СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

Бірнеше сәтсіз түскен суреттеріңізге қарап, фотоаппараттың жанына жақындамау мүлде дұрыс емес. Суретке көп және жиі түсіп тұру қажет. Ол тек сурет қана, ұнамаса, өшіріп тастайсыз. Көптеп суретке түсу барысында өзіңізге өте қолайлы, сәтті кейіпті (поза) айқандайсыз.

«Дайындал! Түсірем! Жымиыңыз!» деген сияқты сөздерді ести сала, қақиып тұрып қаламыз да, бетімізге жалған жымиыс үйіреміз не қабағымызды түйіп, қатулы кейіпке енеміз. Бұл жағдайдан сәтті сурет күтпегеніңіз жақсы. Киіміңізді, аксессуарыңызды, шашыңызды қолданып, қимыл қосыңыз, түрлі эмоцияларды салыңыз. Қимылы мен сюжеті бар сурет қана ерекше болатынын ұмытпаңыз.

Суретке ашық аспан астында таңда не кешке, күн бата түссеңіз, сәтті шығады. Күн қақ төбеде тұрғанда не бетіңіз тыжырайып қалады, не бейнеңіз тек қаракөлеңке болып қалады.

Фотомакияж

          Жылтыр түс аз болсын. Сапалы суреттің орнына «шатпақ» алмас үшін макияжыңыз жылтырсыз, күңгірт (матовый) түсті болуы қажет. Беттің жылтырын көлегейлейтін (матирующий) опа жағыңыз. Өйткені, бетіңіздің терісі майлы болмаса да, фотода жылтырап қалуы мүмкін. Шашыңызға жылтырағы бар лак сепсеңіз, ол суретте тек ағарып, қайызғаққа «айналады».

Бетімізді «мүсіндейміз». Суретте бетіңіз кескінсіз әрі жалпақ болып қалмауы үшін қоңыр күңгірт түсті еңлік (румяна) немесе қанық түсті опамен жағыңызды, иегіңіздің қырларын, мұрын айналасын аздап бояңыз.

Фотоға түсерде тым қанық және тыс ашық түстерді қолданбаңыз. Ал ақ-қара фотоға түсерде қанық түсті далаптан алшақ болыңыз, ол ерніңізді жіңішке, қап-қара етіп көрсетеді.

Ең сәтті кейіп (поза)

          Бәрімізге келетін ең ұтымды кейіп – бір қырындап тұру.

Топпен суретке түсерде толық қыздарға ортада емес, бір қырымен шетте тұрып түскен сәтті болмақ.

Төменде суретке түсудің бірнеше кейпін ұсынып отырмыз, қолданып көріңіз.

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

Суреттер: 3ladies.ru; takefoto.ru

Categories: Отбасы

Comments

  1. Қыпшақ қызы
    Қыпшақ қызы 5 Февраль, 2012, 00:46

    Жақсы кеңес екен. Мақаланы оқып алдым.Алда фотомодель болып кетпесем жарар еді.))))))

    Reply this comment
    • .Рауана.
      .Рауана. 5 Февраль, 2012, 23:54

      Иәәә, жақсы кеңес екен!)) Ал енді қыздар фотомодель болайық, кеттік!!!))))

      Reply this comment
  2. Арайлым
    Арайлым 6 Февраль, 2012, 15:45

    қажет кеңестер екен!

    Reply this comment
  3. Қыз
    Қыз 9 Февраль, 2012, 11:52

    Фотоға түсу үшін фигура ат болуы керек шығар!!!

    Reply this comment
  4. Асель
    Асель 10 Февраль, 2012, 10:53

    Бірақ мысалда келтірілген суретке түсу кейпінің түрлері қазақ қыздарына келмейтін сияқты.

    Reply this comment
  5. Айка
    Айка 27 Май, 2012, 05:25

    00 керемет кеңес,Айқаракөз рахмеет! Тек мына суреттердегі қыздың дене мүсінін айқын көрсететін әдемі көйлек кигені дұрыстау болар…

    Reply this comment
  6. aruka iz taraza
    aruka iz taraza 7 Декабрь, 2012, 19:05

    jaksi kenes eken, meni kobisi ademisin dep aitat birak fotoga tyskende ujas

    Reply this comment
    • Жандос
      Жандос 21 Апрель, 2015, 07:56

      Кешіріндер арине кыздардын жумысына арласып саган не бар деп айтатындарда баршыгар.бірак оларга жауабым.:булнарсені айту парз.Дурыс тусінгендердін кулагына алтын сырга

      Reply this comment
  7. аружан
    аружан 28 Май, 2013, 00:02

    жаксы кенес арине кыздар ушн

    Reply this comment
  8. ару
    ару 2 Август, 2013, 22:31

    мен бугин кордим. жаксы кенес екен .рахмет.арине адептен озбайык

    Reply this comment
  9. Жарекей Акбопе
    Жарекей Акбопе 11 Август, 2013, 14:13

    Жаксы кеңес екен)))))

    Reply this comment
  10. Ақнұр
    Ақнұр 18 Октябрь, 2013, 13:57

    жақсы кеңес…… мен жасап кордім. тек әдептен озбайык!!!

    Reply this comment
  11. nesi
    nesi 7 Декабрь, 2013, 22:45

    мына жерде еси дурыс фото жок кой!

    Reply this comment
  12. мереке
    мереке 14 Апрель, 2015, 15:11

    kenes jaksiii al fotani jaksi dialmaim norm fota jokkoi

    Reply this comment
  13. Жандос
    Жандос 21 Апрель, 2015, 07:47

    Тек ар намысы жок кыздар осылай денесіні коз коз етіп суйретке туседі.Кыздар апке карндастар естерінді жинандар осылай кімге жаксы корінбекшісіндер мусылмансындаргой

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*