Қызғаныштан қалай арылуға болады?

Қызғаныштан қалай арылуға болады?
Күйеуіңіз жұмыстан кешірек келіп, жаңа көмекші қыздың пайда болғанын айтып, онымен әңгімесі тез жарасып кеткенін сөз қыла ма?

Немесе, жігітіңіз сіздің құрбыңызбен жақсы достасып кетті ме?

Мұндай жағдайда белгісіздік пен шарасыздық бір уақытта алқымыңыздан алып, тыныштығыңызды кетіріп жатыр. Сүйіктіңізді біреу алып кетердей күйдесіз. Бұл – қызғаныш.

         Қызғаныш көре алмаушылыққа кішкене ұқсайды. Бұл – біреуде бар нәрсе өзіңізде жоқ болғанда қинайтын ыза мен өне бойдағы олқылықтың қосындысы. Әдетте көре алмаушылық пен қызғаныш өз-өзін төмен бағалауға, өз-өзін жек көруге алып келеді. Бұл құбылыстардан ешкім сақтана алмайды. Күндердің күнінде сізден де әдемі, сізден де ақылды біреу табылады, сонда осы сезімді бастан кешуіңіз бек мүмкін. Ол үшін ұялудың да қажеті жоқ, бәріміз тірі жанбыз. Тек қана дер кезінде тоқтата білу керек.

Қызғаныштан қалай құтылуға болады?

         Біз неге қызғанамыз осы? Жеке өмірді қызғаныштың ықпалынан ғана күл-талқан етіп жататындар қаншама. Сондықтан, өзіңізді «қызғаншақпын» деп ойласаңыз, біз ұсынатын бірнеше кеңеске құлақ асыңыз.

         Көре алмаушылық пен қызғаныштың ең басты зияны – адам өз өмірін бақылауда ұстай алмауы. Көпшілігі өзгенің әрекетін ойлап жүріп, өзіне назар аударуды ұмытады. Әрине қызғану арқылы сырт келбетіңізге көңіл бөліп, жаңа іспен айналысуды бастап, өз бағасын арттырып жататын жандар бар, бірақ, тым аз.

Сізге жағымсыз қасиеттен құтылудың бірнеше жолын ұсынып отырмыз.

  1. 1.     Бірінші кезекте, өз сезімдерін анықтап алу

Қызғанасыз, қызғанып тұрып, оны мойындамайсыз. Осылай көңіліңіздің тыныштығын бұзып, түсініксіз күйге түсесіз. Өз-өзіңізге іштей қызғанатыныңызды мойындаңыз. Бұл – қызғаныштан арылудың алғашқы қадамы.

  1. 2.     Қызғанышыңыздың себебін табыңыз

Әріптесіңіз өз жұмысынан ләззат алып, қызметі жоғарылап жатқанын көрсеңіз, іштей қызғанып қаларыңыз сөзсіз. Ондайда неліктен қызғанатыныңды түсінуге тырысыңыз. Мүмкін ол өз ісінің шебері болар?! Дәл солай күйеуіңізді не сүйіктіңізді неге қызғанатыныңыздың себебін түсінуге тырысыңыз. Күйеуіңізбен қызғанышыңыз жайлы ашық сөйлесіп көріңіз. Арты жанжалға ұласпауын қатты қадағалаңыз. Бұлай сырласу бір-біріңізді жақындастыра түседі.

  1. 3.     Болжамдарыңызға күмән келтіріңіз

Қызғанышыңыз қиялыңызды шарықтатып, күйеуіңізді бір қызбен «қолтықтастырып» қоятын болар? Немесе «мені тастап, басқаға кетеді» деген азғын ойлар маза бермей ме? Өз болжамдарыңызға бөгет қойыңыз. Ойға алған нәрсеңіздің жүзеге асатынын білетін боларсыз?! Сондықтан, ойыңызбен жамандық шақырмай, тек жақсы тұстарды ойлаңыз. Күйеуіңіз жұмысынан кешіксе, «басқа әйелге кетті» деп емес, «бір досын кездестіріп, сонымен жүрген болар» деп неге ойламасқа?!

