ТЕРЛЕЙ БЕРЕСІЗ БЕ?

ТЕРЛЕЙ БЕРЕСІЗ БЕ?

ТЕРЛЕЙ БЕРЕСІЗ БЕ?Денеден тердің бөлінуі – адам терісінде жүзеге асатын маңызды функция. Тер адам ағзасындағы артық сұйықтық болғандықтан, оның сыртқа шығуы – заңдылық. Бірақ, денеміздің көзге көрінер жерлерінен тердің тым көп мөлшерде бөлінуі ыңғайыссыздық тудырады. Тершең адамның бойынан тәулігіне 3 литрден 14 литрге дейін тер бөлініп шығуы мүмкін. Артық тердің шығуы жайсыздық қана емес, денсаулықта бір ақаудың бар екенін білдіреді.

Адам бойынан дене еңбегі кезінде және тағам қабылдаған кезде тер шығуы мүмкін. Психогендік тер адам қуанғанда немесе мұңайып, жылағанда, уайымға салынғанда шығады. Мұндай сәттерде көбнесе алақан мен табан терлеуі мүмкін. Дене еңбегі кезінде, жаттығу жасағанда, спорт залдарында жаттығушының арқасы мен шаш арасы терлейді.Ал тағам қабылдағанда, адамның ыстық тамақты қабылдауынан маңдайынан бұрқырап шығады. Алкоголь қабылдаған кезде де қызу адам көп мөлшерде терлейді.

Қалыпты мөлшерде тердің шығуы – ағза үшін пайдалы. Өйткені ол зат алмасу процессі болып табылады. Тер бүйректегі артық сұйықтықты сыртқа шығарып, тазартады. Тердің құрамы 99 пайыз судан, 1 пайыз органикалық (кератин, аминқышқылдар,сүт қышқылдары) немесе органикалық емес (май, кальций, натрий, темір, цинк) заттардан тұрады.

Тершеңдік жүйке жүйесі зақымданған адамдарда жиі кездеседі. Олар эмоцияға берілгіш келгеннен кейін ағза әр эмоциялық толғанысы кезінде терді шығарып отырады. Бұған бей-жай қараған жақсы емес. Емханаларда тершеңдікті аурудың алғашқы белгісі санап, дәрігердің көмегіне жүгінетіндер аз емес. Тершеңдік қант диабеті, инфекциялық ауру, семіздік, жүрек-қантамыр ауруларының ең алғашқы белгілері болып саналуы мүмкін.

Қолтықтың терлеуі

Көп адам гипергидроздың (тершеңдік) қолтық және табанда болуынан зардап шегіп жатады. Себебі, терлеген қолтық жағымсыз иіс шығарады. Қолтықтың терлеуіне көп жағдайда тар және синтетикалық киім себеп болады. Әрі бұл терлеу жыныс талғамайды. Әсіресе бозбала мен бойжеткен шақта жиі кездеседі. Балаларда байқалмайды. Қолтықтың терлеуі тұқым қуалаушылықтан да болады.

Не істеу керек?

Терлегеніңізді сезінсеңіз, душ қабылдауыңыз керек. Косметикалық дүкендерде сатылатын қолтыққа арналған дезодарантты 12 сағатта бір сеуіп отыруды ұмытпаңыз. Және әр кеште қолтықты жуғаннан кейін, 1шай қасық ас содасы мен 1шай қасық тұзды 200мл суда ерітіп, мақтамен қолтықты сүрту керек. Бұл қолтық гипергидрозын азайтады.

Алақан мен табанның терлеуі

Алақан мен табанның терлеуін акрогидроз деп атайды. Жүйке және жүрек ауруына шалдыққан немесе араққа құмар жандардың алақанымен табаны жиі терлейді. Эмоциясын іште сақтай алмайтын жандардың алақандары терлегіш келеді.Сапасы нашар, аяққа тар аяқ киімдер де аяқты терлетіп, жағымсыз иістің шығуына себепші болады.

Не істеу керек?

Терлегеніңіз сезілсе, алақан арасын ашып отыруыңыз керек. Дұрысы – қолды сабынмен жиі жуу. Аяқ киім таңдауда оны сапасы мен аяққа сыйымдылығын басты назарда ұстау қажет.

Тершеңдікті емдеу

Тершеңдіктен зардап шеккендерді емдеу ұзақ процесс, әрі одан құлан-таза айығып кету мүмкін емес. Бастысы, себебін анықтап, гипергидрозды жоюға күш салу керек. Дәріханалар мен косметикалық дүкендерде бұған түрлі өнімдер бар. Алайда оның бәрінің әсері қағазында жазылғандай емес. Тершеңдікті басу үшін құрамында валериан, бромид, Бехтерев микстурасы бар препараттар ұсынылады. Шатыраш (шалфей) тұнбасымен жуыну да тершеңдіктен құтылуға көмектеседі. Гипергидрозы асқынған адамдар арнайы терапиялық процедуралар арқылы оны бәсеңдетуге тырысу керек.

Дезодоранттар – парфюмериялық өндірісте кең шығарылатын өнім. Ол тершеңдіктен емес, жағымсыз иістен құтылуға көмек береді. Ал тер бөлінуді азайту үшін антиперспирантты пайдаланған жөн. Құрамында формальдегиді бар арнайы дәрі-дәрмектің де көмегі тиіп қалады.

Жеке бастың гигиенасын сақтап, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстау – ең тиімді, бар аурудың алдын алатын әдіс.

 Сурет: o-woman.ru

Comments

  1. Diiiinnnnnnnnnnn 3 Қараша, 2012, 23:23

    фордмдрон жагыныздар жаксы комектеседи

    Reply this comment
    • Гуля 2 Қыркүйек, 2013, 22:28

      рахмет саган, тойларыныз тойга улассын!!!!

