болып жаңа өмір сүруге итермелейтін де әйелдер. Оларды бас айналдырар ләззатқа бөлеуге асығатын жуанжұдырықтылар көп жағдайда өздерінің қалай торға түсіп қалғандарын сезбейді. Қалай десек те, арулардың арманы орындалып, бақытты болуы бәрінен де қымбат. Сол себепті қаракөздерге махаббат отын өшірмеуді ғана тілейміз. Бикештердің бір жадында жүретін жағдай, олар қаншалықты тез жүкті болуды қаласа, басқа кездерге қарағанда, шайды екі есе жиі ішуі тиіс. Себебі шай құрамындағы полифенолдар мен ксантиндер, жұмыртқа клеткаларына қолайлы әсер етеді.

Мақаш Тәтімов, ғалым-демограф:
– Еркектер шын махаббатты әйелдер жағынан тосады. Өйткені олар үшін әйелмен жақындасу – күрделі мәселе. Үйлену керек, бала туу керек, бірге өмір сүру керек. Оның барлығы ерлер үшін ермек секілді көрінсе, әйелдер үшін ол – қажеттілік және маңызды. Сондықтан арулар бұл мәселеге өте жауапты қарайды. Еркек адамдар табиғатынан «охотниктер». Ол алдынан не кездессе, соны «атып» алады. Әйелдерді де солай көреді. Бірақ әйелдердің махаббатын аяқ асты етуге болмайды. Қайта оны биікке көтеру, ардақтау қажет.
Қазір біздің әйелдердің арасында халықты өсіретіндерден «өшіретіндер» көп. Біз әлі күнге «әйел бізді өсіреді» деп келеміз. Өсіретіні рас, бірақ араларында «өшіретін» әйелдер жеткілікті. Мәселен, олар аборт жасайды, бала көтертпейтін дәрі-дәрмектер пайдаланады, бір жылға қойылған спиральмен үш жылға дейін жүреді. Сонымен, өздері ауруға ұшырайды. Осылайша Батыстың өнерін үйреніп алған келіншектер көп. Мынау гендерлік саясат деп жатырмыз, оған мен қарсы емеспін. Егер ол біздің демографиялық, ұлттық мүддемізге қарсы болса, гендерге мүлде қарсы болуымыз керек. Біздің әйелдер онсыз да бостандықта жүр. Ол өзбек не тәжік әйелі секілді отбасы, ошақ қасында отырған жоқ. Тіпті өз дәстүр-салтынан шыға алмай жүрген қырғыз бен түрікмен әйелімен де салыстыруға келмейді. Бұл жағдайда әйелдердің мінез-құлқына қатты көңіл бөлген дұрыс.
Махаббат бала туумен ұштаспаса, оның бәрі бос нәрсе.

Жанар Мұқашева, журналист:
– Махаббат пен сезімді шатастыруға болмайды. Сезім деген балаға да байланысты қатысы бар. Баласыз өмір сүре алмайсыз Ал махаббатсыз өмір сүруге болады. Ол жүрек түпкірінде жатады. Бірақ сіз күнделікті тіршілігіңізді жалғастыра бересіз. Дегенмен сіздің жүрегіңіздің түкпірінде «әттеген-ай» деген өкініш жатады. Өйткені өзіңізге ұнаған қызға бірден қол жеткізу мүмкін емес. Алайда ол – сезім емес, махаббат. Сіз ғашық болып үйленген күнде де, екінші адамға ғашық болуға ештеңе кедергі келтірмейді. Сол себепті махаббат тек әйелдерге тән құбылыс.

Сіз өз мақсатыңызға қалай жетесіз?
Ерлер мен әйелдер өз мақсатына жету үшін түрлі айла-шарғыны қолданады. Оның ішінде төсек «төңкерісі» де бар. Тіпті дәл осы мәселеге келгенде, кейбір жігіттер басынан кешірген оқиғаларды мақтанышпен айтқанды ұнатады. Бұл «қасқырдың бөлтірігін қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген қағиданың еркектерге қатысы барын аңғартады.
Тіпті ер адам өзі ұнатқан аруды «СПИД-пен ауырады» деп жамандасаң да, сенбей, онымен бір түнеуді қалайды. Ол қаны басына шапқанда, қуатын да ескермейді. Осыған байланысты айтар бір ерекшелік, нәзік жандылар өзін әрдайым бабында ұстаса, жуанжұ-дырықтылар кез келген уақытта өз қуатын барынша көрсете алмайды. Бел қуатының мықтылығы да осындайда белгілі болады.
Бәрі жақсы делік. Алайда жігіттер жағы төсекте тау қопарар күші барын қандай жағдайда да пайдаланып қалуға тырыспағаны жөн көрінеді. Біріншіден, әйелдер – әлсіз, екіншіден – тез шаршайды. Ал еркек әйелге ойына келгенін істеуі – қауіпті. Әсіресе жыныс мүшесі ұзын еркектер арулардың денсаулығына зиян келтіреді.
Ерлер өз мақсатына жетудің сан түрлі амалдарын жетік меңгерген. Дегенмен соның барлығы да аруларды ашуландырып, жүйкесіне тимеуі тиіс. Тек мәдениетті қарым-қатынас, бел босатуға әйелдің ықыласы да ауып тұрғанда ғана ең бақытты сәттерді бастан кешіруге болады. Психолог Зәуреш Иманғазинаның сөзіне қарағанда, дәл қазақ жігіттері арасындағы төсек мәдениеті өзге ұлттарға өнеге бола алады. Оны басынан кешіріп жүрген еркектер жақсы біледі.

Дерек
«Презерватив төсектегі ең жауапты кезеңде неге орнында тұрмайды?» деген сұраққа жауап іздеген үнділік және испандық зерттеушілер
16 ұлттың өкілдері арасында зерттеулер жүргізіп, барлық мәселе «алтын балғаның» көлеміне байланысты деген шешімге келген. Өкінішке қарай, бұлардың арасында қазақтар мен африкандықтар жоқ. Дәрігерлердің көзіне ерекше түскен жағдайлар мыналар: Орта есеппен француздардікі – 16 см., итальяндықтардікі – 15 см., америкалықтардікі – 12, 9см., жапондардікі – 13 см.,үнділіктердікі – 10,2 см., оңтүстіккореялықтардікі – 9,6 см. Алайда жігіттердің барлығы мәселенің мәнісі «көлемде» еместігін құлаққағыс жасаған.

Мақала сілтемесі: «Айқын» басылымы.

Тағамдар

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.


*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

Әр түрлі

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезіге

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]

Түрлі-түсті

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

Құстар

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

Төрт түлік

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

Аңдар

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.