Ұйқыңыз қанбаса…

Ұйқыңыз қанбаса... Аз ғана уақыт ұйықтап, амалсыз оянып, күні бойы маужырап жүреміз. Ол мүмкін жұмысқа (сабаққа) кешікпей бару үшін ерте оянудан шығар, мүмкін түнде ерте ұйықтаудың мүмкіндігі жоқтығынан шығар, мүмкін түні бойы көз іле алмай, ұйқысыздық ауруына шалдыққаннан шығар, әйтеуір бір қажеттіліктен шала-шарпы көз шырымын аламыз. Бірақ, ұйқыға салғырт қарамау қажет. Өйткені, ұйқының қанған-қанбағаны адамның сырт келбетіне (сымбатына) тікелей әсер етеді, әсіресе әйелдерге берер залалы бар. Амеракалық ғалымдар ұйқының жеті сағаттан кем болмау керектігін, бес сағат және одан аз ұйықтайтын әйелдердің тез толып, қайта салмақ тастауы қиынға соғатынын анықтады.
Үнемі ұйқы қанбай, маужырап жүру ағзаның зат алмасуын тым баяулатып, денеде май жиналып, салмақтың артуына алып келеді екен. Тоя тамақ ішу қанбаған ұйқыға қосылып, адам денесін тым әлсіретіп, діңкесін құртады. Жұмысқа зауқы соқпай, қимылдауға ерініп, отырып алады не мүмкіндік болса, тамақтана сала, ұйықтай кетеді. Дұрыс қорытылып, денеге тарамаған тамақтың соңы семіздікке алып келеді.

Ұйқыңыз қанбаса...
Ұйқыңыздың қанық болуы — денсаулығыңыздың ғана емес, сымбатыңыздың да кепілі.

peachgirl.ru

Сурет: spiritshot-acorex.com, vkamushek.ru

Comments

  1. Казак кызы
    Казак кызы 21 Апрель, 2012, 12:39

    Мен маубаспын…уйкыны жаксы корем,

    Reply this comment
  2. Алина алиева
    Алина алиева 25 Апрель, 2012, 15:15

    Semirtedi

    Reply this comment
  3. Алина алиева
    Алина алиева 25 Апрель, 2012, 15:15
  4. Zevs
    Zevs 12 Май, 2012, 21:13

    Сәлем,Айқаракөз! Менің бір сұрағым бар. Шамадан тыс көп ұйқтап, ұйқыны жеңе алмайтын әдетті жою үшін не істеуге болады?

    Reply this comment
  5. Базука
    Базука 15 Май, 2012, 15:24

    былтырлары күніне 3-4 сағат қана ұйықтап жүрген кездерім болды, бірақ дым семірген жоқпын. семіргім келедддддд))))

    Reply this comment
  6. Казак кызы
    Казак кызы 24 Август, 2012, 13:30

    уйкыдан семирген адам биреу болса, онда сол мен болар едим. аттен, арыкпын али кунге дейин, канша уйыктасам да

    Reply this comment
  7. Шынар
    Шынар 19 Ноябрь, 2013, 14:13

    оте керемееееет кенестер коп коп рахмет!!!

    Reply this comment
  8. понти
    понти 24 Декабрь, 2013, 14:55

    уйкыдан адам семирмейди екен,керисинше уйкысыздыктан толып кетеди екенсин

    Reply this comment
  9. Нур
    Нур" 3 Январь, 2014, 23:28

    Az uiktagan wnymen semirtetn siakty..men jai jatam i erte turam..s0sn sabakta maujyrapp jureemm)) i ewe semirip bara jatyrmm,bliiin(

    Reply this comment
  10. жулдыз
    жулдыз 2 Февраль, 2014, 01:38

    салем кыз келиншектер!!! мен турмыс курган кызбын уйде жарым жане ата-енеммен турамыз! кейеуим танертен 7 де жумыска кетеди сол кезде турып жумыска дайындап жиберем содан кеткеннен кейн кайтып жатып калам уйыктаймын сагат 2 ге дейн кунде сол уакытка дейн ал ата енем ештене демейди сурак сизге калай емделуге болады будан уйхы душпан дейдиго казак

    Reply this comment
  11. Мырзабек Бану
    Мырзабек Бану 17 Июнь, 2014, 08:05

    Уйкыдан семиру семирмеу адамдардын организмине байланысты, биреулер семиреди, биреулер семирмейди.

    Reply this comment
  12. Жанибек
    Жанибек 21 Июль, 2014, 11:18

    Ким айтты семиреди деп бари отирик.

    Reply this comment
  13. Саха
    Саха 16 Апрель, 2015, 11:15

    Уйкын канбаса плотна уйыктап ал

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*