Жігіттер не себепті отбасын құрады?

Жігіттер не себепті отбасын құрады?  Кейбір бойдақ жігіттерге  «Неге үйленбей жүрсің» деген сауал жолдасаң, үйленетін қыздың жоқтығын айтады. Ал қыздардан сұрасаң, не күледі, не ашуланған кейіппен жауап береді. «Қыз таппай жүрген» жігіттер бәрібір үйленеді. Өйткені, отбасын құру керек. «Үйлену керек» деген мақсатты көздеген жігіттер асығыс шешім қабылдағанына өкінгенін білдірмесе де, «жаман қатынның қайдан шыққанын» білмей дал болады.

Ал енді еркектер қауымы не себептен үйленетіндігін сұрау арқылы жүргізілген сауалнаманың  қорытындысына сүйеніп, жігіттің әйел алуына түрткі болар себептерді топтастырайық.

Қанша жерден жасыруға тырысса да, еркектер тән қажеттілігін алға тартып  үйленеді екен, яғни жұбайлық өмірдегі жыныстық қатынасты қажет етеді. «Тегін төсек болғаны үшін» деген әзіл ауыздарына бірінші түсіп, артынан қалжың екенін айтып, келесі себептерін сөз қылып жатады. Күнделікті төсек қатынасын керек ету ықпалымен үйленетін жігіттердің жасы 25-ке дейін ғана. Махаббат, сезімдердің соңы да гормондардың іске қосылып, жыныстық қатынасқа ұласуына әкеледі.

Артынан ұрпақ қалдыру мақсатымен үйлену екінші кезекте тұр. Олардың қатарын сүр бойдақтар толықтыратын көрінеді. Бірақ, бала сүюге асығу – әйелдердің бойында жиі болатын қасиет. Ол әйелдер үшін – күйеуін жанында ұстап қалу үшін немесе өзін толыққанды бақытты сезіну үшін мақсат болса, еркектер үшін – ізін жалғау, ұрпақ сабақтастығы. Былайша айтқанда, бүгінгі күннің емес, болашақтың қажеттілігі.

Тұрмыстық жағдайының жинақы әрі дайын болғанын қалағандықтан үйленуге асығатын  жігіттер бар. Олар анасындай, пысық, үй қызметтеріне жатық қыздарды іздеп табуға тырысады. Алайда, бұл үйленуге ықпал болатын себептердің соңғы жағынан орын алуда. Қаражатты көп табатын еркектер үй қызметкерлерін ұстау арқылы да жайлылыққа жете алады. Негізінде, жігіттерге қарағанда, қыздардар тұрмыстық мәселелер жайлы көп ойлайды. Болашағында өзін, бала-шағасын асырай алатын, тамағын таба алатын, үйінің, мүлкінің бар болғанын қалайды.

«Қаласаң да, қаламасаң да, үйленесің» қағидасымен отау құратын жігіттердің отбасы керемет жарасым тауып кетуі мен екіге айрылу қаупі елу де елу. Үйленуден басқа жол болмай, шаңырақ көтеруге себептер арасында кең етек жайғаны – қыздың екіқабат болып қалуы.

Өз борышын өтеу үшін шаңырақ көтеру жігіттерді үйленуге алып келетін соңғы себептердің қатарын толықтырады. Олар әрине «анам шаршамасын, ата-анам немере сүйсін, әжем шөбересін көріп кетсін» деген сияқты адал ниетті іске асырумен жалғасып кете барады.

Ал жанына серік іздеп, жалғыз қалмаудың жолы – неке, үйлену деген себеппен отбасын құратындар асарын асап, жасарын жасап болған, қырықтың қырқасынан біраз асқан еркектерде болатын себеп. Сондықтан жас жігіттер арасында бұл ықпал соңғы орында.

Сауалнама барысында алынған жауаптардан мысалдар келтіре кетсек:

ЖІГІТТЕР НЕ СЕБЕПТІ ОТБАСЫН ҚҰРАДЫ?

Абай Асанкелді : Ең бірінші — адам жалғыз жүре алмақ емес. Мен үшін болашақ жарым менің досым, әрі сырласым болғанын қалаймын. Сондықтан мен үшін ең бірінші себеп жаныма жақын адам табу. Екінші — ол әрине жыныстық қажеттілік. Үшінші — ата-анамның үмітін ақтап, бір келін апарып берсем деймін.

