ӘЙЕЛ КӨЗІ – ЖАН ДҮНИЕСІНІҢ АЙНАСЫ

ӘЙЕЛ КӨЗІ - ЖАН ДҮНИЕСІНІҢ АЙНАСЫ

 Сіздіңше, бұрылып бір қарағаннан ер адамдарды құлату үшін кірпіктерді жоғары қайырып, оны қағып отыру жеткілікті ме?! Қыздың тұңғиыққа толы көзінің тартымдылығына тек бояну емес, қабақ терісін күте білу, сақтау да әсер етеді.  Ол үшін не істеу керек? Күнделікті көзіңізге жаққан бояудан бірде-бір дақ қалдырмай, көздің бояуын сүртуге арналған лосьондармен  өшіріп отыру керек. Одан кейін жылы сумен жуу жеткілікті. Көзді орамалмен сүрткенде, қатты ысқылап сүрту көздің тым нәзік терісіне әжім түсіреді. Жеңіл қимылмен, салмақ түсірмей сүртіп алыңыз. Ұйықтар алдында көп мөлшерде су ішу – көз қабағын ісіріп жіберетінін де ұмытпаған жөн.

Көз сіздің шаршағаныңызды, ұйқысыздық пен мазасыз күйіңізді сөзсіз айтып беретін күшке ие. Қыз жанарынан әркез нұрдың шашылып тұрғаны керемет емес пе?! Ол үшін күн сайын ұйқы алдында зәйтүн майын жеңіл қимылмен қабақтың үстіне жағып отыруды әдетке айналдырыңыз. Кәдімгі азық-түлік дүкенінен алынған зәйтүн майын косметикалық шыныға құйып, жастығыңыздың астына салып қойыңыз. Бұл ұмытып кетпеу үшін маңызды.

Көздің әдемілігінде ұзын кірпіктердің маңызы басым. Кірпіктерім ұзын болсын десеңіз, оны да тамшы зәйтүн майымен сүртіп қойыңыз. Қасыңыздың артық қылшықтарын теріп отыруды ұмытпаңыз.

Міне, осы қағиданы берік ұстансаңыз, бояусыз-ақ көздеріңіз әдемі болады.

Сурет: klassledy.ru

Comments

  1. Айнара
    Айнара 22 Ақпан, 2012, 16:31

    Зәйтүн майын жағамын енді!

    Reply this comment
    • Даулетова Айжамал
      Даулетова Айжамал 31 Наурыз, 2013, 08:17

      Мен жактым,,, зайтун майын ол рас кирпикти узартады, менин кирпигим кишкентай болатын ал казир узын боясам типтен узын боп турады….1 айдан сон натижесин байкайсын………..

      Reply this comment
  2. Қыпшақ қызы
    Қыпшақ қызы 22 Ақпан, 2012, 18:24

    Кірпік өсіретін болса зәйтүн майын жағып көру керек екен. Ммм.

    Reply this comment
  3. нури
    нури 13 Наурыз, 2012, 16:47

    байқап көру керек екен

    Reply this comment
  4. Ажарка..
    Ажарка.. 24 Қазан, 2012, 21:53

    мындетты турде..

    Reply this comment
  5. Айка
    Айка 27 Сәуір, 2014, 22:02

    зəйтун майы қандай, не ол қайдан табуға болады оны?

    Reply this comment
  6. Айнагул
    Айнагул 16 Сәуір, 2015, 07:57

    Зайтун майы деген кадимги шемешки майма

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*