«ӨЗІМЕ ЖЫНЫМ КЕЛЕДІ» немесе ӨЗГЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Әдемі, келбеті келіскен сылқымды көрсеңіз, мысыңыз басылып, үнемі көпшілік ортада өзіңізді ыңғайсыз сезініп, кетуге асығасыз ба? Жасаған әрбір ісіңізді ұнатпай, басқаша жасамағаныңызға өкініп, сәтсіздіктерді жаза деп ойлайсыз ба? Айна алдында тұрып, мұрныңыздың жалпақтығына, беліңізде жиналған майға, бойыңыздың қысқалығына көңіл-күйіңізді түсіретініңіз тағы бар. Құрбыңыз «мына көйлек саған керемет жарасып тұр» десе, «ой, қойшы, қайдағы?! Дым жарасып тұрған жоқ» деп жауап беруіңіз әбден мүмкін. Себебі, комплиментті кекету сияқты қабылдауға үйреніп кеткенсіз.
Өзіңізге өзіңіздің көңіліңіз толмай, өзіңізге ұрысудың себебі неде?

Өзіңізді жиі сөгудің себебі балалық шағыңызбен тікелей байланысты. Кішкентай кезіңізде ата-ана тарапынан есіткен сөгістерден, «жұрттың баласын» үлгі тұтуынан, кішкентай жетстігіңіз болса да, мақтаудың жетіспеуінен өсе келе, өзіңізге деген қарама-қайшы көзқарас пайда болады да, сіз үшін «сырттың» мақтауы мен сөгісі маңызды болады. Күткен жылы сөзді, тамсануды есіте қоймаған соң өз-өзіңізді іштей «мүжи» бастайсыз.

Жақсы қасиеттеріңізді бағаламай, өзіңізді жақсы көрмегеннің салдарынан сенімсіздік пайда болады. Ал сенімсіздік кез келген ісіңізді теріске шығаруы мүмкін. өзіңізді сыйламағандықтан айналаңыздағы жандардың құрметіне ие болу да қиын. «Мен бәрінен төменмін» деген ішкі ойыңыздың аяғы күйзеліске ұласады.

1. Айналаңызға жаңаша көзбен қарап, өзіңіздің қаншалықты қадірлі тұлға екеніңізді сезіну үшін ең алдымен өзіңізді басқа адамдармен салыстыруды қойыңыз. Құрбыңыздың аяғы оқтай түзу болса, сіздің одан көзіңіз өте әдемі болар. Бойыңыздағы жақсы жақтарды бағалай біліңіз, өзіңізді жақсы көріңіз.

2. Барлық мақтаулар мен жағымды пікірлерге «артық ештеңесі де жоқ» деген жауапты емес, әдем жымиып, «рахмет» деген жауапты қолданыңыз. Бағалап тұрған мақтау иесіне сіз туралы теріс ойды өзіңіз салып бермеңіз.

3. Көзіңіз жиі түсетін жерлерге, мысалы, тоңазытқыш бетіне, әмияныңыздың кредиттік карта салатын орнына, айнаның жанына, жұмыс орныңызда анық көрінетін тұсқа «Мен ең тартымды жанмын! Өмірде тек бақытқа лайықпын!» деген сөйлемді жазып, көрген сайын қайталап жүріңіз және оған сеніңіз. Миға жатталған бұл сөз өзіңізге деген құрметтің молаюына көмектеседі. Ұйықтар алдында да, оянғаннан соң да үнемі осы сөздерді қайталап жүріңіз.

4. Көңілді жүретін, өзіне сенімді адамдармен көп араласуға тырысыңыз. Әңгімеңіз жарасатын, сізді қолдайтын адам маңызды тұлға екеніңізді дәлелдейді. Кері әсері бар адамдармен алыстан сыйласқаныңыз дұрыс.

5. Өткен өміріңізде қол жеткізген жетістіктеріңіздің тізімін құрыңыз, тіпті кішкентай ғана қуаныш болса да. Және дәл сол жетістікке жеткен уақытыңызды еске түсіріңіз. Ол жетістікке жетудің өзі – бақыт.

6. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз, ән салыңыз, би билеңіз, тігіс тігіңіз, сурет салыңыз. Сүйікті іспен айналысқанда миыңыз тынығып, көтеріңкі көңіл-күйге ие боласыз.

7. Өзіңізге адал болыңыз,сеніңіз. Сөзіңізде тұрыңыз. Қалай өмір сүргіңіз келеді, солай жасаңыз. Сырт көз сізді мақтап жатыр ма, даттап жатыр ма, ең бастысы, сіз жайлы айтуда. Сіз елеусіз жан болсаңыз, сізді олар мүлде танымауы да, елемеуі де мүмкін еді.

8. Әрекет етіңіз! Егер бір орныңызда өзіңізді құрбыңызбен салыстырып отыра берсеңіз, нәтижеге қол жеткізбейсіз. Сұлулыққа ұмьылыңыз, әдемі, әсерлі сөйлеуді, кербездене жүруді, маңғаздана күлуді айна алдында бірнеше рет қайталап, әдетке айналдырыңыз.

Сіз – мүмкіндігі мол, әлеуетті, бірегей тұлғасыз. Осыны ұмытпаңыз!