  1. 4.     Шешім қабылдауға асықпаңыз

Құрбыңыз сүйіктіңізді басқа қызбен көргенін айтты ма? Ашуға булығып тұрған күйде арадағы қатынасты талқандауға асықпаңыз. Мүмкін құрбыңыз әдейі айтқан болар? Ол дос кейпіндегі дұшпаныңыз болар? Ол сіздердің махаббаттарыңыздың талқандалуын көздеген болар?

Оқиға орын алған уақытта бұрылыңыз да, кетіп қалыңыз не жалғыз қалыңыз. Оқиға суынған соң бәрі анықталады. Тіпті құрығанда, ертесіне өкініп отыратын іс істеуден аман қаласыз.

  1. 5.     Қызғанбаңыз, сүйсініңіз

Қызғаныш әдетте бір адамның бойынан өзіңде жоқ қасиетті не қылықты көрген кезде пайда болады. Өз қызғанышыңызды өзіңізді қамшылап отыратын құрал ретінде қолданыңыз. Қызғаныш тудырған адамның бойындағы қасиеттерді өзіңізде дамытуды қолға алыңыз. Көршіңіз сияқты арық, әдемі болуды қаласаңыз, спортпен шұғылданып, салмағыңызды ретке келтіріңіз. Сүйіктіңіз көз салды деген жанды да бақылап көріңіз. Мүмкін ол тазалыққа құмар адам болар, мүмкін ол өзін күтіп ұстайтын жан шығар. Адамның істегенін адам істейді, сіздің қолыңыздан да келетін дүние.

Кез келген адам бойының жақсы жақтарын өзіңізде ұлғайтыңыз. Қысылмай, қалай үйренгенін сұраңыз, кеңес алыңыз. Ойша қарсыласыңыз болған адамды кеңесшіңізге не «ұстазыңызға» айналдырыңыз.

Қызғаныш сезімдері бойыңызды билеп алса, оған себеп бар ма, жоқ па, соны анықтау керек. Ұнамсыз сезім – қызғаныштың пайдаңызға қызмет етуін бақылаңыз. Күдіктенген кейбір мәселелер рас боп шықса, еш қамықпаңыз. Бастысы – өзіңізге деген құрметтің жоғалып кетпегені.

Сурет: mirsovetov.ru

Comments

  1. Anar
    Anar 17 Қыркүйек, 2012, 14:40

    Ote jaksi aitilgan.kenesterinizge raxmet

    Reply this comment
  2. huseny
    huseny 18 Қыркүйек, 2012, 13:17

    ote tamaxa kozgaras eken

    Reply this comment
  3. bibigul baiborieva
    bibigul baiborieva 22 Қыркүйек, 2012, 15:25

    keremet,biz aly jaspiz. . .

    Reply this comment
  4. Гульден
    Гульден 25 Қыркүйек, 2012, 12:43

    Пікірінізге рахмет бул маган сабак болды

    Reply this comment
  5. молдир утепова
    молдир утепова 4 Қазан, 2012, 15:00

    дұрыс айтылған ақыл екен. сіздерге көп көп рахмет. осындай кеңестер жиі беріп тұрсаңыздар қазіргі уақытта белең алып жатқан нәрселер азаяр еді.

    Reply this comment
  6. ertileu begimov
    ertileu begimov 5 Қазан, 2012, 01:45

    ote jaksi jazilgan aituga soz jok keremet

    Reply this comment
  7. айко
    айко 7 Қазан, 2012, 16:47

    Айелдерге арналады екен. Дәл осы сияқтыны жігіттерге арнап жазсаңыздар екен. Қызғаншақ жігітіммен көп жанжалдаспайтын едім.

