Шәугімнің ішіне қатқан қақты қалай кетіруге болады?

Шәугімнің ішіне қатқан қақты қалай кетіруге болады?Таңертеңнен шәугімді қосып жіберіп,  су бұрқ етіп қайнаған соң ыстық шәйдан сораптап отырғанға не жетсін?! Шәй ішкенді жақсы көретін бізге ол досымыз сияқты, тым көп қолданамыз.

         Көп қайната бергендіктен шәугімнің ішіне әппақ қақ тұра бастайды. Оны кейбірі қатып, қабырғасына жабысқан судың хлоры десе, кейбірі тұз дейді. Тіпті кейде шәугімді ашып, «осыған қайнаған су таза бола ма, жоқ па» деген ойға келесің. Әрине оны тазалау үшін біраз күш керек, не пышақпен, қырғышпен тырналайсың, не шәугімді еден үстіне соққылайсың. Бұл жағдайда толық тазалануы да екіталай.

         Сіздерге шәугімнің ішінде тұрып қалған қақты тазалаудың бірнеше жолын ұсынамыз:

  1. Шәугімнің көлеміне қарай 2/3 бөлігіне суық су құямыз, үстіне 10-15 гр. (2 литрлік шәугімге) лимон қышқылын (шырыны емес) себеміз. Шәугім қабырғаларындағы қақ ажырағанша 3-4 минут қайнатамыз. Астындағы отты өшіріп, суытып қоямыз. Лас суды төгіп, тағы да таза су құйып, лимон қышқылын сеуіп, тағы бір рет қайталаймыз. Шәугім тап-таза.
  2. Егер шәугімнің ішіне қатқан қақ тым көп әрі нығыз болса, тазалауды 3 кезеңнен жүргіземіз.

Бірінші, шәугімнің 2/3 бөлігіне су құйып, 1 ас қасық ас содасын саламыз. Оны жарты сағат қайнатып, тұнба бар суды төгіп тастаймыз.  

Бұдан кейін 1 пункттегі тәртіппен тазалауды қайталаймыз. Тек лимон қышқылынан 1 ас қасық қосып, суды 5-7 минут қайнату керек.

Соңында таза суға жарты стақан сірке суын (уксус) қосып, жарты сағат қайнатамыз.

Шәугімді тазалап болған соң ішіне таза суды қайнатып, төгіп тастауды ұмытпаңыз. Бөлменің терезелерін ашып, желдетіп алғаныңыз дұрыс. Себебі, тазалау барысында қоспалардың иісі бумен ауаға таралады.

  1. Шәугімді тазалаудың басқа да түрлері бар. Ол құрамында лимон қышқылы бар  «тазалағыш құралдардың» көмегімен жүзеге асады. «Тазалағыш құралдарға» Кока-кола, Спрайт сияқты сусындар жатады. Алдымен сусынның газын шығарып, шәугімнің жартысына дейін құйып, баяу отпен қайнату керек.

Суреттер: kbtm.ru, goddees.ru

Comments

  1. Бухарбаева Аида
    Бухарбаева Аида 26 Сәуір, 2012, 10:09

    Киімге жабысқан сағызды қалай кетіруге болады?

    Reply this comment
  2. Айка
    Айка 4 Маусым, 2012, 16:19

    Сағыз жабысқан киімімізге мысалы: белдемше. Белдемшенін астына мұз ұстап тұрып бетіндегі сағызды кырып тастаңыз. содан кейін белдемшеңізді жуып тастаңыз. Барынша ұқыпты істесеңіз өзіңізге ыңғайлы болады.

    Reply this comment
  3. Aigerim
    Aigerim 16 Тамыз, 2012, 13:46

    Киімге жабысқан сағызды кетіру үшін, сагыз жабыскан жерге ак кагаз / А4 бумага/ койып устінін катты кызып турган утікпен бассаныз, сагыз ерип кагазга жабысу аркылы кетіруге болады

    Reply this comment
  4. жәке
    жәке 13 Мамыр, 2013, 22:40

    шәуігім деп сперманы айтады ғой

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*