Тісті қалай ағартуға болады?

Үйде тісті қалай ағартуға болатынын білесіз бе? Әркімнің тіс дәрігеріне барып, тісін ағартуға шамасы келе бермейді. Арнайы мамандарға тісті ағартқаннан кейін де 1-3 жыл ішінде тістің реңі өзгере бастайды. Сондықтан стоматологтар қайталама курстардан өтуді ұсынады. Бірақ, үй жағдайында да тістеріңізді ағартып алуға болады.

Тісті қалай ағартуға болады?

Тіс түсінің өзгеруіне не себеп болады?

  1. Құрамында бояғыш заттар бар тағамдар (мысалы кофе, шай) қолдану;
  2. Темекі шегу;
  3. Жүйелі аурулар (флюороз);
  4. Бір тістің зақымданып, тіс тамырларын емдеудегі асқынулар.

 

 

 

Үй жағдайында тісті тазарту:

Кәдімгі ас содасы тісті ағартатын құрал ретінде халық емінде кең таралған. Тіс жуатын щеткаңызды ас содасының ерітіндісіне батырып, тісіңізді ысқылайсыз. Тісіңіз демде әппақ болып шыға келеді. Алайда ас содасының үйкелуінен қызық иек ауырып қалады. Өйткені, ас содасы тіс эмалінің жоғарғы қабатын сыдырып алады. Егер тісіңізді ас содасымен айына бір реттен көп жусаңыз, тісіңіздің эмалін тез құртып аласыз. Тісіңіз ыстыққа да, суыққа да тез әсер алып, сезімтал болып қалады.

Тісті ағартушы тіс пасталары да ас содасы сияқты, құрамында тістің түсіне әсер ететін ферменттер мен абразивтер бар. Мұндай тіс пасталарын көп қолдануға болмайды. Өйткені, эмалдың сезімталдығы арта береді. Тіс пасталары жақсы болғанмен, күткен нәтиже болмайды.

Сутек тотығы (перекись водорода) – арзан әрі тиімді құрал. Оны қолданғанда қызыл иек ашып, бір түрлі әсерлер болуы мүмкін. Бірақ, нәтижесінде тістеріңіз маржандай әппақ болады. Нәтижеге бірнеше апта өрпей жатып-ақ қол жеткізесіз. Сутек тотығын қолданғанда ол аузыңызға түсіп кетсе, қорықпаңыз, бастысы, жұтпасаңыз болды. Сутек тотығымен тістеріңізді әдеттегідей тазартып, бір минут ішінде аузыңызды шайыңыз. Сосын түкіріп тастап, жылы сумен шайыңыз. Немесе сутек тотығына мақтаны батырып алып, тісіңізді тігінен, көлденеңінен ысқылаңыз.

Құлпынай мен қойбүлдірген (земляника): құлпынай мен басқа да жеміс-жидектердің тісті керемет ағартатынын көп адам біле бермейді. Бұл жеміс-жидектердің құрамында глюкоза мен қышқыл болғандықтан, артынан тісіңізді құрамында фтор бар тіс пастасымен жуыңыз. Жеміс-жидектерді тісіңізге суы шыққанша тигізіп тұруыңызға немесе ысқылауыңызға болады.

Үйде дайындалған тіс пастасы. Тісті үй жағдайында ағартудың ең тиімді жолы – өзіңіз дайындаған тіс пастасы. Ас содасы, сутек тотығы, ас қасық тұз бен кішкене көлемдегі тіс пасын араластырып, әдеттегідей тісіңізді жуып жүріңіз.

aniramia.ru

Сурет: beauty.ua

Comments

  1. Айдаһар қыз
    Айдаһар қыз 3 Июнь, 2012, 17:38

    Рахмет, Айқаракөз.
    Енді ауыздан шығатын жағымсыз иістен қалай құтылу туралы жазсаңыз жақсы болар еді.

    Reply this comment
  2. сырман салтанат
    сырман салтанат 8 Июнь, 2012, 09:54

    рахмет енді сутек тотығы дегеніңіз не екенін және оны қайдан алуға болатынын айтсаңыз

    Reply this comment
  3. Айдана
    Айдана 11 Июнь, 2012, 14:38

    Сутек тотығын қайдан алуға болды

    Reply this comment
  4. Бибинур
    Бибинур 2 Октябрь, 2012, 12:33

    Сутек тотыгын канша уакытка деин колдануга болады? кунде ме алде….

    Reply this comment
  5. Balnur Kaldikoziva
    Balnur Kaldikoziva 15 Май, 2013, 18:56

    Ia rasinda da men bir stamatolgka barip tisimdi agartkan edim.Birak 2 jildan son jagimsiz is wiga bastadi

    Reply this comment
  6. Моля
    Моля 10 Ноябрь, 2013, 17:43

    Меним ойымша тистеги жагымсыз истеп кетиру ушин ауыздар сагызды тастамау керек сагыз ауыздагы жагымсыз исти жояды ж/е ен бастысы тисти кунде тазалау!!!……

    Reply this comment
  7. айсана
    айсана 14 Март, 2014, 17:15

    тисти стоматологка барсам агарта ала ма екен

    Reply this comment
  8. Альбина
    Альбина 16 Март, 2014, 15:00

    Тистерди тагы кандай тасилмен тазалауга болад?

    Reply this comment
  9. меруерт
    меруерт 8 Апрель, 2014, 21:07

    Тіс адемның ажарығои. Менің тісім мерерттеи тізілген адеми ақ тіс . Мен сендерге аитарым ешқашан қант жемеңдер ж/е татті нарсе и бояуы бар заттар жеуші болмаңдар достар. Олар адамның тістерін құрттатып ж/е сарығыш қылытып жібереді.

    Reply this comment
  10. Жазира
    Жазира 23 Август, 2014, 07:51

    Ас содасы еритиндисин калай жасайды? (м/ы: 1 стакан суга 1 ас касык сода дегендей) Толыгырак жазыныздаршы отинем.

    Reply this comment
  11. Аружан
    Аружан 18 Ноябрь, 2014, 21:00

    Перекиспен ыскыласан тисин агара ма?ким истеп корд?

    Reply this comment
  12. Асқар
    Асқар 13 Январь, 2015, 19:14

    Өте керемет жазылыпты маған ұнады енді тістің құрттауына не себеп болады? деген сұрағыма жауап жазсаңыздар. Мен тəтті тағамдар мен конфеттер жемеймін бірақ сонда да тістерім құрттап кетеді. Енді екі тісім құрттап тұр , тіс емдетуден шаршағанмын

    Reply this comment
  13. жазек
    жазек 10 Апрель, 2015, 12:07

    Мен азу тісімді жұлдыртып едим. 4 кун болды әлі ауырып жур дәрі ішуге болмайды себебі аяғым ауыр. Тісімді ас содасымен немесе тұзды сумен шаюға боладыма?

    Reply this comment
  14. Қаламқаc 30.04.2015ж
    Қаламқаc 30.04.2015ж 30 Апрель, 2015, 13:37

    Тіс- адамның көркі. Жазғы маусымда түймедағы түнбасын пайдаланып. ауыз қуысын шайып отырсаңыз тіске пайдасы бар

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*