Categories: Секс

Comments

  1. назгул 10 Ақпан, 2012, 11:31

    барлык адам адеми,сол табиги адемиликти сол калпында сактап калу ушин оз -озин куту керек,жалпы махаббат озинен басталады озинди суйсен сени баска жаксы кореди,айна алдында оз озин мактаса ол керемет танертен жумыска барар алдын да мен сылумын,мен корикти мин ,мен батырмын ,мен ожетпин ,мен бакыттымын ,мен адеми мин ,мен халыктын ерке кызымын ,0мен алланын сыйы мын ,деп ойтса кандай керемет

    Reply this comment
  2. Жанар 3 Сәуір, 2012, 01:48

    Курметті ЗАМАНДАСТАР…! Сулулык бетте емес журекте екенін умытпайык.! Адам баласында ар-уят,намыс,адамгершілік,сыйластык болуы керек сонда гана сен бул камшынын сабындай кыска омірде,айналандагы адамдармен,достарынмен,жакын адамдарынмен карым-катынасын жаксы болады емес пе?!

    Reply this comment
  3. Ажара 15 Қазан, 2012, 13:44

    қиналмандар құдайдын бергеніне тәубә дендер

    Reply this comment
  4. Jakon 20 Қазан, 2012, 17:05

    Салем достар.Арық болу…… Бұл не өзі ең бастысы қудай аяқ-қолыңды кемсітпей бергеніне рахмет айтып риза болу керек емеспе кейбер жандар арықтау ушин дәрі ішіп ен сонында денсаулығына нұқсан келтіріп алады Денсаулық тың жаңасын қайдан сатып аласын

    Reply this comment
  5. Арайлым 21 Желтоқсан, 2012, 20:11

    Я айтылып жаткан ойлардын барлыгыда дурыс.
    Ар адам бр жеке тулга.
    Ар адамнын оз ерекшелiгi, оз сулулыгы болады.
    Аллахтын бергенiне окiнбеу керек.
    Озiнiздi озгелерден сулумын деп айткан жаксы шыгар.
    Бiрак озгелердi озiнен кем кормегенде жон сиякты.
    Сулу болыныздар, ерекшеленiнiздер брак iшкi сулулыкты да умытпаныздар.

    Reply this comment
  6. Ulik 23 Наурыз, 2013, 20:19

    Turin jaman bolsa,ainaga okpeleme:-)

    Reply this comment
  7. Айко 29 Наурыз, 2013, 20:57

    Адам өзі туралы не ойласа ол сондай адам болып шығады.Мысалға өзіңді әдемі емеспін ұсқынсызбын деп ойласаң сондай боласың.Сондықтан адам өзі қандай болса да өзін әрдайым жақсы көруі керек!!Мейлі ұсқынсыз бол,мейлі тартымсыз бол бәрібір сен өзіңді сүю керексің сонда ғана ішкі жан дүниең де сыртқы келбетің де толығымен өзгереді!!!Ең бастысы өзіңе әлдеқайда СЕНІМДІ бол!!!

    Reply this comment
  8. Нурия 27 Сәуір, 2013, 21:01

    мен -з3ме жыным келмейд3

    Reply this comment
  9. Айгерим Конусбекова 2 Мамыр, 2013, 13:59

    Salem dostar. Ya men Aiko nin aitkandarimen tolik kelisem.adam ozn silasa jaksi korse iside alga basatin siakti.eger ozime keler bolsam sungak boili kasi kozi kiylgan kiz bolmasamda,bilmim men kim ne aitsada ozimdi iw iwtei ote jaksi korem mumkin osi kasietim arkili adamdardi tarta alatin wigarmin )agai-apailarimda kurbi kurdastarimda aigerim aigerim dep meni ote jaksi kored mende olardi jaksi korem bul men uwin ulken bakit))

    Reply this comment
  10. алтынгул 7 Мамыр, 2013, 19:24

    керемет акылынзга коп коп рахмет

    Reply this comment
  11. Ulserik 30 Мамыр, 2013, 14:00

    sizderge kop kop rakmet

    Reply this comment
  12. Дина 13 Шілде, 2013, 14:26

    Мен сулумын, тартымдымын, мен бакытты адаммын, мен озимди шексиз катты жаксы коремин..озимди ешкиммен салыстырмаимын, озимди силаимын, баскаларда мени силаиды, достарыммен общением жаксы, армандарымнын бари жаимен орындалуда, корикти сулу болып жатырмын., менин мамам маган аитатн озинди суй, озине сен, иштей озинин жаксы касиеттеринди аитып жур деп..8класстан бастап аитканмын, жатсамда турсамда ал казир адеми биреудин асылдыда, адал жарымын озим 1996жылгымын, 16ж турмыс курдым суиген жигитиммен..мен озимди суйгендей, жолдасымда менин шексиз сулулыгымды,акылымды суйеди

    Reply this comment
  13. Тағыберген Назерке 13 Шілде, 2013, 23:37

    менің ойымша- Адам өзінің табиғи сұлулығын бағалай білу керек.

    Reply this comment
  14. лейла 19 Шілде, 2013, 11:53

    ақылдарыңа рахмет

    Reply this comment
  15. улпан 26 Ақпан, 2014, 12:48

    менин ойымша сулулык бетте емес журекте,Соны кеййбиреулер тусинбейдиииии,Ол озин канша жерден сулумын дей берсин бирак жан дуниеси сулу болмаса онын бекер деп ойлаймын

    Reply this comment
  16. nazly ayankyzy 1 Мамыр, 2014, 10:43

    kalai ozherem?

    Reply this comment
  17. Арайлым Мырзахан 12 Наурыз, 2015, 09:25

    мен калай агаруыма болады класта кыздардынбари аппак мен ак карамын соган байланысты агарума комек тесиниздерши

    Reply this comment
  18. жадыра 27 Наурыз, 2015, 08:44

    Menin jasim 20DA mrn sriktagim keledi bir kizim bar bosangan son semirip kettm kalay ariktauga boladi

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*