      Reply this comment
  2. Жаркынбек 14 Наурыз, 2013, 00:06

    Табан кызыган кезде кандай ем колдануга болады

    Reply this comment
  3. улжан бюребаева 19 Наурыз, 2013, 19:38

    картайган шакта не ушин тер шыкпайды Не ушин колтык терлейди оны калай кетируге болады

    Reply this comment
  4. нази 16 Сәуір, 2013, 17:18

    кыздар қандай дезодарант дурыс?

    Reply this comment
  5. Таншолпан 26 Маусым, 2013, 17:40

    Сиздердин макаларыныз жаксы баринде окимын бирак сиздерден отиниш оны коширип алуга мумкундик берсениздер екен

    Reply this comment
  6. Bibinur 18 Қыркүйек, 2013, 09:33

    Terwendik auru tugizama?

    Reply this comment
  7. кайсар 21 Қазан, 2013, 22:36

    колтыктын терлеуинен калай кутылуга болад

    Reply this comment
  8. дина 19 Қараша, 2013, 19:47

    ен карапайым тасили ис шыкканда исти сабынмен жуыныныз

    Reply this comment
  9. Бектилеу 5 Қаңтар, 2014, 19:21

    қолтықтың иісінен құтылуға басқа қандай жолдары бар

    Reply this comment
  10. динара 9 Ақпан, 2014, 17:00

    Колтыктан ис шыкса оны калай кетируге болады? Ен тимди жолын айтыныздаршы

    Reply this comment
  11. майра 17 Наурыз, 2014, 23:25

    Колтыктын терлегенин және денеден шығатын жағымсыз иістерді кетіру дин амалы аптекада сатылатын жалбыз суы немесе мята десеңіз де болады соны алып суга араластырып қолтықты шаюга немесе денені тұтастай шаюга болады бағасы 50 -100тг тұрады

    Reply this comment
  12. Сағжан 21 Наурыз, 2014, 11:03

    Бойды қалай ұзартуға болады?

    Reply this comment
  13. сымбат 30 Наурыз, 2014, 21:09

    колтыктан ис шыккан жаман нарсе деп ойлаймын, бирак колтыгымнан шыккан иске кускым келеди

    Reply this comment
  14. сымбат 30 Наурыз, 2014, 21:12

    колтыгымнын исин калай кетируге болады

    Reply this comment
  15. Дулат 9 Мамыр, 2014, 19:12

    Колтыгым терлейди калай кутылуга болады. Уйде журсем терлемейди ал кошеге шыксам бирден терлей бастайды тусинбедим не истесем болады жауап кутемин сиздерден

    Reply this comment
  16. Jazira 15 Тамыз, 2014, 13:33

    DRYDRY jaksi komektesedi did. Birak ali ozim paidalanip korgen jokpin,jana bir saittan okidim

    Reply this comment
  17. Aidana 19 Тамыз, 2014, 14:41

    Сәлеметсіздерме! Сіздерден кеңес сұрайын деген едім. Қолтықтағы тер туралы… Қолтығымнан тер өте көп мөлшерде бөлінеді. Көшеде жүруге ұяламын. Кейде тіпті қолымнан ағып кетеді… Барынша терлегенді білдіртпейтін киімдер киюге тырысамын… Өтінем,көмектесіңіздерші…..!

    Reply this comment
    • Guli 3 Маусым, 2015, 18:40

      Амалын таба алмай журмин менде,сондай менде бодамын

      Reply this comment
  18. акылды 26 Тамыз, 2014, 23:39

    Негизи колтык исин суга 3 шай касык сода косып кунде 2 жуса кетиреди

    Reply this comment
    • Мадина 4 Қаңтар, 2015, 14:29

      әншилер сахнаға шыққанда,ән айтқанда неге қолтықтары терлемейді.аншилер не жағады мумкин болса айтып жиберсе

      Reply this comment
  19. Лейла 15 Желтоқсан, 2014, 21:55

    Аптекада «Драй-Драй» деген сұйық дәрілік «средство» бар, соны алып жақсаңыз, қолтық иісінен және терлеуден арыласыз

    Reply this comment
  20. айнур 13 Ақпан, 2015, 14:47

    Колтыгым екеше карайып турад?неге жени жок киим киюге уялам?калай кетирсем болад кенестернзди айтнздарш

    Reply this comment
    • Қыз 15 Мамыр, 2016, 02:08

      Қолтықты арнайы затпен (бритвамен) қырсаң қарайып қалады. Пинцетпен теру керек.

      Reply this comment
  21. Гульназ 8 Маусым, 2015, 12:03

    Драй драй жаксы комектеседы.1жылга жетеды.озымде соны пайдаланып жургенмын.

    Reply this comment
  22. Нурсултан 11 Маусым, 2015, 14:42

    Денеден шығатын жағымсыз иістин себебі асқазан
    жеген тамакты дурыс кортпай іште газ пайда болады
    газ денеге тарап терлеген кезде жағымсыз иіс пайда
    болады.
    Қайнаған суды бөтелкеге куйып.Ұйқтар алдында 200 грамм
    ішу керек және азанда уйқыдан тұрғанда ішу керек
    азанда ішкен кезде жарты сағат ешнәрсе жемей жүру керек.
    1 апта тексеріп көріңіз пайдасы тисе Жауаб жазыңыздар
    өзгелерде білсін.

    Reply this comment
  23. НУр 22 Шілде, 2015, 08:46

    аптекада Антиперспирант Max-F 15% бар осыны алсаныз еш терлемейсиз аптасына бир рет жагасыз багасы кей жерде 3500-5000 тг турады

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*