Тұрсынбек Қабатов: «Барлық армандарым Астанада орындалды!»

Тұрсынбек Қабатов: «Барлық армандарым Астанада орындалды!»

Тұрcынбек Қабатов – жұлдызы Қазақстанның жаңа елордасы – Астанада жарқырап жанғандардың бірі. Батыс Қазақстан облысындағы шағын ауылдың тумасы – бүгінде табысты шоумен, түрлі іс-шараларда құшақ жая қарсы алатын қонақ, елімізден де тыс жерлерде танымал елордалық сатира және әзіл-ысқақ театрының әртісі, сондай-ақ, «Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайырлы кеш, Қазақстан!» шоуының жүргізушісі. 

– Тұрсынбек, Сіз қай жерде дүниеге келдіңіз және Астанаға қалай жолыңыз түсті?

– Мен Қазақстанның батысындағы Ақпатер ауылдық округінде дүниеге келдім. Астанаға кездейсоқ келдім. Естеріңізде болса, 2000 жыл Қазақстанда мәдениет жылы деп жарияланды, сол кезде Оралда «Дала дарындары» деген байқау өтті. Оған әншілер мен әзілкештер қатысты. Мен негізі бұрын ән айтатынмын. Бір шағын күлкілі нөмірлер жасайтынмын, алайда өзімді әзілкеш деп санамайтынмын. Сөйтіп, қатысушылар тізіміне қарасам, 74 әнші, 4 әзілкеш бар екен. Ән айтып, 74-ші орын алғанша, әзілден 5-ші орын алғаным дұрыс шығар деп ойладым. Сөйтіп, әзілкештердің қатарына жазылдым. Келесі күні байқау басталуы тиіс еді. Мен түні бойы дайындалдым, пародиямды қайталап,  өзіме «Молодец Мырзабаев» деген лақап ат қойдым. Сонымен, мен өнер көрсеттім де, бірінші орынды алдым. Осыдан кейін мені Астанадағы «Шабыт» халықаралық байқауына жіберді. Оған бағдарламаны мен пойызда келе жатып ойластырдым. Бірінші, екінші турларды, соңында гран-приді ұттым. Сол кезде қазір Мемлекеттік «Астана Опера» опера және балет театрының директоры болып табылатын танымал қазақстандық композитор Төлеген Мұхамеджанов: «Тұрсынбек, сен осында қал. Қала жас, бізге мұндай дарындар керек. Пәтер алып берем деп уәде бере алмаймын, алайда жатақхана болады. Бастапқыда барлығы осылай тұрады», – деді. Бірақ,мен кетіп қалдым, бұл қазан айы болатын. Ал Қазақстан Республика күнін атап өткен 25 қазанға мені Астанадағы концертке тағы шақырды. Өнер көрсетіп болғаннан кейін мені қала әкімі Әділбек Жақсыбеков өзіне шақырды да: «Тұрсынбек, осында жұмысқа қал, көмектесеміз», – деді. Мен тіпті, не істерімді білмедім: өзім жаспын, бөтен қала, ешкімді танымаймын, сәл қорықтым. «Саспа, тіпті осында үйленесің», – дейді маған. Осылайша, мен филармонияда жұмыс жасауға қалдым. Ал ары қарай барлығы бірқалыпқа келді.

– Ал КВН құрамасына қалай келдіңіз?

– Мен түрлі концерттерге жеке нөмірлеріммен шығатынмын. Мені байқап, бір күні Бақыт Сыздықова: «Мен «Жас Отан» жастар партиясынанмын. Біз қазір КВН құрамасын құрып жатырмыз», – дейді. Мен: «Орыс тілінде сөйлей алмаймын» десем, «қорықпа, саған барлығын түсіндіреміз. Тіпті ұтатын жерің – акцентің болады. Ең бастысы: сізде актерлік қабілеттер бар. Қаңтар айында Сочиге барамыз. Бізбен біргесіз бе?», – деді. Ал мен үшін Сочи – бұл орындалмайтын арман сияқты болатын. Мен, әрине келістім. Сочиге келдік, бізді Жоғары лигаға шығарды, сол сәттен бастап, менің КВН-дік өмірім басталды.

«Барлық армандарым Астанада орындалды!»

«Барлық армандарым Астанада орындалды!»

 

 – Ең қызықты сахна сыртындағы сәттер есіңізде ме? Естен кетпес күлкілі жағдайлар болған шығар?

