Неліктен жас босанған ананы қырық күн күткен?

 Неліктен жас босанған ананы қырық күн күткен?

Қырық күнді қазақтар бекерден-бекер ерекшелемейді. Себебі қырық күн – сәби үшін де, анасы үшін де қауіпті әрі қатерлі кезең. Қырқынан шықпаған бала жердің баласы емес деп есептелінген. Анықтап қарасаңыз, қырқынан шықпаған баланың көзі біртүрлі тұманданып әрі қайда қарап тұрғаны белгісіз секілді, көзін аударып-төңкеріп тұрады. Ал қырқынан шығарған соң оның көзі жылтырап, кәдімгідей жан-жағына көз тоқтатып қарайды, көзінде от пайда болады. Қазақ қырқынан шықпаған баланы ешқайда шығармаған. Адам дүниеден өткенде де қырқын береді. «Ғайып ерен, қырық шілтен», «қырық жетіні» қырқа матап бердім» деген сөздер де тілімізде кездеседі, яғни қырық санының біздің өмірімізде алар орны ерекше болғандығын осындай мысалдардан білеміз…

Жас босанған келінін көргенді ене қырық күн бойы күткен. Әсіресе, тұңғыш баласын өмірге әкелген ананы ерекше қамқорлыққа алады. Сәбидің дені сау болып өсуі осы жас ананы қырық күн мәпелеп күтумен тікелей байланысты. Біріншіден, жас босанған ананың омырауын суық тиюден сақтаған әрі жүн шәлімен байлап, барынша жылы ұстаған. Бүгінде төс ауруларының көбейіп кеткенінің бір ұшы дұрыс күтінбегендікте жатыр. Дүниеге сәби әкелген ананың өн бойы балбырап, бүткіл буыны босап, он екі мүшесінде өзгеріс болады, сондықтан оған суықты жолатпай, жылы ұстаған. Өйткені иммунитеті әлсірегендіктен, ол сыртқы әсерді оп-оңай қабылдайды. Сондықтан жас келіннің күш-қайраты орнына келгенше денсаулығына көп көңіл бөлген. Қырық күн бойы қалжаның етін жегізіп, сорпасын ішкізген. Өкініштісі, қазір перзентханаларда жас босанған келіндеріміздің күтіміне мән беріле бермейді. Енелері сорпа-суын үйден дайындап апарады, перзентханаларда қалжа жегізіп, сорпа ішкізгеннің орнына түрлі ботқалар беріледі. Мен үнемі айтып жүремін, тағы айтып өтсем артық болмас, тәуелсіздігімізге қолымыз жетіп, егемен ел болып жатқан гүлденген Қазақстанымызда сәбидің кіндігін кіндік шеше кесетін, жас ана босана сала қалжа жегізетін ұлттық перзентхана неге ашпасқа?! Кеңес Одағының кезінде, тіпті бертінге дейін жаңа ғана босанған аналардың ішіне «қан тоқтату үшін» деген желеумен кесек-кесек мұзды қойған. Осыдан-ақ жас босанған ана өмірінің соңына дейін жетерлік ауру тапқаны жасырын емес. Он екі мүшесі балбырап, жаңа ғана өмірге перзент әкеп жатқан ананы жылы орап, сорпалап терлетудің орнына, тастай мұзды ішіне басқан. Жас босанған анаға, керісінше, суықты жолатпаған. Бұл күнде, неге екенін, сол кесек мұзды «бұлар көбеймесін» деген мақсатпен қойды ма екен…» деп те ойлаймын. Бүгінде, Құдайға шүкір, ондай нәрседен перзентханаларымыз арылды. Негізі, әйелдің босанғаннан кейінгі іштегі қатқан қаны мен артық тұзы, «жел-құзы» терлеу арқылы термен бірге шығады. «Тері қатып қалыпты» деп жатады кейбір келіндердің бетіндегі қарала-торала дақты көрген әжелеріміз. Бұрын қырық күн бойы жас босанған ананың қолын суық суға салғызбаған. «Тіске суық тиеді», «тісі түсіп қалады» деп суық су, салқын сусын ішкізбеген. Сол сияқты даладағы тірлікке араластырмаған. Келін аман-есен босанған соң енесі мықты әрі жұмсақ матамен белін мықтап байлап тастаған. Сол арқылы тоғыз ай бойы керілген құрсақтың қайта қалпына түсуіне мән берген әрі бүйректі суық тиюден сақтаған. Қазақ әйелдері 7-8 перзентті дүниеге келтірсе де, құлын мүшесінің бұзылмай, дене сымбатының сақталуының сыры да осында. Келіннің аяғына жылы шұлық, бұрынырақта тіпті арнайы тізеқап кигізіп қоятын болған. Осындай күтім арқылы әйелдің буын ауруларына шалдықпауын ойлап, алдын алған. Тіпті шаш түспеуінің алдын алып, келіннің шашын тастай қатты ғып өріп тастайтын болған. Тағы бір аса мән берген нәрсе – босанған ананың бетіндегі даққа қатысты. Көргенді ене «бөпең әбден тойып болған соң, соңғы қалған сүтіңмен бетіңді сүрт» деп келіннің бетінде дақ қалмауын да ойлаған. Босанған ананың бір түлеп, жасарып, сұлулана түсуіне, біріншіден, қалжаның пайдасы тисе, екіншіден, баласынан қалған сүтті бетіне жаққанының әсері мол болған. Осының барлығы – түптеп келгенде, өмірге жаңа келген перзент үшін жасалатын қамқорлық. Ананың дені сау, күш-қуаты мол болса, бала да дені сау болып, аман-есен жетіледі. Әсіресе, тұңғыш баласын босанған ананы қырық күнге дейін қол-аяғын қимылдатпай күтсе, келесі балаларында жөн-жосықты өзі-ақ білетін болады. Тұла бойы тұңғышын дүниеге әкелерде жас анаға барлығы – жұмбақ, тылсым құпиясы мен қорқынышы басым болатындықтан, оның әрбір қадамына енесі, кіндік шеше мен абысын-ажындары үлгі-өнеге көрсетіп отырған.

