Баяғыда…

Баяғыда...

Жаз айы жай басса, ырғала,
Шақ келсе, сезімдер гүл атқан.
Есіме түседі бір бала,
Бір кезде біреуді ұнатқан.

Ол ару пәк еді, ерке еді,
Ал, әлгі ұл ұялшақ қыз десе.
Сол күндер ғажайып ертегі,
Ертекті жарар ед үзбесе.

Көзіне қарайтын қорғана,
Көздері ең нұрлы болатын.
Мектептен қызды емес, сол бала,
Құрбысын шығарып салатын.

Әлгі қыз сыр бермес болса да,
Қызғансын дегені-ау шамасы.
Қыз жайлы жыр жазды қаншама,
Апта мен аптаның арасы.

Сол кезде екеуі нешеде?
Көрген кез «Махаббат бекетін».
Кездесіп қалса егер көшеде,
Жай ғана бас изеп өтетін.

Қанатын кең жайған құстардай,
Жыл өтті…
Ол жағын тізбелік.
Сол қызға сөз айтпай, тіс жармай,
Мектепті бітірді, күз келіп.

Ол да бір құлыны-ау көгеннің,
Сол ару ойынан шықпады.
Алғашқы махаббат дегеннің
Не екенін алғаш рет ұққаны.

Жол бөлді сезімін таса ғып,
Сөз айта алмауы үшін-ді.
Көзінен ып-ысқтық жас ағып,
Енді оны көрмесін түсінді.

Содан-соң қадамын баста алға,
Сол ару кетті оны ақын қып.
Сүйдің бе, ешқашан жасқанба,
Махаббат талабы — батылдық!

Балалық ең таза қайнар-ды,
Қайнарды бөгеді бұл әлем.
Сол ару өлеңге айналды.
Сол бала біреу емес,
Мына Мен!…

Баяғыда...

Өлеңді жазған: Азамат Тасқараұлы

Сурет: Интернеттен алынды.

Comments

  1. Асылайым 15 Ноябрь, 2012, 23:58

    Ертерек камдану керек Азамат

    Reply this comment
  2. Жасулан 17 Ноябрь, 2012, 21:10

    тамаша жазылган.создери катты унады

    Reply this comment
  3. Рамиля 27 Ноябрь, 2012, 19:11

    Жаксы олен екен.

    Reply this comment
  4. Эльвира 30 Ноябрь, 2012, 17:41

    өте керемет !!!

    Reply this comment
  5. ҰЛБИКЕ 8 Декабрь, 2012, 06:03

    Өлеңің өте тамаша!өте сәтті шыққан Азамат!сезімін менікіне ұқсас екен))Mен де мектeп кезінде бір ұл баланы өте жақсы көрдім.Сезімім бастауыш сыныптан бар еді…Қыз болған соң айта алмадым айтсам,менен алшақтап кететіндей көрінетін, бір жағынан ұялатынмын содан болар айта алмадым.Мүмкін ,сенде де жоғалтып алам деген қорқыныш болған шығар ?Бірақ сен жігітсің!байқап көру керек еді))менім ойымша

    Reply this comment
  6. Азиза 9 Декабрь, 2012, 14:17

    Енди тым кеш

    Reply this comment
  7. nazko 10 Декабрь, 2012, 13:33

    ӨЛЕҢ ЖОЛДАР КЕРЕМЕТ СОЛ КЕЗДЕ АЗДАП БАТЫЛДЫК ЖЕТПЕГЕН ШЫГАР ОСЫНЫ ЖАЗГАН АДАМГА)))))))))))))))))))))

    Reply this comment
  8. Райхан Мамырова 14 Декабрь, 2012, 16:21

    Олен создiн патшасы, соз сарасы. Киыннан киыстырар ер данасы деп Абай атамыз осындай акындарды айткан болар сiра. Керемет!

    Reply this comment
  9. Тiлеуберген 18 Декабрь, 2012, 12:10

    Дос болу еди арманым, котерер омир салмагын, кыйын екен баринен, бауыр басып калганым

    Reply this comment
  10. Толекыз 8 Январь, 2013, 01:21

    Керемет!

    Reply this comment
  11. Адема 10 Январь, 2013, 16:18

    куштиииии!!!!!!!!

    Reply this comment
  12. АСЕМ 11 Январь, 2013, 13:45

    Азамат оленин куштии екен!!!!!!!!!!!!

    Reply this comment
  13. Нургуль 15 Январь, 2013, 01:26

    Керемет ! Мен ғашық болып көрген емеспін ! Біреуді алғаш ұнатып едім жүрегімді жаралап кетті (((

    Reply this comment
  14. Жанна 16 Январь, 2013, 14:46

    Жақсы жазылған

    Reply this comment
  15. айдос 16 Январь, 2013, 23:00

    жаксы олен соз жок ко

    Reply this comment
  16. Айдана 18 Январь, 2013, 16:43

    Махаббат зор саналылыктын, білгір білімділіктін , аскан акыл ойдын жемісі емес , ол — тек жерде гана өмір суретін , тууы бар , осіп-онуі жок козге корінбей мангі жасайтын бейнесі белгісіз дара угым. Шын махаббат унсіз келедң , сондыктан болар Азамат сіз де сезімінізді дер кезінде жеткізе алмаганыныз!!! Айдана

    Reply this comment
  17. Азамат Таскараулы 23 Январь, 2013, 14:03

    Рахмет барлыктарынызга))))))) Рахмет, Эль!

    Reply this comment
  18. НЕЙЗВЕСтНО 4 Ноябрь, 2013, 13:21

    Кушти!!!!!!

    Reply this comment
  19. Назко 99 19 Февраль, 2014, 16:51

    Оте жаксы екен менинде бала кунги махаббатым болган мен оны алиде жаксы корем,ол менин ен жаксын досыммен,туыс сестренкаммен журди мен оганда тоздим ойткени мен оны али де болса суием

    Reply this comment
  20. Дильвара 9 Март, 2014, 00:53

    Оте керемет жазылган олен)))))

    Reply this comment
  21. аманай 31 Март, 2014, 12:34

    Биздер солай биз солай суйiciп ек
    Жылдар отти арада суйici коп
    Койлегимнин сол жак тос калтасында
    Орамалын тур бирак иiсi жок

    Reply this comment
  22. Айка 12 Июль, 2014, 23:21

    Азамат тамаша! Менiн орындалмай кеткен арманымды есiме салдым. Менiн курбыммен журiп, кейiн мен турмыска шыкканда менi суйгенiн айтып, окiнiптi. Мен сиякты сенiн гашыгын да сенен осы создердi коп куттi деп ойлаймын.

    Reply this comment
  23. Молдир 20 Сентябрь, 2014, 18:17

    Керемееет.Осы аруга арналган коп олендеринизди окыдым.сиздер негизи бир биринизге жаралгандайсыздар. Бирак,шын гашыктар косылмайды деген бар гой. Мен ол аруды бир-еки рет кордим.шынымен тамаша жан!карапайым,минези тамаша,сулу,ерке кыз боп коринди.тамаша олендериниз бар екен арналган,унады.казир араласыздар ма?

    Reply this comment
  24. айдана 1 Ноябрь, 2014, 22:29

    күшті)))))))))))))))))))))))))))))))маған қатты ұнады

    Reply this comment
  25. РУСТАМ 18 Январь, 2015, 20:58

    ОТЕ ЖАКСЫ ОЛЕН

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*