– Сұрақты басқаша етіп, «барлығын дұрыс әрі дайындалғандай жасаған кезіңіз болды ма?» деп қою керек шығар (күледі). Сахна сыртында әрдайым қызықты жағдайлар болатын. Мен әрдайым мәтінді ұмытып қалатынмын да, барлығынан әрнәрсені сұрап жүретінмін. Құмардың, Нұржанның, Яриктің (Ярослав) ұдайы мазасын алатынмын. Оның үстіне қобалжу болады, адам көп, жанкүйерлер ысқырып, қолдап, қазылар алқасы тізіліп отырған кезде мен қалқаның артында тұрып, мәтінімді әрең есіме түсіріп, қолыма жазып алатынмын. Бір күні мен «Я договорИлся» деген сөзді айту керек болдым. Ал мен әрдайым «Я договАривался» деп айтып қоятынмын. Жаттап тұрмын, жүз рет қайталаған шығармын, сахнаға шықтым да, «Здравствуйте ребята, я договАривался» дедім. Бәрібір қате айттым. Сахнада тұрып, дұрыс емес айтқанымды түсіндім де, жігіттерге бұрылып, «дұрыс айттым ба?» деймін ғой. Барлығы ішек-сілесі қата күлді. Бастапқы үш жылда осылай болатын. 2008-2009 жылдарда орысша әжептәуір сөйлеп, орысша әзілдер жаза бастадым. Ал 2010 жылы тіпті, маусымның үздік ойыншысы атандым. Өзім шынымды айтсам, күтпедім. Айтпақшы, менің осы өнер жолына түсуіме КВН көмектесті. Бүгінде мен – «Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайырлы кеш, Қазақстан!» жобасының жүргізушісімін. Жүргізушілерге байланысты мәселелер шешілгенде, алғашқы таңдау маған және КВН-дегі әріптесім Гүлнара Сильбаеваға түсіпті.

– Қазір сіз өзіңізді жүргізушімін дейсіз бе, әлде шоумен немесе филармония әртісімін дейсіз бе?

– Қазір мен филармония әртісі емеспін. Астанада сатира мен әзіл-ысқақ театрын ашқаннан кейін мен сол театрдың актері атандым. Өзімді шоумен санамаймын. Мен актер әртіспін. Кейде қандай да бір кештерді жүргізуге шақырады, халық көргісі келеді, ол кезде мен бас тартпаймын. Мен өзім туралы тек әртіспін дей аламын.

– Шығармашылық жоспарларыңыз қандай? Астанада жүзеге асыруды жоспарлап жүрген жобаларыңыз бар ма?

– Олардың саны көп. Шын мәнісінде, жасағым келетін дүние көп. Не болатынын көре жатармыз. Оны сіздер міндетті түрде көретін боласыздар.

«Барлық армандарым Астанада орындалды!»

«Барлық армандарым Астанада орындалды!»

 

 – Біз – экономикалық журналмыз, сондықтан сізден қаржы туралы сұрамай кете алмаймыз. Әдетте шығармашылықтың адамдары ақшаны дұрыс жұмсай бермейді. Сіз ақшаны қалай жұмсайсыз?

– Тіпті, білмеймін. Мен ондай емес сияқтымын. Қалтада ақша болған кезде, әйтеуір әлденеге жаратамыз ғой. Маған кейде ақшаны жөнімен жұмсайсың деп айтып жатады. Ақшаны желге ұшырмаймын, аянып та қалмаймын.

– Қандай отағасысыз?

– Мұндай сұрақтарды әйеліме немесе достарыма қойған жөн шығар. Әйтпесе, қазір мақтанып кетермін (күледі). Дегенмен, мен өзімді жақсы әке, жар дей аламын. Маған отбасыммен, қыздарыммен уақыт өткізген, олармен қыдырған ұнайды. Бос уақыт табыла қалса, олармен бірге болуды қалаймын.

– Әңгімеңізге рақмет!

Материалды дайындауда көмек көрсеткені үшін «Еуразия» бірінші арнасының редакторына алғыс айтамыз.

Материал 1tv.kz сайтынан алынды

[post_view]

Comments

  1. айкерим
    айкерим 13 Сәуір, 2013, 17:34

    Турсынбек жарайсын!!!! Осы каркыннан тайма…… Биз сени жаксы коремиз….!!!

    Reply this comment
  2. Жанерке**
    Жанерке** 18 Сәуір, 2013, 20:07

    Tursinbek aga sizge min algys aitam.ardaiym bizdi kuldirip jure beriniz.jane ozinizde kulip juriniz.sonda uzak omir suremiz.

    Reply this comment
  3. Аранбек
    Аранбек 29 Сәуір, 2013, 22:31

    Турсынбек биздин жактан болат

    Reply this comment
  4. Балым
    Балым 7 Мамыр, 2013, 16:01

    Тұрсынбек айтыңызшы, армандардың уақытымен орындалғаны қандай керемет!

    Reply this comment
  5. Есенжол
    Есенжол 4 Маусым, 2013, 17:29

    Турсынбек ага сиздин базар жок багдарманы корип кулеп каламыз обтасымен

    Reply this comment
  6. Нұрғазы Арыс
    Нұрғазы Арыс 6 Маусым, 2013, 15:36

    Тұреке керемет тек биіктен көрініңіз. Тек Алға

    Reply this comment
  7. Жасмин
    Жасмин 7 Маусым, 2013, 16:54

    Маганда «Базар жок»театры унайды.армандарын орндала берсин !!!!!!!!!!

    Reply this comment
  8. Жумазия
    Жумазия 20 Маусым, 2013, 22:06

    Турсынбек сен омирдеги оз жолынды тауып келе жаткан азамтсын атагын шыга берсин, тил козден сак бол!