Ел аузындағы әңгімелерде айтылатын «тезек теріп, далада жалғыз жүріп босанып қалып, баласының кіндігін тісімен қиятын» аналар – осындай күтімді көрген, денсаулықтары мықты біздің қазақ әйелдері. Ендеше, біздің әжелеріміздің кемеңгерлігінің арқасында келіндеріміз дүниеге он шақты бала әкелген және ешқашан сымбатын жоғалтпаған. Бүгінгідей әйелдерде кездесетін түрлі аурулар да олардан аулақ болған…

 Зейнеп АХМЕТОВА 

Comments

  1. Гүлстан
    Гүлстан 13 Март, 2012, 14:42

    Зейнеп апа, орынды атап өтіпсіз. Сорпа ішу — босанған әйелге пайдалы. Менің кішкене қызымды кесіп алды. Бір жетідей перзентханада жаттық. Босанған перзентханам — Қарағанды қаласындағы Пришахтинск ықшамауданында орналасқан. Айтпағым — аталған жерде жас босанған келіншектерге сорпа беру дәстүрі бар екен. Үйдікіндей болмаса да, ыстық ішіп, буын-буынымыз босап қалды. Ол мекеме ұжымына үлкен рахмет! Қазір қызым Ұлжан 8 айлық. Төс емеді. Ал сорпаны біз осы кезде де күн сайын ішуді әдетке айнадырдық. Бастысы — бөбегімнің дені сау.

    Reply this comment
  2. Zevs
    Zevs 17 Март, 2012, 23:23

    Рахмет сізге Айқаракөз! осындай кеңестеріңіз бен ақылдарыңызды жазып жүргендеріңіз дұрыс! Себебі бізде жазатын адам жоқтың қасы!

    Reply this comment
  3. Жадыра
    Жадыра 11 Октябрь, 2012, 19:53

    мен қазір жүктімін маған қандай кеңестер бересіздер

    Reply this comment
  4. Қарлыға
    Қарлыға 24 Август, 2013, 22:31

    Әттең, бұрынғының енелері қазір жоқтың қасы ғой! өз басым соны көріп отырмын, біріншімді босанғаныма 10 күн болды, жатыпішер атанып жатырмыз…. Алла сабыр берсін!

    Reply this comment
    • Қамбаров Азатбек
      Қамбаров Азатбек 8 Октябрь, 2013, 14:35

      Ененің де турлісі бар қосыламын.Дегенмен енелердің қосар үлесі мол деп ойлаймын.Менің анам ағамның 4 баласын озі өсірді,кундіз туні ұйкысын қиып жеңгемнің жанынан табылатын.Ал қазір аға жеңгем бөлек шығып кеткен.Енді менің келіншегім босанды.ата анам қарасып жатыр.Егер бала мен келін ата анаға адал болса,ол кісілердің балаға,келінге деген сүйіспеншілігі,мейірімі шексіз екеніне күмәнім жоқ.Бала ақылды болса ене мен келінді тату ұстайды.Ал келін ата енесін,күйеуін құрметтесе болғаны.

