Түн…Қала…

Түн...Қала...

Түн…
Тыныш көрінгенмен,
тыным қашқан…
Кешегі әуен бөлек…
Бүгін басқа ән.
Жұлдызға ұмтылады жұмыр басым,
Түбіме жетер менің түбінде аспан…

Үйлермен тіресіп ап биік-биік,
Сұр бұлт тұр кеудеме күйік құйып!
Санамда сонау күнгі қиял-арман,
Заманға тұрса дағы иық тиіп…

Таста мұң…
Тақтада мұң…
Таспада мұң…
Көшесін мұң тербеп тұр астананың.
Ешкімге керек емес ет-жүрегің,
Ешкімге қызықты емес қас-қабағың…

Шамам бар…
Шаттанып ақ көсілер ем,
Мұндайда қоса мұңды досым өлең!
Әлі де бар еді ғой әңгімеміз,
Бәрі де шешілді ме осыменен?

Жүзінен жасырылмас сыры ұшқындай,
Күлімдей қарағанмен күміс нұрлы Ай,
Мұңымды біліп алып ол да менің,
Жырымды қоса оқиды тыныш тұрмай…

Түн…
Тыныш көрінгенмен,
тыным қашқан…
Кешегі әуен бөлек…
Бүгін басқа ән.
Жұлдызға ұмтылады жұмыр басым,
Түбіме жетер менің түбінде аспан…

Өлеңді жазған: Рахат Әбдірахманов

Сурет: gallery.dviger.com

Comments

  1. Абзал САРИЕВ
    Абзал САРИЕВ 11 Сәуір, 2012, 16:35

    керемет!!!

    Reply this comment
  2. Белгісіз жан
    Белгісіз жан 12 Сәуір, 2012, 11:54

    куштии!!!!

    Reply this comment
  3. Сері
    Сері 24 Сәуір, 2012, 15:54

    Әдемі Өлең Рахат! Тема жазасың. Тағы бір кітабынды шығарсайшы .

    Reply this comment
  4. Зада
    Зада 12 Қазан, 2012, 20:30

    әдемі, аға, әдемі.

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*