Дос бола алмаспыз…

Дос бола алмаспыз...

Көктемде күлімдеп таң атпай,
Көңілім күпті боп кезді күз.
Ақылым арымды ағартпай,
Жүргенін сездіңіз.

Құшаққа ап, қойнына баспады,
Жанымды жатырқап желді күз.
Махаббат мұңға орап тастады,
Оны да көрдіңіз.

Бәрібір баз кешіп жүргенім,
Қуалай берсінші күзді күз.
Адаспай ақ жүргім келгенін,
Сіз ғана білдіңіз.

Дәт жетпей үмітті үрлеуге,
Екеуміз доспыз ғой дедіңіз.
Қысқа жіп келмеді күрмеуге,
Тірегім едіңіз.

Әуелде қалсам да иланып,
Өмірім.. Өлеңім құнарсыз.
Кеудеме сағым боп жиналып,
Тағылған тұмарсыз.
..Байқаған шығарсыз..

Өлеңді жазған: Салтанат Смағұлова

Сурет: animated-gif.su  

Comments

  1. ЕРБОЛ
    ЕРБОЛ 17 Шілде, 2012, 12:30

    Ақылым арымды ағартпай… Ұғынғанға ұлы сөз..

    Reply this comment
  2. Anara
    Anara 28 Тамыз, 2012, 17:29

    Keremet olen eken.
    Maginasi terende.

    Reply this comment
  3. Адайка
    Адайка 15 Қыркүйек, 2012, 00:25

    «Ақылым арымды ағартпай,»
    Иә, мағынасы ұғынғанға тайызда, ұғынбағанға тұңғиықта жатыр.

    Reply this comment
  4. Irina
    Irina 11 Қаңтар, 2014, 13:39

    МЕНІҢ ЕСІМІМ ИРИНА.менің сіздерден бр пікір сұрағым келеді.Мен бір жігітті қатты сүйем.мен оны өзгелерден қатты қызғанам.брақ ол жігіт менң немере апамның бұрыңғы жігіті,ал бұрынғы жгітмнің жан досы.мен одан бас тартқым келмеиді.не істей алам.айтыңыздаршы

    Reply this comment
  5. Esxat
    Esxat 8 Наурыз, 2014, 12:14

    Menin atim Esxat…menin sizderden bir narsege jauap algim keledi? Men bir kizdi jaksi korip kaldim ogan soz saluga batilim jetpeidi,ogan aitsam menen alistap ketema dep korkam..ne istesem boladi komektesizderwi?

    Reply this comment
  6. Малика
    Малика 22 Наурыз, 2014, 10:50

    Есхат салеметсизбе?!сизге айтар акылым батылдау болыныз!егер соз салсаныз онын сизге деген сезимин билесиз!кызда болса умитин батылдау бол жигитим!

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*