Адамдар шер тарқатқысы келгендей көрінеді…

Адамдар шер тарқатқысы келгендей көрінеді...

Қым-қуат өмір. Бәріміздің де иығымызда арқалаған көзге көрінбейтін бір-бір тіршілік қабы бар. «Жұмыс», «отбасы» деп жүріп, кейде айналаңда не болып жатқанына мән бере қоймайсың. Ағайын-туыстың өзімен анда-санда той-домалақта, жаназада кездесіп, бір жасап қалатының бар. Қалған күндері тағы да қарбалас тірлік мойын бұрғызбайды.

Бүгінде қарым-қатынастың орнын телефон алмастырды десек артық айтпаған болар едік. Кейде көп мәселе телефон арқылы шешіліп жатады. Телефон демекші, көп жағдайда қоңырау шалған адамдармен әңгімелесе қалсаң, тілші деп танығандықтан ба, ақтарыла сырын ашып, шер тарқатқысы келетінін байқайсың.

Кешегі күні қоңырау шалған келіншек жан толқынысын ақтарып, күйеуінің көңілдесі бар екенін айтты. Жылап, езіліп, егіліп, мұңын төкті.

Жанары семген зағип жан баспаханаларда дыбыс-жазбалы шығармалардың аз шығатынына шағымданды.

Жол апатына ұшыраған жан дәрігерлердің қызметіне көңілі толмайтындығын айтып, қамықты. Бүгінде оның бар ермегі – кітап оқу.

Әнебір күні көпбалалы ана хабарласып, қаржы тапшылығынан отбасының күйзеліп отырғанын жеткізді.

Көптен хабарласпай кеткен құрбым үйіме келіп, көз жасы көлдей боп алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын айтты. Зейнетақы қорында жинақталған сомасын тұтастай алып беруге уәде еткен танысы 30 мың теңге ақшасын алғанда да, қарасын батырған. Бүгінде ұшты-күйлі жоғалған алаяқты қайдан іздерін білмей дал болып отыр.

Айта берсе, үйде де, қызметте де тығырыққа тіреліп, іште шемен бот қатқан сырын ақтарғысы келетін жандармен бетпе-бет кездесуге тура келеді. Олар жан толғаныстарын білдіреді. Ашпа¬ған сырын ашады. Ақыл сұрайды. Ақыл салады.

Адамдар шер тарқатқысы келгендей көрінеді...

Бұдан шығатын қорытынды: біздің қоғамда адамның жан-дүниесіне үңілетін, қажет кезде ақыл-кеңес беретін психология саласы жолға қойылмаған. Адамдар тұйыққа тап болғанда, қайда барып, кімнің көмегіне жүгіну қажет екенін білмейді. Кейде өзара дүрдараз адамдардың өзі бір-біріне қандай кінә артатынын айтып бере алмайды. Осындайда екі жақтың өкпе-назын тыңдап, татуластыратын араағайынның немесе психологтың көмегі қажет-ақ. Тіпті әр адамға бір-бір психологтан келсе де, артық болмас. Адам факторы екінші кезекке шыққанда, проблемалар да көбейе береді емес пе?

Дария Ертайқызы

Суреттер: liveinternet.ru; 1day-blog.info

Comments

  1. Айгүл
    Айгүл 1 Қараша, 2012, 15:12

    Дәрия апай, телефоныңызды беріңізші, өтінемін. сізге шерімді тарқатайын деп едім.

    Reply this comment
    • Молдир
      Молдир 22 Қараша, 2012, 22:20

      Бизде психология саласы карастырылмаган. Oл былайша айтканда бизнестин бир тури болып та кеткен ,Психологиялык орталыкка халыктын коп жартысы жугинбейди себеби ондагы курстардын сагаты карапайым халыкка оте кымбат келеди , сол ушинде психологиялык орталыкка ешким жугинбеиди ,жугингеннин озинде де кей мамандар адамнын oйынан шыга алмай коптеген адамдар курсын жалгастыруды догарады.Биз Америка ели сынды тегин ананим психологиялык орталыкты ашшак коптеген окигалардын алдын алатын едик! бирак окиништи ……………………………………………..

      Reply this comment
  2. Аширова Меруерт
    Аширова Меруерт 14 Қараша, 2012, 23:11

    оте жаксы жазылган

    Reply this comment
  3. Жаңылай
    Жаңылай 18 Наурыз, 2013, 02:02

    Иә, дәл қазіргі таңда психология саласы бизнес болып кеткен. Алдында қатты қиналып жүрген құрбыма көмектескім келіп пихолокқа апармақшы едім,сөйтсем 1 рет қабылдағанның өзі 4-5 мың теңге екен,және барған соң 5-6 рет барып курстан өту керек екен. Студентпізғой,қалтамыз көтермеді

    Reply this comment
  4. Алаштың Сарғалдағы
    Алаштың Сарғалдағы 11 Тамыз, 2013, 14:58

    Жалпы, біз қазақ халқы шет елдер секілді психологиялық көмекті қажетсінбейміз. Қатты қиналған шақта өзімізді түсініп, жәрдем бере алатын жандарға сыр шертіп жеңілдеп аламыз… Егер мектептен бастап психологтар баламен дұрыс жасап, қоян-қолтық байланыста болып, жиі тренингтер өткізіп тұрса көп келеңсіздіктін алдын алған болар еді. Бірақ мектептерде де бұл жай ғана қосымша мамандық секілді. Олардың міндеті қағаз толтырып, отчет тапсыру ғана сияқты болып қалды.

    Reply this comment
  5. ая
    ая 5 Қараша, 2013, 23:00

    менин де айтарым бар… Бул оте ауыр куна екенин билем, бирак болар iс болды. Мен жакын туысыммен тосек катынасына тусiп койдым, биз бир биримизди бурын кормегенбиз, ол маган туысым сиякты емес етин, мен оны бир коргеннен унаттым, сойтип, арамызда махаббат сезими пайда болды. Бир биримизди али де суйемиз,бирак бир бола алмаймыз, казир онын да менин де оз отбасымыз бар. Сойтип журип арада 10жыл отипти, мен оны ешкашан умытпаймын жане де бундай исти калай гана умытасын…

    Reply this comment
  6. Бекзат
    Бекзат 26 Қараша, 2013, 14:20

    Психолог – әр адамға керек, себебі адам баласы кейде өзінің жан-сырын бір сенімді адамға ақтарып, жеңілдегісі келеді. Бүгінгі таңда адамдар бір-бірінің ішкі жан-дүниесін ашып айтпағандықтан түрлі ауруларға тап болып жатады. Меніңше, қазіргі адамдар бір-біріне сенімділігі жоғалған, сол себепті көп проблемаларға жолығады. Бір-бірімізден жылулығымызды аямасақ, бір-бірімізді тыңдай, түсіне білсек – әр адам баласы «өзінше» бақытты болар ма еді?!…

    Reply this comment
  7. Айгүл
    Айгүл 6 Тамыз, 2014, 12:52

    Қазіргі таңда адамға сеніп әңгіме де айта алмайсың…

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*