    Reply this comment
  9. Saken seifulla saken ulu
    Saken seifulla saken ulu 26 Маусым, 2013, 14:08

    Турсынбек ага мен сзге оте ризамын.сздн барлык азилдернз бари орынды деп блемн.аитынызшы сиздер оз театрларынызга жана парадист азщилкештерди кабылдаисыздарма.

    Reply this comment
  10. Indi
    Indi 28 Маусым, 2013, 04:59

    Tursinbek menin nagawi agam

    Reply this comment
  11. Гулбадат
    Гулбадат 2 Шілде, 2013, 13:26

    Базар жоқ-тіршілік психологиясы!-деп санаймын.Ризамыз! Алға!

    Reply this comment
  12. Гүлмира
    Гүлмира 8 Шілде, 2013, 01:15

    Әрине,Тұрсынбек және оның «Базар жоқ» театры талантты жастардан құралған. Тек қана табыс және сәттілік тілеймін.

    Reply this comment
  13. Марал
    Марал 11 Шілде, 2013, 23:41

    Turinbek aga men sizge aman sau teiatrda kulip oinap jure beriniz sizge satlik tleimin

    Reply this comment
  14. Сабиркулова Гулжауар Канаткалиевна
    Сабиркулова Гулжауар Канаткалиевна 25 Шілде, 2013, 18:35

    Турсынбек уте талантты жаксы ойнайды Азилдерди умирден алады

    Reply this comment
  15. nazira
    nazira 30 Шілде, 2013, 22:35

    bazar jok teatry super alga koigan maksatynyzga jeteberin

    Reply this comment
  16. Гулден
    Гулден 11 Тамыз, 2013, 01:45

    Турсынбектің әрбір әзілінде мән, мағына , тәрбие бар. Басқалар сияқты Халқына еш уақытта арзан күлкі сыйламайды. Ана бір » Мамасын емген бала мамасына, бутылка емген бала бутылкаға жақын болады» деген әзілінде қаншама тәрбиелік мағына жатыр десеңші. АЛҒА ТУРСЫНБЕК!

    Reply this comment
  17. Алаштың Сарғалдағы
    Алаштың Сарғалдағы 11 Тамыз, 2013, 15:06

    Өзінің өнердегі жолын оң тапқан бірден-бір актер Тұрсынбек деп білем! Көз жұма беретін әдетінен бастап әрбір сөзі жарасым тауып тұратын сері жігіт!

    Reply this comment
  18. Наз
    Наз 12 Тамыз, 2013, 01:26

    Керемееет. Сiз сиякты актёрлык кабылет арбир адамда жок кой… Базар жок сызге

    Reply this comment
  19. Раушан
    Раушан 14 Тамыз, 2013, 02:26

    Турсынбек ага жарайсын!Сiзге ризамын.Мен сiзге шыгармашылык табыс тiлеймiн!

    Reply this comment
  20. мөлдір
    мөлдір 14 Тамыз, 2013, 14:39

    турсынбек жарайсыз жумысынызга шыгармашылык табыс тілеймін

    Reply this comment
  21. айда
    айда 8 Қыркүйек, 2013, 22:08

    турсынбек сиздин азилдериниз тамаша омирден алынган сизге саттилик тилеймин

    Reply this comment
  22. Серикбаев Абылай
    Серикбаев Абылай 17 Қыркүйек, 2013, 22:57

    Турсынбек ага сiзге букiл xалык риза

    Reply this comment
  23. Бақытбек Ордабаев
    Бақытбек Ордабаев 7 Қаңтар, 2014, 14:50

    маған осы театр ұнайды.Тұрсынбек аға театрыны3ды дамыта беруинизге тилектеспин!

    Reply this comment
  24. Айгерим
    Айгерим 14 Қаңтар, 2014, 15:03

    Тұрсынбекті жақсы көрмейтін адам жоқ шығар!!

    Reply this comment
  25. Берік
    Берік 19 Сәуір, 2014, 09:37

    Тұрсынбек сіздін әзілдеріңіз ащы шындықпен нағыз қазақи тәрбие осы жолдан таймаңыз,

    Reply this comment
  26. Жанара
    Жанара 25 Маусым, 2014, 15:28

    Базар жоқ театры-қазіргі заманға лайық, өмірде болып жатқан келеңсіз жағдайларды әзіл түрінде көрерменге жеткізетін тамаша театрлардың бірі. Оның басшысы Тұрсынбек Қабатов өз талантымен халықтың көңілінен шығып жүр. Театр әртістері де әр концертте әртүрлі әзілдер алып шығады. Маған ұнайтындары: Аманғали, Армани т.б. әртістер. Театрға және оның басшысына тек қана сәттілік тілеймін…

    Reply this comment
  27. Айгерим
    Айгерим 16 Қыркүйек, 2014, 09:51

    БАЗАР ЖОК ТЕК БИИКТЕН КОРИНЕБЕР!

    Reply this comment
  28. АҒАҢ
    АҒАҢ 17 Наурыз, 2015, 23:07

    Жас талантты көре біліп, бла-сватсыз әділетті Әділбек , Төлеген және Имангали сіздерге адал қазақ ретінде рақметімді айтамын.

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*