    Reply this comment
  8. TILEUBERDI
    TILEUBERDI 12 Қараша, 2012, 19:02

    Salaumagaleikum. Ia bvl ote jaksy pikir eken aielderge armalsada. Men erkek bolsamda ozime kerekti akilimdi aldim. Sebebi men jurip jurgen kizimdi katty kyzganam. Tipti oz tustarnanda kyzganam.

    Reply this comment
  9. Akmaral
    Akmaral 11 Наурыз, 2013, 13:02

    Рахмет. Маган оте унады!

    Reply this comment
  10. damira Dinmuhamedovna
    damira Dinmuhamedovna 24 Сәуір, 2013, 14:34

    aikarakoz endi osindaidi jigitterge arnap jazsan tipti keremet bolar edi

    Reply this comment
  11. Guldana
    Guldana 1 Мамыр, 2013, 15:05

    Оте жаксы жазылган

    Reply this comment
  12. dilnara
    dilnara 17 Маусым, 2013, 17:36

    ia ote keremet.men bugin osi turali akil kenester izdegem.keshe joldasimmen osi masele boinsha azdap renjisip kaldim….eki ush kun burin kurbim magan senin joldasin bireumen kezdesedi degendi estip.ozimdi koiarga jet tappai jurgem

    Reply this comment
  13. назерке
    назерке 2 Шілде, 2013, 14:10

    rahmet sizderge ote jaksi jazilgan

    Reply this comment
  14. Абілда Акерке
    Абілда Акерке 16 Қыркүйек, 2013, 16:20

    ote tamawa sait men ozi ote kizganwakpin kizganbain desemde kizganam

    Reply this comment
  15. esimde
    esimde 15 Қараша, 2013, 17:35

    holdaymin

    Reply this comment
  16. Галина
    Галина 23 Қараша, 2013, 08:04

    йа мен катты кызганшакпын,озымды женуге тырысып журмын!куйеуымды кызганам катты,.

    Reply this comment
  17. нұрхан
    нұрхан 24 Қараша, 2013, 22:52

    Assalamu aleikum kizganishti shekten shygarmagan duris yagni Islam shekarasinan shygarmagan duris!

    Reply this comment
  18. Азила
    Азила 26 Желтоқсан, 2013, 15:20

    Мен әйелі бар еркекті өз әйелінен қызғанамын.Өйткені ол менімен жақсы,ақшасы бар, бірақ маған еш уақытта ештеңе сыйлап көрген жоқ.кездесуге шақырады,қандай жерге дейсіз ғой, далаға машинаға. бірақ мен бармауға шыдамаймын.Сонда не істеу керек.

    Reply this comment
  19. oringul
    oringul 13 Қаңтар, 2014, 21:49

    kizganiw jaman auru.odan ozine ziani gana bol
    masa paidasi jok

    Reply this comment
  20. Жулдыз
    Жулдыз 17 Қаңтар, 2014, 22:53

    негизи бул такырыптан билмегенди уйрендик . бирак бундай сезиммен кейнги урпакка кандай тарбие беремз айтындарш.меники отрикпе

    Reply this comment
  21. karakoz
    karakoz 25 Қаңтар, 2014, 03:19

    кызгансан сабырлы бол ягни бирденеден кудиктенсен 1-2 куннен кейин бари орнына келеди сол кезде боска кызганып урыс шыгарып озинди жаман жагыннан корсетип алганына окинесин,болмаса жайлап ертенине сыр тартып кор

