«Қалжаның» сыры неде?

Қазақтың өте бір қасиетті ырымы – келінге қалжа жегізу. Бұрынырақта кедейдің кедейі әйеліне қалжа жегізген. Тіпті бұған өзінің шамасы келмеген күнде ауқатты адамдар қалжасын әкеліп берген. Өйткені қалжа әкеп беру де сауабы үлкен іс болып саналған. Қалжаның күнделікті желінетін еттен айырмашылығы – ол жас босанған ана мен баланың сыбағасы. Әрі құрметті ас саналады. Қалжа, біріншіден, дүниеге келген нәрестенің құрметіне арналса, екіншіден, жас анаға дүниеге перзент әкелгені үшін арнайы сойылатын болған. Күнде келінге сорпасын ішкізіп, етін жегізіп отырғандықтан, жас босанған ана өзінің жоғалтқан күш-қуатын осы қалжа арқылы қалпына келтіреді. Босанғаннан кейінгі күтімге қалжаның тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Қалжа жеп, жас сорпа ішкен келіншектің сүті де маңызды, құнарлы болады. Баланың тез ет алып өсуіне әсер етеді. Қазіргі жігіттерді қайдам, бұрындары жігіттердің бірі ауырлау затты көтеруге әлі келмесе немесе абайламай жығылып қалса, құрдастары келеке қылып: «Әй, немене, сенің шешең қалжа жемеген бе?» – деп қағытқан. Кей жағдайда «құдайға шүкір, біздің де шешеміз қалжа жеген» деп өзін-өзі көтермелеп, шамасы келмей жатқанын білдірмеуге тырысып баққан. Тілімізде жиі қолданылатын осы сөздің өзінде мән-мағына жатыр. Қалжаны кей өңірлерде қыздың төркіні де әкеп жатады, бірақ қалжа, негізінен, келіншектің күйеуінің мойнындағы міндет-парызы болып есептеледі…

ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ОЯТПАЙ, ҚҰР МАҚТАНУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ…

Осы күні баспасөз беттерінде әйелдердің түрлі аурулары жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Әйелдерде кездесетін қатерлі ісіктің көбейіп әрі «жасарып» кеткені жайлы да жиі айтылып келеді. Дерттің асқынып, белең алғаны сонша, мұның соңы қайғылы оқиғаға ұласып жатыр. Бұл жағдай бүгінде әйелдер дәрігерлерін де қатты алаңдатып отыр. Сондықтан кез келген әйелдер консультациясында дәрігерлік кеңестер беріліп, қатерлі ісіктің алдын алу шаралары жайлы жазылған кішкентай кітапшалар таратылады. Ал ешқандай медицинасы дамымаған қазақ даласында өмір сүрген қазақ келіндері әйелдерде кездесетін түрлі аурулардан қалай сақтанды? Қазақ жас босанған ананың күтіміне не себепті соншалықты мән берген?

                                                                                                Зейнеп АХМЕТОВА

 

Comments

  1. мереке
    мереке 13 Наурыз, 2012, 21:33

    Калжа туралы берилген акпараттарыныз оте жаксы жазылган, менин тусинбеген сурагым калжа канша жастагы малдын ети ,жалпы сол туралы калай дайындалуы туралы кенирек маглуматтар берсениздер екен, рахмет!

    Reply this comment
  2. Айгүл
    Айгүл 14 Наурыз, 2012, 14:19

    Қалжа деген жас босанған келінге арнайылап сойылатын қой ғой. Жас босанған анаға сорпасын ішкізіп, етін беріп отырған. Қырық күн келінді солай күтетіндігі осы айдарда толық айтылған. Өкінішке қарай, бүгінгі келіндер «қалжа» деген сөздің мағынасын түсінбей, белгілі бір тағамның рецепті деп қабылдайды.

    Reply this comment
  3. Тунай
    Тунай 19 Наурыз, 2012, 15:44

    қалжада малдың жасы қаралмайды, қыз бала дүниеге келсе бір қалжаға бір қой, үл бала болса 2 қой сойылатын болған.сорпасы жақсы шығатын дені сау семіз мал сойылады гой.

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*