Бетперде

Бетперде

Кешір мені…
Жайлар тағы қынжылтты есімдегі.
Есімдегі елестен аласұрған,
Айрылғандай күй кештім жанашырдан.
Жанашыр жан..
Сен бе едің сүйген мені?
Сезіміңе сыңар боп күй мендегі…
Күймең мені ап кетті арманға аппақ,
Кете бардым кіршіксіз Ардан да аттап.
Ардан да аттап,
…періште ем бейкүнә мен…
Билеп алды еркімді сиқыр әлем…
Сиқыр әлем көзбояу екендігін,
Бетперденді шешкенде бекер білдім..
Бекер күлдім…
Жаным қан жылап іштен,
Жауымды да таңданттым бұл әдіспен.
Тұрады үстем шаттықтан неге мұңым?
Сетінеген сезімнің себебі кім?
Сенерім кім?
Жаным-сыз, тұманды-іргем,
Көзім ағып түскенше жылармын мен…
Жылармын Мен, күрсінтіп Ар батпаны,
Ажал келіп қапқанша Жан қақпаны…
Ойыныңа кіргізіп сен біреуді,
Қойынына енерсің алдап тағы….

Бетперде

Өлеңді жазған: Жұлдыз Қазихан

Суреттер: mynov.ru

Comments

  1. 321
    321 6 Сентябрь, 2012, 16:42

    Мықты жазылған, қарындасым. Жігіттер бірақ сондаймыз, алдаймыз, аламыз.

    Reply this comment
  2. конак
    конак 12 Сентябрь, 2012, 10:00

    арманга еріп, биреуге сеніп,сонында конили калган талай кыздын тагдыры оленмен тамаша орилген екен. окиништи…

    Reply this comment
  3. Абзал САРИЕВ
    Абзал САРИЕВ 13 Сентябрь, 2012, 22:05

    керемет поэзия, оқығанда — еріксіз көңіліңде әуен ойнатады екен!!!

    Reply this comment
  4. Адайка
    Адайка 15 Сентябрь, 2012, 00:19

    поэзия әдемі, бірақ өмірі өкінішті екен!
    Кете бардым кіршіксіз Ардан да аттап.
    Ардан да аттап,
    …періште ем бейкүнә мен…
    Билеп алды еркімді сиқыр әлем…
    Сиқыр әлем көзбояу екендігін,
    Бетперденді шешкенде бекер білдім… Адамның жанын ауыртады…

    Reply this comment
  5. Барс
    Барс 16 Сентябрь, 2012, 20:32

    керемет-жарайсың

    Reply this comment
  6. Сая
    Сая 23 Сентябрь, 2012, 19:42

    Ote keremet jazylgan. Janyndy eljiretedi.

    Reply this comment
  7. offshore bank account
    offshore bank account 28 Сентябрь, 2012, 17:18

    Елге, ел ішін кезген жел сөзге дауа жоқ. Сіздің сұрай алмай отырғаныңыз да осының бір түрі ғой. «Нұржан істі болып, қолына кісен салынып, сотталып, түрмеге түсіпті. Қарызға батып қапты, сөйтіп, күйікке шыдай алмай өзіне-өзі қол жұмсапты. Шашын тықырлатып алып тастап, ішіп кетіпті…» деген әңгімелер қай жерге барсам да, алдымнан шығып жатыр. Онан «Нұржан түрмеде отырған жерінен Бауыржан Ибрагимов 35 мың АҚШ долларын беріп, құтқарып алыпты» деп те шықты. Олардың бәрін қойшы, ең шамыма тигені, «Жаралы сезім» фильмінде Арайдың рөлін ойнаған қарындасымдай қызбен қосып, «ойбай, болып жатқан істің себепшісі сол қыз екен!» деп те шығарды. Өліп бара жатсақ та, анасын сыйлап, қызын құрметтеген қазақ едік қой! Мені қойшы, әлгі өрімдей қыздың тағдырынан қорықпай ма? Айдалада жүрген біреудің әлпештеп отырған қарғадай қызын менімен қосып, атын бүлдіріп не көрінді бұл елге? Ойласам, күйіп кетем. Көп болса, менің баламнан екі-үш жас үлкен қыз ғой. Нақақтан-нақақ адамды күйдіруге болмайды.

    Reply this comment
  8. АкЖайык
    АкЖайык 3 Октябрь, 2012, 15:55

    адемі, асерлі олен ,,,,,,,,,,,, тек мунды((((

    Reply this comment
  9. Ізет
    Ізет 4 Октябрь, 2012, 21:02

    жүректен шыққан зат жүрекке жетпек. омір деген окініш

    Reply this comment
  10. айко
    айко 7 Октябрь, 2012, 17:16

    Қыздар, сол үшін шымылдық дегенді ақтайық, әйтпесе осылай өлең жазып, өкініп қаламыз.

    Reply this comment
  11. талшын
    талшын 10 Октябрь, 2012, 12:32

    керемет әр адамға ой салады !

    Reply this comment
  12. Зада
    Зада 12 Октябрь, 2012, 19:58

    ия, жүректен шыққасын журетерге жетуде. Егіліп, сетінеп, сөгіліп жазған өлең.
    Ойыныңа кіргізіп сен біреуді.
    Қойынына кірерсің алдап тағы.
    Сан соғып, қан жылап жазған бойжеткендердің осындай жүрекжарды жырлары талайларды ойландырар!

    Reply this comment
  13. Лелия
    Лелия 18 Октябрь, 2012, 13:56

    жақсы жазылған олең, керемет!!!

    Reply this comment
  14. жулдыз
    жулдыз 1 Ноябрь, 2012, 17:25

    Рахмет достар, кобисиннин пикирлеринизге карап мен туралы жансак ойда калгандарынызды сездим, бирак бул менин басымнан откен окига емес, тек акынжанды ару ретинде когамда орын алган осындай керегарлыкка коз жумып карай алмадым. егер сиздер осы жайды менин басымнан отти деп есептесениздер, онда мен дал осы куйди шынайы суреттей алганым ушин гана куанамын. окинишке карай кориктилеримиздин шынайы сезимине анайы жауап кататын бориктилеримиз азаймай отырганы рас

    Reply this comment
  15. лелия
    лелия 2 Декабрь, 2012, 00:43

    мунлы олен…

    Reply this comment
  16. Nurgul
    Nurgul 14 Декабрь, 2013, 15:13

    Kogamdagy jagdaiattardy jureginizben sezingeninizdin ozi erlik koi…raxmet

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*