Абзал Сариев: Не үшін???? Амалсыз ұрпақты жалғастыру не байлығым жатқа қалмасын деген ойда емес, Жалпы өзімнің саналы ғұмырым басталғалы — өз балама (қызыма) мен үшін ең бастысы дұрыс адами ТӘРБИЕ беріп, оны АДАМ етіп шығару деген ниетте үйленермін!

Садық Шерімбек: Күніммен түнімді, қуанышым мен мұңымды бірге бөлісетін бір жанның болғанын, балаларымның болғанын қалаймын. Әрине, әзірге өз қажеттілігім үшін үйленем дегені емес, тамақты мен де жасай аламын. Табиғи қажеттілікті есепке алмағанда, жұптасып ғұмыр кешу, тіршілікті жалғастыру – өмір заңдылығы, Алланың бұйрығы. Болашақ әйелім махаббатым емес, бұрыннан жақсы түсінісетін, жанашыр дос қызым болса, керемет болатын еді.

Алдан Жылгелдi: Өмірде қандай да болса тұрақтылыққа талпынудан туындаған үрдіс болса керек…

Жалгас Ертай: Табиғи қажеттіліктерінің тікелей қатысты себебін айтпай, кейбір еркектер репродуктивтілік және басқа да қажетсіз нәрселер туралы ой тарқата бастауы мүмкін, оны ешкім теріске шығармайды. бірақ, факт одан өзгермейді :)

Абай Омаров: Тамақ пісірмеу үшін, үй жинамау үшін, киімдерімді үтіктемеу үшін, жұмыстан немесе басқа жерден ашуланып келгенде, жыныңды әйеліңнен алу үшін.

Жанасыл Болатбек: «Табиғи қажеттілігін қанағаттандыру үшін» десем, бола ма?

Сурет: ameno.ru

Comments

  1. Розатай
    Розатай 27 Март, 2012, 18:32

    Қызым, бүкіл блогшы қауымнан сұрап шығыпсың ғой! Жинақы жазба!

    Reply this comment
  2. AKY
    AKY 28 Март, 2012, 20:20

    Қызықты жазба:))

    Reply this comment
  3. РУСЛАН АРЫСТАНОВ
    РУСЛАН АРЫСТАНОВ 3 Апрель, 2012, 12:54

    Қажеттіліктен тарықпау үшін!

    Reply this comment
  4. Оскенбаева Асия
    Оскенбаева Асия 19 Апрель, 2012, 01:20

    Magan Abai Abai Sadyk agalardyn sozi unady!

    Reply this comment
  5. Оскенбаева Асия
    Оскенбаева Асия 19 Апрель, 2012, 01:22

    Magan Abai, Abzal, Sadyk agalardyn sozideri ote unady. Akyl toktatkan, bolashakty oilaityn jigit ekenderi korinip tur!

    Reply this comment
  6. Diko
    Diko 15 Ноябрь, 2012, 01:11

    Маган Абай Асанкелдинин айткан создери унады.

    Reply this comment
  7. Райхан Мамырова
    Райхан Мамырова 19 Декабрь, 2012, 10:16

    Абай Омаров сондай ниетпен уйленсе демек айели озиннен откен биреу болады.

    Reply this comment
  8. aben nurzia
    aben nurzia 26 Март, 2013, 18:59

    jigitter makabbatin adal bola alama

    Reply this comment
  9. Коля
    Коля 15 Ноябрь, 2013, 09:48

    меним озим не ушин уйленесин деген суракка? Жауап. Ар бир еркек омирде серигин издиди. Кеи биреулер паидалану ушин. Кеибиреулер байдын кызын издеиди. Не ушин жигиттер булаи жасаимыз. Оиткени. Олар уйленгиси келмеитиндер. Болашакты аналар кыздар ешкашан асыгыстык танытпандар. Уйлену онай. Уй волу кыиын

    Reply this comment
  10. Азатбек
    Азатбек 18 Ноябрь, 2013, 11:23

    менің өзим не үшін үйленесің деген сұраққа? Беретін жауабым Үйленип үй болу деген табиғаттың заңдылығығо, қайткенде де қасыңда әйелің болу керекқо өмірден жалғыз өту ол мүмкін емес жағдай. үйлену оңай, үй болу қиын демекші үйленер алдында біраз ойланып «үй болаламын ба » деген сияқты. сондықтан үйлену кезинде толық бір шешімге келіп болашақ жарыңмен бір шешім қабылдаған дұрыс деп ойлаймын!!!!!

    Reply this comment
  11. ассар
    ассар 21 Январь, 2014, 22:37

    Не үшін, кім үшін өмір сүріп жатырғаныңды түсіну үшін үйлену керек .

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*