Кішкентай сөмкенің үлкен тарихы


Сөмке — әрбір нәзік жандының айнасы. «Әйелдің аяқ киімі мен сөмкесі қымбат болу керек» деген қатаң қағиданың сан ғасырлар бойы сақталып келуінің себебі де сондықтан.

«Louis Vuitton» бренді қазіргі таңда сөмке шығару индустриясында бірінші орынға ие. Оның тарихы тым әріден бастау алады. Сөмкенің шығарылу тарихын сөз етпес бұрын, есімі брендке айналған Луи Виттонмен жақынырақ танысып алайық.

Луи Виттон 1821 жылы Франш-Конте қаласында туған. 1837 жылы 14 жасқа толған Луи табыс табу мақсатында Парижге жаяу аттанады. Тіршілігі қайнаған Парижде Луи Виттон сандықшының көмекшісі болып қазметке орналасады. Луи Виттонға, ол ойламаған атақ пен дәреже, ІІІ Напалеонның жары Евгенияның «LV»сүйікті сандықшасына айналған кезде келеді. 1854 жылы сандық жасаушы Париж қаласының орталығынан чемодан дүкенін ашады. Дүкенде тек Луи Витонның қолынан шыққан чемодандар сатылған.

Әйгілі Луи Витонның ұлы Джордж пен Гастон Витондар — әке ісін жалғастырушы мұрагерлері. Олар «Louis Vuitton» маркасының кең етек жаюына ықпал жасайды. Әке ісін 42 жылдан соң жаңа бағытта жасап шығаруға атсалысады. Джордж шығарған сөмке фирманың бүгінге дейін марканың төлқұжатына айналып кеткен. Бірнеше жылдар бойы аталмыш брендтің өнімдері Еуропаның дүкендерінде ғана сатылды. 1987 жылы брендтің атауымен шыққан холдинг жұмысын бастайды. Олар да сөмке өндіру ісімен және алыс-жақын сырт мемлекеттерге экспорттаумен айналысады.

Бастапқыда фирма өнімдерін тек аристократтар мен байлар пайдаланған. Ал қарапайым халық бұл астамдықты өздеріне сыйлай алмайды. Себебі, Луи Виттон шығарған өнімдердің бағасы тым қымбат. Түпнұсқасын қазірдің өзінде кез келген тұтынушы ала алмайды. Ал көшірмелерінің сапасы сын көтермейді.

Кезінде Луи Виттон шығарған сөмкені әйгілі киноактриса Одри Хепберн, сән шығарушы Коко Шанельдің өзі, модель Твигги тапсырыспен тіккізген. Қазір де Голливудтың біршама жұлдыздары бұл сөмкелерді жанына серік етіп алған.

Түрлері:

1932 жылы вино сатушылар арнайы сөмкеге тапсырыс береді. Олар сөмкенің ішіне бірнеше бөтелке сыйымды болуын қалайды. Ұсынысты жерге тастамаған сөмке жасаушылар ішіне 5 бөтелкені сыйымды етіп «Noe» қапшық сөмкесін шығарады. Қапшық сөмкелер бүгінге дейін актуалдылығын жоғалтқан жоқ.

Кішкентай сөмкенің үлкен тарихы

Бір жыл өткен соң «Speedy» сөмкесі жарыққа шықты. Ол — жол жүруге арналған үлкен сөмкенің кішкентай көшірмесі. Одри Хепберн сөмкенің бұл түріне ынтық болғаны соншалық, өзі басты рөлді сомдаған «Шарада» фильмінде ұстап шығады.

Кішкентай сөмкенің үлкен тарихы

Кішкентай сөмкенің үлкен тарихы

1934 жылы Коко Шанель өзінің талғамына сай етіп, трапеция пішінді сөмкеге сұраныс білдіреді. Содан бері трапеция пішінді «Alma» сөмкелері де сән әлемін өзіне бағындырып келеді.

Кішкентай сөмкенің үлкен тарихы

 

«Луи Виттон» маркасының «Papillon» сөмкелері 1966 жылы жарыққа шығарылған. Ол көбелек пішінді, ұстауға ықшам, қос бауы цилиндр болып келген. Есімі белгілі Твигги бұл сөмкенің табынушысы болған деседі, сөмкені жарнамалауға Твиггидің өзі келісімін берген. Бұл сөмкенің ұстаушылардың қатары әлі күнге дейін сейіле қойған жоқ.

Кішкентай сөмкенің үлкен тарихы

1998 жылдан бастап бүгінге дейін Луи Виттон фирмасынан шыққан сөмкелер бүкіл әлемде сәндегі орнын ешкімге бермей тұр. Сөмкенің классикалық жанры деген атауға лайықты болып танылды.  Луи Виттон сөмкелерін шығарушылардың басты ұранына айналған мына сөз болды: «Әр чемодан ыңғайлы, көлемді болғанымен, жеңіл болуы керек».  Сөмкелер былғары терімен қарапайым матаның құрағынан тігіледі. Қоңыр түстің ашық және қошқыл түрлері араласқан, марканың белгішелерінің суреті салынған немесе торлы матадан барлық Луи Виттон сөмкелері тігіледі.

Қазіргі сәнқойлар Луи Виттонның «Speedy» сөмкесіне құмар. Оның артықшылығы: көлемі сыртынан ықшам болып көрінгенімен, сөмке ішінің кең болуында.

Сонымен қатар, «Луи виттон» маркасы әйелдер мен ерлерге арналған әр түрлі пішіндегі әмияндар мен чемодандар, сөмкелер мен блокноттарды, орамал және т.б. аксессуарларды шығарып жүр. Сөмке бүкіл әлемде сұранысқа ие.

Қазақстанда Луи Витонның дүкені жоқ, сондықтан түпнұсқаларын табу қиын. Ал көшірмелерін кез келген дүкеннен табуға болады.

 

Comments

  1. Айнара
    Айнара 23 Ақпан, 2012, 15:58

    Қандай әдемііі!

    Reply this comment
  2. Айжан
    Айжан 29 Ақпан, 2012, 12:42

    Менікі Полермо дорбасы, ендігі керегі шарфик))))

    Reply this comment
  3. АйДок
    АйДок 27 Ақпан, 2013, 22:07

    Күшті екен*

    Reply this comment
  4. зарина
    зарина 5 Мамыр, 2013, 16:57

    керемет екен!!!

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*