БӨЛМЕ ГҮЛІН БАПТАҢЫЗ

БӨЛМЕ ГҮЛІН БАПТАҢЫЗ

 

Бөлме гүлдерінің ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махаббатта. Гүлдермен де тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, махаббатпен қарап,  еркелетіп тұру қажет, олар да өздерінше қуана да, мұңая да алады екен. Және жақсылап баптауға тырысыңыз.

Бөлме гүлдерін күтудегі бірнеше кеңестерге назар аударыңыз.

Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейді».

Жел өті. Гүлдер жел өтінде (сквозняк) тұрып қалмауы керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді.

Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны теледидардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысыңыз, вибрацияның да гүлге кері әсері бар.

Жылу әсері. Егер пәтеріңізде жылу еден астымен жүргізілген болса, арнайы гүл құмыраларын қоюға арналған демеуіштерді (подставка) қолданыңыз. Гүлдерді жылу жүргізілген батарейкадан да алысырақ ұстағаныңыз жөн.

Белгі. Құмыраңыздың күнге қараған бетіне белгі қойып қойыңыз. Өйткені, гүлді көп айналдыру оның жайқалуына кері әсерін тигізеді.

Тыңайтқыш. Тыңайтқыштарды уақтылы сеуіп отырыңыз және гүліңізге арнайы сай келетін тыңайтқышты пайдаланыңыз. Ол үшін гүл өсіруші мамандардың көмегіне сүйеніңіз не тыңайтқыш салынған қорап сыртындағы нұсқаулықпен танысыңыз.

Салмақ. Жапырағы үлкен бөлме гүлдерін төменге, еден үстіне қоюға тырысыңыз. Салмағын көтере алмай, морт кетуі мүмкін.

Суару. Гүлді таңертең суарып отырыңыз, бұл – қолайлы уақыт. Әрине сатушының кеңесіне де құлақ асқаныңыз жөн.

Ауру. Гүлдердің жапырағы бірден қурап, сынғыш келсе, ауруға шалдыққаны. Ол жағдайда мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

 

Comments

  1. Тлеубаева Индира
    Тлеубаева Индира 9 Апрель, 2012, 01:51

    мен де үйде өсетін гүлдерді баптағанды өте жақсы көремін,бірақ бізде қазақша ақпарат өте аз тіпті жоқтың қасы.Осындай кеңес ақпараттар көбейсе екен деймін.Сіздерге сәттілік

    Reply this comment
  2. Әділжан
    Әділжан 7 Октябрь, 2012, 23:37

    Бөлме гүлдерінің тұқыммен қалай өсіреді және тұқымын қайдан алуға болады.Гүлдерді аптасына қанша рет суару керек.

    Reply this comment
    • Сая
      Сая 24 Октябрь, 2012, 16:41

      Бөлме гүлдерінің тұқымын арнайы гүл сататын магазиндерден аласың, сонда сатушылардан білмейтіндеріңді сұрасаң болады. Гүлді суару сенің гүліңнің көлеміне байланысты.

      Reply this comment
  3. НАГИМА
    НАГИМА 13 Январь, 2013, 01:05

    ГҮЛДІ ҚАЛАЙ КҮТЕТІН ЖАЙЛЫ КӨБІРЕК МӘЛІМЕТТЕР КЕРЕК

    Reply this comment
  4. НАГИМА
    НАГИМА 13 Январь, 2013, 01:06

    ГҮЛ КҮТІМІ ЖАЙЛЫ КЕРЕК

    Reply this comment
  5. Шарапатов Саулет
    Шарапатов Саулет 3 Август, 2013, 15:50

    Өзім гүлді жақсы көремін,әсіресе фикусты. Гүлдер туралы қандай қандай қазақша сайттар бар?

    Reply this comment
  6. Шарапатов Саулет
    Шарапатов Саулет 3 Август, 2013, 16:04

    Бөлме өсімдіктерін мен былай суарамын:суаратын гүлдің ыдысы сиатындай жалпақ және шұңгыл ыдысқа су құйасыз,сонан-соң суаратын гүліңізді ішіне салып қойасыз.Гүлдің топырағы ылғалданған соң алып тастайсыз

    Reply this comment
  7. Сая
    Сая 2 Октябрь, 2013, 22:02

    гүлдердің битінен қалай құтылуға болады

    Reply this comment
  8. Гулнур
    Гулнур 5 Ноябрь, 2013, 11:10

    гулдин битинен кутылу ушин,жапырагын,аз молшерде салынган маргансовка суымен жуыныз,мен солай жасадым,бари кетип калды

    Reply this comment
  9. Ернар
    Ернар 15 Март, 2014, 18:01

    Менде гүлді жақсы көремін.Гүлдесе жанымды жерге қоям .Үйде мен ғана гүлді жақсы көремін.Мектептің гүлдерін қалдырмай атроскаларын сыпырып кетем.хахахха

    Reply this comment
  10. Кулия
    Кулия 29 Апрель, 2014, 22:55

    «еркек бақыты» гүлін сатып алғаннан кейін бір рет гүл ашты,жақсы өсіп келе жатты да,қыста бірте-бірте сарғайып жапырақтары түсіп қалды.Енді қалған тамырынан қайта өсіруге болама?

    Reply this comment
  11. Айгерим
    Айгерим 27 Февраль, 2015, 23:40

    Кайырлы тун! менде осы жакында осирип жатырмын доллор гулди

    Reply this comment
  12. Айгерим
    Айгерим 27 Февраль, 2015, 23:42

    калай жанеде кай уакытта су куямыз?

    Reply this comment
  13. Қаламқаc 10.07.2015ж
    Қаламқаc 10.07.2015ж 11 Апрель, 2015, 13:11

    Гүл- бөлменің көркі. Гүлді көп өсіру керек. Мектеп оқушылары бөлме өсімдіктерінен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 70 жылға 70 гүл отырғызды. Гүлдердің ішінде
    «герань»гүлі бар. Бұл гүлдің иісі адам ашуланған кезде, сабырлылық сыйлайды..

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*