    Reply this comment
  22. Жузя
    Жузя 4 Ақпан, 2014, 21:18

    Салематсызба! Ал егер куйеуин анши болсаше? и онын менимен кездеспей турып продюсеримен жаксы араласып жаным деген куймен сойлесип жур дейик и али кунге дейин сол киси онын продюсеры мен бирак одан алыста турамын ал ол продюсерымен бир калада турады екеуинин арасында махаббат болмасада бир бирине деген тек айел еркектик унату болсаше? ол айел одан коп жас улкен бирак жигитимнин басын айналдырып алама деп коркамын ажраскан кызы бар улкен айел екеуинин ажазган жазуларын байкадым бирак бир байкаганым жигитимнин лган деген сезими жок сиякты ал ана айел болса жаным куним деп олип отыр.. бирак бир бирин кызганып калганын жазганынан корип калдым.. осыны жакында кордим журегим жылайды нестейтинимди билмеймин жигиттимди катты суйемин ол да менен айрылып калуга катты коркады осы асты устиме тусип жанымикуним жеп ози намаз окыган содан бирнеше жыл окымай кеткен ба сондай сосын мени кездестиргели бери намазын окып жур.. бирак ана айелден кызгандым катты жазгандарын окысамда огы суйемин откен омири гой деп озимди успокаивайтетип коямын сосын айттым мени шын суйсениз барин тастап келиниз деп айттым ол жарайды деди… бирак али бир ай бар келуине бирак кей кезде ватсаптан 2,3 сагат жазбай кеткенде журегим аурады небир шайтан ой келеди нестейтинимди билмеймин катты кызганамын ана айел намазын бузып жаман шайтан жолга салама деп.. неге жазбадын неге жогалып кетеси деп едим тамак иштим намаз окыдым звондасам алмай кояды неге алмадын десем сол намаз окыдым немесе естимедим без звукада турды жаным ренжимеши кеширши деп коя береди нестейтинимди билмеймин ол тек меники болганын калаймын.. мен турган калага бир жолата келеди алла каласа бирак ана киси али продюсерым болып кала береди дейди мен карсылыгымды айттым ол енди коп жыл бирге жумыс истедик кой калай кетип каламын анау мынау деп сосын бой бермеп едим жарайды жумысымды битирип алайын сосын айтамын деди.. бирак али сол калада бир ай болады ал менин ишим куйеди ана айелди ойласам басын айналдырып журма деген ой келеди нестесем болады айтыныздаршы.. ол мени катты суйеди жан журегиммен екеумиз тойымыз бодмасада неке кидырып алдык тойымыз жазда деп отырмыз иншалла… бирак ана айел кай каладаболсанда продюсерым болам деп айткан гой деймин артынан калар емес жек коремин оны нестимиииииин журегим аурады екеуинин арасында бир нарсе болган сияктыыыы ишим сезеди бирак Алла сактасын ол ондай жаман адам емес намаз окиды деп озимди басып коямын…нестейин калай озимди тынышталдырайын айтыныыздаршыыыыыыыы

    Reply this comment
  23. Дулат
    Дулат 7 Маусым, 2014, 16:20

    Рахмет! Мен оте катты кызганшак едiм, мынадан кейн озгере бастадым

    Reply this comment
  24. Анель
    Анель 14 Шілде, 2014, 10:22

    Отте жаксы кенестер екен маган катты унады

    Reply this comment
  25. zarina
    zarina 15 Тамыз, 2014, 12:43

    Salemetsizderme mende oz oiumdi aitain.menin jigitim osidan 3 4 jil burin meni kizganbaisin dep magan renjitin men kizganam birak jasiratinmin.iwime saktaitinmin.oilaimgo kizganiwimdi aitsam sezimimdi awik aitsam jigitm walkaktap ketema dep.ka odan beri uakit otp jatrgo.men ka katti kizganwakpin aurumin desemde bolad.kanwa tirissamda basa almadim jigitmdi kolenkesinen kizganam bira ol erkekpingo dep jenp ketet jii uriissamiz olda kizganwak meni ewkaida jibermid ewkimmen aralastirmait.bul aurudan kalai kutiluga bolad aitinizdarwi jigittergede kenes aitinizdarwi. Otiniw

    Reply this comment
  26. ай
    ай 8 Қазан, 2014, 10:02

    азила сонда сен кандай максатта уйленген еркекпен кездесесин!уят кайда ,ар намыс кайда,коз жасынан корыкпайсынба.Алла сен сияктыларды колдамайтынын билетин шыгарсын!уялмай акшасы бар деп турсын!Тагыда еки кабат болып калып сумирейп журесиндер оз журистерине жауап бере алмай!есиннин барында елинди тап!Ар намысы бар бойжеткен адал жар болуга лайыкты емеспе!

