Қарындасым жылап тұрған сияқты…

Қарындасым жылап тұрған сияқты...

***

Мен ауылдан кеткен кезде көктем-тін,

Көңіл сонда шыққан және шектен тым.

Қарындас-бұлт мұңын шағып Алтайға,

Суық жасын тас төбемнен төккен түн.

 

Еншісіне бір жылулық тимеген

қоштасуды

О бастан-ақ сүймеп ем.

Лайсаң жолда жылай алмай тұрдым мен,

Жел ғана үнсіз бөрте сайда билеген.

 

Қарындас-бұлт, сені мұңлы демес ем,

Сол түні ауыр күрсініп ең неге сен?!.

…Біздің жақтың қалжыңы ащы, айтпақшы,

«Тақпағыңды қойсаш!..», – деді жеңешем.

 

Көктем еді…

Көктем деген шақ қана,

Үнсіз кеткем, кеткенім жоқ мақтана.

Өмір солай алғашқы рет бір шоғын,

Тастай салды жүрек дейтін мақтама.

 

Ауыл айын еске алам деп қияқты,

Жанарымнан жаһұт күндер жиі ақты.

Кәрі Алтайға мұңын шағып,

Мені ойлап,

Қарындасым жылап тұрған сияқты.

Қарындасым жылап тұрған сияқты...

Өлеңді жазған: Азамат Тасқараұлы

Comments

  1. Тоты
    Тоты 10 Октябрь, 2012, 15:03

    Адеми олен екен!

    Reply this comment
  2. Ахметова Айдана
    Ахметова Айдана 10 Октябрь, 2012, 16:48

    Олен керемет шыгыпты… Мм біраз ойландырып тастады… Авторы озініз бе? )))

    Reply this comment
  3. Зада
    Зада 12 Октябрь, 2012, 19:48

    Сезімін өлеңімен арнай алған.
    Жырымен жүректерде орнай алған.
    Қайғырған қарындастың көз жасына,
    Осындай ақын аман болғай Аллам!

    Reply this comment
  4. Азамат Тасқараұлы
    Азамат Тасқараұлы 16 Октябрь, 2012, 15:21

    Рахмет, Эль! Озин де, сайтың да «the best»!

    Reply this comment
  5. Сера
    Сера 19 Октябрь, 2012, 11:54

    Олен оте керемет маган унады

    Reply this comment
    • Сера
      Сера 19 Октябрь, 2012, 12:04

      Конiлдiн тамшысы гой ол да сiра
      Неге?..сен жылаганын сурадын ба?!
      Мумкiн оны мунайтып кеткендер бар
      Карындасын калган ау жол басында!….

      Reply this comment
  6. Сера
    Сера 19 Октябрь, 2012, 12:00

    Конiлдiн тамшысы гой ол да сiра
    Неге?..сен жылаганын сурадын ба?!
    Мумкiн ол ойланып турган шыгар
    Карындасын карлыгаш болмасын ба?……

    Reply this comment
  7. гайни
    гайни 21 Октябрь, 2012, 00:43

    ммммммммм тема олен екен сыздердын быкырлерыныз жане осы оленге карап жылай жаздадым сызердын пыкырлерынызге улкен улкен рахмет азамат таскарулы рахмет

    Reply this comment
  8. Айжан Табарак
    Айжан Табарак 21 Октябрь, 2012, 02:42

    Ризамын!

    Reply this comment
  9. Қазақ
    Қазақ 29 Октябрь, 2012, 13:14

    Қарындасыңды киіндіріп қойғаның дұрыс болар еді-ау. Жалаңыш киімде сағынып жету қиын екен.

    Reply this comment
    • Сайт әкімшісі
      Сайт әкімшісі 29 Октябрь, 2012, 13:19

      Суретте қыз жалаңаш емес. Көлеңке түскен жерінде киімі көрінбей қалған. Сізге солай көрінген болар.

      Reply this comment
  10. Жансая
    Жансая 9 Ноябрь, 2012, 16:04

    Әдемі өлең! Терең сыр бар шертілген. Әсіресе, қарындас-бұлт, мақта жүрек, суық жас, жаһұт күн тіркестері әсерлі екен. РАХМЕТ!

    Reply this comment
  11. Nazym Amantai kizi
    Nazym Amantai kizi 11 Ноябрь, 2012, 22:10

    Ote tamawa. Aserli eken .

    Reply this comment
  12. Баймуханова Молдир
    Баймуханова Молдир 16 Ноябрь, 2012, 13:40

    жаныма катты батты.Рахмет сiзге.

    Reply this comment
  13. Меруерт Манақбаева
    Меруерт Манақбаева 24 Ноябрь, 2012, 14:12

    ТАМАША, КЕРЕМЕТ!!!

    Reply this comment
  14. марина
    марина 27 Ноябрь, 2012, 05:15

    салеметсиздерме!меним ойымша бул олен магынасыз секилди…. мен шыны керек тусимбедим……..

    Reply this comment
  15. Кәмшат
    Кәмшат 12 Март, 2013, 13:36

    Сәлем. Түсінбейтін несі бар? Жүрегі қалағанын жазған ғой. Ал түсінбегендер жүрегі қалмаса да оқи салғандар болар. Маған ұнады.

    Reply this comment
  16. Нурасыл Хасайнов
    Нурасыл Хасайнов 23 Май, 2013, 01:19

    Ринат Зайытов бага бере жатар созiне ал анiн мен о3iм жазып бере салармын. Алла каласа талай ан хит кыламы3.

    Reply this comment
  17. Роза
    Роза 5 Июль, 2014, 00:37

    журектен шыққан тамаша өлең шумактары екн.

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*