      Reply this comment
      • Карина
        Карина 2 Январь, 2015, 18:46

        Menin bosanganyma 16 kun boldy.perzetxanada 2 kun boldym.uige wygaryp aldy.ui suyk 18 gradys pa.sol kewte balamdy emizem dep ozim katyp,dirildedim.joldasymdy kuwakta jylynyg aldym.birak onyn uikysy katty sezbedi.sodan ertesine uidi 23 gr jylytyp womyldyrdyk.sodan auruyanadamyz tagagy auyryp.men tuste jatyp 1sag demalsam enem jyndanym juredi magan

        Reply this comment
      • АКМАРАЛ
        АКМАРАЛ 3 Апрель, 2015, 08:08

        СІЗБЕН ТОЛЫҚТАЙ КЕЛІСЕМІН.ДҰРЫС АЙТАСЫЗ.

        Reply this comment
  5. стрелец
    стрелец 1 Октябрь, 2013, 00:41

    ИӘ, мен сізбен толық келісемін, Қарлыға, бұрынғының енелері жоқтың қасы. сіз 10 күн болса, мен біріншімді босанғанда 2 күннен кейін-ақ жатыпішер атанғанмын. екіншімді босанғанда мүлде күтінбегенмін. есесіне қазир белімнен бастап ауырмайтын жерім жоқ. бірақ Құдайға шүкір 2 қызым бар. үлкенім 2-де, екіншім жақында 1-ге толды….

    Reply this comment
  6. Динара
    Динара 1 Декабрь, 2013, 21:58

    Бұрынғы ене дейсіз, қазіргі ене дейсіз, менің енем бұрынғы ене, мен іші келінімін. Көпті көрген адам деуге болады. Бірақ сондағысы менің біріншілерім егіз екі қыз, үшінші кішкентайым ер балам тәуба, екі босанғанда да енем еш көмек көрсетпеді, ия, сіздер айтып жатқандай жатып ішер атанып жатырмыз, кеудеме де суық тигізіп алдым. Сорпаны өзімнің қолым қалай тиеді, солай ішіп жатырмыз. Аллаға шүкір қазір бәрі жақсы, кішкентайыма Алла жазса 5 ай болады. Жолдасымның арқасында аман-есенбіз. Берген кеңесіңізге мыңда -бір рахмет!

    Reply this comment
  7. Ерке
    Ерке 21 Январь, 2014, 15:24

    Айтылып жаткан пiкiрлерге толыгымен келiсемiн! Менi жас анамын сабиiм 2 айлык менiн енем сорпа бермек тугiлi сабиiмдi калай жуындыруды корсеткен емес! Барлыгын озим истеп озим уйрендим.

    Reply this comment
  8. Айнур
    Айнур 22 Январь, 2014, 13:03

    Босанганыма 2апта болды ушинши баламды дуниеге акелдим,ешкимге жалынышты емеспин озим ушин тудым озим карап жатырмын:Алдынгы еки баламдыда озим карагам,бул жолы енем кутпек болды бирак мен енемди кутип кеттим,сосын 1-2кун касымда болдыда кайтты,оданда озим караган жаксы миымды ашыткызбай

    Reply this comment
  9. Айнур
    Айнур 22 Январь, 2014, 13:24

    Босанган жас аналар ешкимге ренжимендер суттерин шыкпай калады,бурынгы енелердинде арасында келинине колгабыс етпегендер болган мысалы менин анам он бала дуниеге акелген сонда жарыктык апамыз мамам роддомнан шыга салысымен кыдырып кетип калады екен,байгус мамам баримизди ози караган:Ол заманда памперс жок,кир жуатын машинка жок….калай улгерген деп ойланамда,казирги жагдайыма таубе димин.

    Reply this comment
  10. Айнур
    Айнур 16 Март, 2014, 20:21

    Зейнеп апанын акыл-кенесине мын да бир рахмет! Менин 4-баламды босанганыма 3 кун болды, енем кайтыс болган, терлеу керек екеин мулдем умытып кетиппин, басе омырауым катып, белимди шакка жазып журмин, мине енди казир кымтанып киинип алып, борша-борша терлеп отырмын. Сорпаны ертен ишемин енди,буйырса, жас келиндер, ешкимге ренжимесендер, ауырмайтын боласындар. Кеше босанып жатканда, биз типти не болса соган ренжип, омиримизди боска откизип жатыр екенбиз деген ойга келдим.

