МІНСІЗ ӘЙЕЛ МІНДЕТТІ…

 

МІНСІЗ ӘЙЕЛ МІНДЕТТІ...

Мінсіз әйел деген кім? Ол қандай болуы қажет? Өзін қалай ұстауы қажет? Осы сұрақ төңірегінде әлемдік деңгейдегі ерлер жорналында біраз талқыланған екен. Сондағы ерлердің басым көпшілігі қалайтын қасиеттерді ұсынамыз.

Ерінің сырт келбетін назарда ұстау.

Қазіргі заманда ер адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай, киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол өз ортасында, әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады. Киімі кірден көз ашпай, үтіктелмеген жейдемен жүрген еркектің өзіне келіп айтпаса да, сыртынан соның бәрін түзеп бермеген әйеліне наразылық туындайды. Сондықтан әр әйел еріне киім таңдауда бар күшін салып, оның таза киімде ғана жүруін, сырт келбетінің салиқалы көрінуін қамтамасыз етуге тырысуы қажет. Ерлер қауымы мұндай әйелді жоғары бағалайды.

Жеке өмірі болсын.

Әйел адамы отбасына барын салып, баласының, ерінің қамымен жүріп, өзіне қарауды мүлде ұмыта бастайды. Бүгінгі күні тура кешегідей, кешегі күні өткен айдағыдай, бір-бірінен айнымайтын күндер. Мұндай жағдайда күйеуін жалықтырып алу қаупі туындайды да, «көзіне шөп салып», отбасында ұрыстар көбеюі ықтимал. Сондықтан әйелер үнемі өзін де назарда ұстап отыруы қажет. Өзінің жеке өмірі, яғни өз ортасы болу қажет. Құрбыларымен кездесіп, туыстарына қонақ болып, тіпті, өзі қалаған хоббиімен айналысып, жаңа эмоцияға бой алдырғаны пайдалы.

Сексуалды киіну.

Ерлердің көзімен әйелдер тым ашық-шашық та, тым жабық та киінбеуі қажет. Әйелдің киген киімі өзіне қонымды, жарасымды, ажарын аша түсуі тиіс. Ерлерше тартымды, сексуалды киіну – қарнын ашып, ышқырын түсіріп, етегін қысқартып, жабық тұру керек жерлерді ашып киіну емес. Әйелдің киімі денеге тым жабысып тұрғаннан гөрі бостау тұрса, әдемі, тартымды көрінеді. Көйлектің қысқа болуы да еркектің басына бірден бөтен ой салады.

Еркектің «берекесін алмау».

Әйелінің ұнамсыз қасиеттері жайлы тақырыпта жауап берген еркектердің 90 пайызы  «берекесін алатынын» айтқан. «Берекесін алу» сөзінің астарында не істеу керек екенін қайта-қайта айта беру, сенімсіздік таныту, қайда жүргенін, не істеп жатқанын аңдып, қоңырау шалу, тіпті «Қалайсың? Қайдасың?» деген мәтінді СМС-хабарламалар жатыр. Еркек жұмыста жүріп, үйдегі жағдайды әйеліне сенгендіктен аз есіне алуы мүмкін. Еркектер әйелдерге қарағанда басқаша ойлайды, әлденені ұмытқандықтан емес, қажет емес деп санағандықтан орындамай жатады.

Әрине бала табу – барлық әйелдің қолынан келетін іс. Ерінің жағдайын жасап, «мінсіз әйел» атануға талпынбайтын әйелдер де біршама. Жоғарыда келтірілген кеңестер сізді бірден идеал қылып жібермесе де, ой салары анық. Еріңізден жылы сөз, жағымды іс, еркелетуді күтпес бұрын өзіңізді әбден «тәрбиелеп» алғаныңыз дұрыс.

Сурет: nestandard.ru 

 

Comments

  1. Қыпшақ қызы
    Қыпшақ қызы 22 Ақпан, 2012, 17:42

    Қыздарға мынау жақсы кеңестер екен. Осыларды біліп тұрсада орындамай жатады ғой. Тәрбиені әркім өзінен бастау керек деген пікірге келісемін.

    Reply this comment
  2. АЙНАРА
    АЙНАРА 21 Қаңтар, 2014, 12:42

    дурыс айтасыз, билип турса да орындамайды гой. киширейсен, киши болып калмайсын, кайта куйеуин сени одан сайын багалай туседи емес пе?

    Reply this comment
  3. Арайлым
    Арайлым 8 Қаңтар, 2015, 14:38

    Дурыс айтылган.Козге шоп салу еркек пен айел арасындагы сенимсиздиктен пайда бодады.кейбир айелде,еркекте озине жуктелген мтндеттрди дурыс аткара алмай жататын кездер де бодады.

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*