САҒЫНБАҢЫЗ СІЗ МЕНІ…

 

 

Көктегі Ай мен Күндей болды арамыз,
Кешегімнің, кешкенімнің бәрі – аңыз.
Жанды өртеген от сезімді күл қылып,
Бір қырсықтың соңына еріп барамыз.

Хош бол енді! Қарама көз жасыма!
Мен бақыт боп қона алмадым басыңа.
Екі оттың ортасында сенделген 
Сыңар қанат құс едім ғой, расында.

Жаным жүдеп, жүргенінде жүз налып,
Бір құдірет кезіктірді бізді анық.
Маржан тағып қанатымның астына,
Заңғар көкке кетсем дедім Сізді алып.

Аспан жақта бізді күткен бақ бардай,
Арманыма алданған сол шақтарды-ай!
Жазмышымнан оза алмаған жанымды 
Жұбатады арым ғана ақ қардай.

Жанарымда – лағылдай мұң тізбегі…
Жел ұшырған жапырақтай күздегі,
Қалтыраған менің жетім көңілім,
Сізден мәңгі-мәңгі үмітін үзді енді.

Хош бол, менің ерте біткен ертегім.
Сағынбаймын! Сағынбаңыз Сіз мені!!!

Өлеңді жазған: БАҚЫТГҮЛ БАБАШ

9 thoughts on “САҒЫНБАҢЫЗ СІЗ МЕНІ…”

  1. бұл өлен болган жайтты білдіріп турганы анык,енді болганды умытпай,есте калатыны да анык солай жаман мен жаксыны,ак пен караны ажыратып жатамыз гой не деймин керемет,бирак укыт емши, беретин де алла,алатын да бир алла,емдейтин уакыт койдеп тусинемин

    Жауап беру
  2. Бақытгүл Бабаш – жанның нәзік иірімдеріне өзінің себезгі жырымен нұр құяр шуақты ақын! Мұңының өзі сырлы! Сағынышының өзі – сәулелі! Жүрекке жетер жыр жолдары көбейсін, қасиетті қалам иесі!

    Жауап беру
  3. Өлеңіңіз шыныда әдемі әрі әсерлі екен. Бірақ естеліктеріңізді де сақтап қойған дұрыс деп ойлаймын. Бұл менің жеке пікірім.

    Жауап беру

Leave a Comment