    Reply this comment
  11. Aiko
    Aiko 30 Апрель, 2014, 15:13

    Салеметсиздерме. Айтыныздаршы, омырауга коз тисе сут шыкпай калуы мумкинбе?

    Reply this comment
  12. Aiko
    Aiko 30 Апрель, 2014, 15:14

    Салеметсиздерме. Айтыныздаршы, омырауга коз тисе сут шыкпай калуы мумкинбе? Алде баска себептер барма?

    Reply this comment
  13. Камила
    Камила 19 Июль, 2014, 21:05

    Салеметсиздерме.шукиршилик етиниздер арким ози ушин курсак котерип ози ушин осиреди.мен курсагымды 8айында босанып калып сәбиім 3куннен кейін шетінеп кетті.шіркін егер сәбиім бүгінде бар болғанда түн ұйқымды 4 бөліп бесік таянар едім.қасиетті рамазан айында Алла тағаладан үмітімді үзбеймін.Шүкіршілік етейік.

    Reply this comment
    • Гүлбану
      Гүлбану 14 Август, 2014, 15:34

      Сәлеметсіздерме. Қырқында дұрыс күтінбеген айел неше түрлі ауруга шалдыгады. Баланы өзің үшін өмірге әкелесің,сондада енеңнің дурыс көзқарасы,түсінігі болса … Мен роддомнан келгенкүннен,өзім бүгін шығас ын деп палатадан танатпай дайындалып отырдым,екіде келді уйдегілер,үш сағат жол жүріп келдік,уйге келгеннен конактар озді озді тамагынжеп шайынишип буткил ыдысын уйин жинатып койды,бала жатыр жылап карамак тугілі,зіркілдепжетіп келіп негеәліболмадынба арасында баланада кара бар деп,нешебірін кордік. Сол роддомнан шығып табалдырықты аттаганнан қыздары туалетке деін кіріп келіп караптұратынболсаншы деп. Енең жаман болсакүтінбек түгіл… Сорпаны түсимизде көрдік,шайды да карасуғып берді ондада ананы буйт мынаган анау акел деп шайдын басында дұрыс отрғызбайтын,шай ішуде мұң болды. Осыдан кеін енені силауға болама? Қалай ойлайсыңдар?

      Reply this comment
      • Айгуль
        Айгуль 7 Декабрь, 2014, 23:42

        кудай сактасын.саган Аллам куш берсин.Осындай енелерди шынында да канша шыдасанда сыйлай алмайсын.осындай окига менде де болган али солай.кунделикти тамактанатын уакытта оздери ишип алады да мен калам 2 баламен арпалысып тамагымды ише алмай не орнын жинай алмай.туалет сыртта, баруга зар болам.уй жинаганда 2 баланы жылатып койып жинайм кайтейин енди бир кагаз ушин ойдай ренжип мени салак кылып болады.улкеним детсадка баратын еди.кешке айлык сабиимди жалгыз шырылдатып тастап улкенимди алып келем.бир озим кай жагына жарылайын.озиме де улкен кызыма да айтпаган жаман создери калмады.кызыма каншык кана олди катын дит.ол создер суйегимнен отед.кейде шыдай алмай кетип калгым келеди.бирак кыздарымды аяймын.

        Reply this comment
      • Гүлжан
        Гүлжан 2 Май, 2015, 15:50

        Салем Гулбану.Сенин жагдайынды жақсы түсінемін.Менде де болған.Бирак осы баламды Босанганнан кейін ренжиседе барине айттым бала қырынан шыксын сосын конакка шақырамын деп ешкім ренжимеген шығар деп ойлаймын.Меніңше өмірде денсаулыкта озимиздики.Озимизд коргамасак адамдар терен ойланбайды гой.Озимизди сол гой.Уятты алдыга коятын казакпыз гой.Кобиси сол максатпен келеді уят болады бау берік болсын айтпадык деп.Барине тусиндирип айтса сол дұрыс па деп ойланып калдым.Неге бұрындары сөйтіп жасамадым деймін кейде.

        Reply this comment
  14. Жанар
    Жанар 5 Декабрь, 2014, 18:31

    Кудайга шукир!Енем жаксы адам.босанганыма 1 апта болды.енем бар жагдайды жасайды.кесарь тилигимен босандым. Бул алгашкым.уйретипте жатр билгенин.сондай ененин жаксылыгын корген сон болашакта мен де келинимди солай кутем.