    Reply this comment
  27. bekbolat
    bekbolat 16 Қазан, 2014, 00:21

    Men uyden 26 aprel kuni wigip kettim 10 kunnen kelinwegim koterippin dedi aldin kotermy juretin bolatin sonda kalay senuge bolama kay ayda bosanui kerek bolatin

    Reply this comment
    • Макпал Тагаева
      Макпал Тагаева 10 Наурыз, 2015, 14:41

      Сенимсиздик кудик деген оте жаман нарсе егер сенбейтин болсаныз казир заман дамып кеттигой аныктаудын жолдары коп 9 айда босанадыгой бирак узиге апарсан кай кун екенинде айтып бередигой.

      Reply this comment
  28. janara
    janara 20 Қазан, 2014, 21:41

    1ншиден Азила 2ортага аз азил гана туседи дид озинин ким екенинди блдин гой. 2ншиден мен куйеумди катты уаймдаймын,ол менин оймша ен корикти адам. оган жумысында бар айел атаулы карап отргандай коринеди,сосын Азила сиякты шайтандарга ерип кетеме дим. я Аллам ондайдан менин куйеумди аулак кыла гор!

    Reply this comment
  29. Қолқоюсыз
    Қолқоюсыз 20 Желтоқсан, 2014, 23:10

    Менің куйеуім бар тұрмыс кұрғаныма 3 жыл болды сол 3 жылда күйеуім қатты өзгеріп жүр.бұрын соткасын партменасын банкаматын ар жерге койып коятын яғни менен еш қызғанбайтын.ал қазір соткасын қалтасына салып журеді бере тұршы десенде бермейді сұраган ушін ұрысып тастайды.жұмыс командировкы деп 5 6 күндеп келмей кояды.бурын суббота воскресение демалатын.ал қазір суббота воскресение кешке дейін жумыс жасайды кешке уйге келіп киімін ауыстырып тагы жұмыс деп кетіп қалатынды шыгарды.отірік ауырыпта кордім касымда калатын шыгар деп бірак еш пайдасы тимеді .түрлі амалдар жасап кордім бірак нəтиже жок.бір куні катты ауырдым сондада киініп уйден шыгып кетті .куйеуім озімнен алыстап бара жаткандай.менде киініп шыгам менде кешке кыдырам деп тек телефонда гана айтам бирак оган бари бир сиякты не істерімді білмеймін.баламда жок алданыш болатын.

    Reply this comment
  30. Дина
    Дина 16 Қаңтар, 2015, 08:47

    Азила оликсин уже олипте калган шыгарсын албасты салдакы катын ибилистин урпагы оданда асылып кал

    Reply this comment
  31. анар
    анар 1 Ақпан, 2015, 00:50

    менин кеуге шыканыма 3 жылдан асты. еки кызым бар. кеум озимнен бир жас киши ягни казир 19 да.. осы 3 жылдын ишинде кыздармен сойлесу,кездесу дегендей болды.. мен онын барин ашык билем жане де сол ушин коп айкай болатын. сонында мен кетем деп ойлагам бирак намыс жибермеди.. ал казир кеум азирше сойлесуди койды..бирак мен козим жетседе сенбей турам, али де биреу бар сиякты. катты кызганам. или али жаспа соны тусинбейм. енди баска не истеуге болад……….

    Reply this comment
  32. Azat
    Azat 22 Сәуір, 2015, 11:08

    Azila bireudin kuieun kizqanuqa
    sizdin xahiniz jok. Oz aielin suiedi, aialap uide ustaidi, demek ol nagiz bakitka laik. Sizben dalada kezdesse. arjaqin oziniz tusinip tursiz.soqan laiksiz. Bireudin kuieun kizqanam deidi qoi uialmai. turmis kuriniz. koqamqa kater tondirmei

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*