ОҚЫРМАН ҚЫЗ

ОҚЫРМАН ҚЫЗ

Оқырман қыз,
Өмірде алыс, 
Өлеңде жақын жанбыз.
Түнге сіңіп, тағы да
Ай жүзінен
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз.

Сен ше, қарғам?
Мұңаймашы, 
Түспесін еңселі арман.
Ықыласын бір саған аударар ем,
Ыңғайыма осы бір көнсе жалған.

Амал нешік?..
Сансыз арман сарылып, санамда өшіп
Дәруіштей дәрменсіз күй кешемін,
Көңілімнің көгінде ғалам көшіп.

Аңғалым-ай!
Жағымды бір болар ма ең жанға бұлай.
Қалам ұстап қолыма сәл мұңайсам,
Саған ұқсап кетеді жап-жарық Ай!

Мөп-мөлдір шық,
Жанарыңнан жас болып кеткенде ыршып,
Жұбанышың болар жыр жазсам, шіркін,
Жүрегіңнен жарғандай КӨКТЕМ бүршік.

Оқырман қыз…
Өмірде алыс, 
Өлеңде жақын жанбыз.
Түнге сіңіп тағы да
Ай жүзінен,
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз…

Оқырман қыз…

Өлеңді жазған: Қалқаман Сарин

Comments

  1. 13
    13 21 Февраль, 2012, 15:53

    Не деген ғажап, мөлдір сезім, ә.

    Reply this comment
  2. Нурзия
    Нурзия 21 Февраль, 2012, 21:26

    Осы өлеңді оқи бергім келеді, оқи бергім! Керемет шыққан.

    Reply this comment
  3. Қыпшақ қызы
    Қыпшақ қызы 22 Февраль, 2012, 19:10

    Соңғы шумақтары әсерлі екен. Әдемі.

    Reply this comment
  4. Айтқалиева Ләйлә Әміртайқызы
    Айтқалиева Ләйлә Әміртайқызы 18 Март, 2012, 20:28

    Қалқаман аға сіздің өлеңдерініз оқып бір сәт өз тағдырыма ұқсас сәттері бар екенін байқаймын…. сондықтан да сіздің өнеріңізді бағалаймын шығармашылығыңыз шындала беруіне шын ниетіммен тілектеспін!!!!! сіз менін жерлесім болады екенсіз менде ШҚО Аякөз ауданы шубартау қниринен боламын.Шығыстан тек текті ақын азамат ағаларымыз шығады ғой сіз сақылды

    Reply this comment
  5. Айгерiм Исаева
    Айгерiм Исаева 24 Июль, 2012, 19:47

    Keremet olen…menin siniptasim El’viraga arnap jazgan goi Kalkaman aga osi olendi

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*