    Reply this comment
  15. Молдир
    Молдир 11 Декабрь, 2014, 14:05

    Мен 2 -ши кызыма жуктимин, Алла жазса келеси айда босанамын, улкеним 4 жаста. бириншимди босанганнансон роддомнан шыга салып уй тирлигине кирисип кеттим, 2 уакыт тамагым бар кунде уй жинау жане апиасына миндетти турде орындалатын ген уборка, сонымен 20 куннен сон журе алмай катты суыктап больницага тустим. Сонда кутину дегенди билмеймингой оз шешеме я я жатырмын деп алдап шауып босанганнан сон 3 куннен кейин ген уборкамды жасап кете бериппин. Сонын салдарынан омырткаларыма катты закым келип казир екиншимде катты киналып журмин, айтсе де сол баягы уй тирлиги озгерген жок. Озимди киналаймын кейде осынша момындыгым ба деп. Ауырып турсам да бар тирлигимди жасап журемин, жат деп ешким аямайды.казир босануга да коркып отырмын енди калай улгеремин барине деп.

    Reply this comment
  16. фариза
    фариза 1 Январь, 2015, 23:10

    Бул алемде келинге ене жакпаган, енеге келин жакпаган. Жаккан болса бир екеуи шыгар. Уйленип бала суйдин бе, ол-озин ушин, болашагын ушин. Дениннин сау болганына еш нарсе жетпейди. Ауырмау ушин биреуге масыл болмау ушин нык журу ушин оз камынды озин жаса,босанганнан сон енен жагдайынды жасай алмаса жаны ашымаса онда онын конилне карап сол урыспасын сол тыныш болсын деп озинди тауекелге байлама. Айтканын барин истейм деп денсаулыгыннан айрылсан вообще ешкимге керек болмай каласын. Барибир истесен де истемесен де жакпайсын. Жаман атакты алады екенсин, дым истемей озинди озин кутип жер аударылып кетсе де, уйкынды кандырып, дененди жылы устап кырык кун бапталу керек менин ойым.

    Reply this comment
  17. Сырға
    Сырға 14 Январь, 2015, 21:58

    Менде жақында босандым.Енем бар.Мені бабында күту ойына да келмейді.Өзім Алла бұйыртса,келін алсам,көреген енелер қатарында боламын деп ойлаймын.Ауылды жер болған соң,үй тірлігі өте қиын

    Reply this comment
  18. Гүлжан
    Гүлжан 2 Май, 2015, 15:36

    Сәлеметсіз бе?Сіздің бұл мақалаңыз өте орынды деп есептеймін.Казирги кезде перзентханаларда біраз өзгерістер енгізген рас бірак ана кутимине ештене жасалмаган.Сиз айтып өткендей ботканын орнына сорпа беріп кутим көрсетілсе ондай ауруға шалдыққан аналар да болмас еди.Бұрындары босанганнан кейін ыстық шай алып келіп бермейтін,казир шукир әйтеуір кішкене болсада карайласатын болыпты.Осындай мәселелер жиі көтерілгендиктен болар медициналық қызметтерді колга ала бастаған. Сізге коп рахмет.

    Reply this comment
  19. Гүлжан
    Гүлжан 4 Май, 2015, 11:54

    Сәлеметсіз бе Айкаракоз апай!Мен сізден сурайын дегенім…мен босанганнан кейін мулдем кутинген емеспін.Ыстық сорпа шай ишип терлемедим.Менин ойым. терлей берсен одан бетер аурып калармын деген ойда болдым.Бирак не женил жүруге не кымтанып кинуге де тырыспадым,Бирак терлеп кетпейтиндей кинип журдим.Биринши баламда да каир босанган баламда да остип журмин.Бирак кудайга шукир ондай аурулардан сактасын ауруханада тексерілген кезде бари жаксы дейтін.Онын үстіне озимди жайлы,денсаулығын мықты,босанган әйел сияқты сезинетинмин.Сойтип өмірге төрт баланы акелдим.Бирак осындай мақалаларды окыган сайын жаным туршигеди.Үлкен кисилер аурудын бари жасын келгенде шығады деп айтады.Сол рас па?Кутинбеген әйелдер кандай ауруларга шалдыгуы мүмкін.?

    Reply this comment
  20. Айгул
    Айгул 11 Май, 2015, 18:03

    Сəлеметсіздер ме? Мен жақында босандым қырык күн күтініп, белімді матамен байлап жүрдім. Негізі белді қанша күн байлау керек. Осы сұраққа жауап жазсаңыздар.

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*