Түнгі өлең

Түнгі өлең Қараңғы түн.
Ай жарық.
Шолпан жарық.
Шегінбессің, қойған соң жол таңдалып.
Көз алдымда бір тамшы дірілдейді,
Көктен түскен әр нұрдан қолтаңба алып.

Әдемі аспан…
Әлди жел..
Ән құмар шақ…
Әлем ғажап…Сүйген сәт-мәңгі бал сәт!
Жан еркем-ау, өзіңді жаныма ертпей,
Жалғыз өзім келемін жаңбыр аңсап…

Кеше шер мен шемен күй берірек –тін,
Елес боп кеп, кешімді керім еттің!
Қара аспанның түнегін қақ жарады-
Қарақаттай көздегі меруерт мұң…

Кімге айналып барамын, кімге айналып,
Қайда апарып соғады мұндай бағыт?
Парағымда жатысың күнде өлең боп,
Қаламыма бір ғажап гүл байланып…

Бір жанады жүрегім… Бір жаралы,
Қашан енді біздің бақ бүр жарады?
Өлең оқып беремін Көктен сұрап,
Ойыңды оқи алмаймын бір жаманы…

Қалау барда бөгеуден тағдыр алшақ,
Жалғыз жүре берем бе жаңбыр аңсап?
…Мұңның бәрі мың жұлдыз асар еді,
Түннің бәрін екеуміз ән қыла алсақ..

Өлеңді жазған: Рахат Әбдірахманов

Сурет: webcommunity.ru

Categories: Махаббат

Comments

  1. ОТАУ АЛМАТЫ
    ОТАУ АЛМАТЫ 5 Май, 2012, 11:52

    Мықты, керемет жазылған

    Reply this comment
  2. Мусабекова Динара
    Мусабекова Динара 6 Сентябрь, 2012, 18:35

    мағыналы әрі мәнді өлеңдерңіз үшін рахмет.

    Reply this comment
  3. Адайка
    Адайка 15 Сентябрь, 2012, 00:26

    «Көктен түскен әр нұрдан қолтаңба алып.» Ойын еркін, тамаша жеткізе білген!

    Reply this comment
  4. Зада
    Зада 12 Октябрь, 2012, 20:04

    Көңілінің терезесін күн де бір мұң қағатын.
    Тағыда бір ақынды.
    Ғашық қылды қара түн.

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*