Пенелопа екеуміз

Пенелопа екеуміз

Арманы өлмес, аз ғананың біріміз,

Айдың жарық,

Күннің ыстық түріміз.

Біреулерге өліден де өліміз,

Біреулерге тіріден де тіріміз —

Пенелопа екеуміз.

 

Батыр біткен қан майданда қырқысып,

Жан берісер тау жастанып, бұлт ішіп.

Біз күтеміз —

Жел аямай жұлқыған

Күзгі, соңғы жапырақтай тыртысып —

Пенелопа екеуміз.

 

Жүрек қана мекен етер сараймыз,

Һәм бақытты болуға да жараймыз.

Өкінбейміз өрмек тоқып отырып,

Өзгеге емес, терезеге қараймыз —

Пенелопа екеуміз.

 

Гүлнәр Салықбай

Categories: Махаббат

Comments

  1. Miko
    Miko 26 Декабрь, 2013, 14:27

    jazilar okpe reniw kirtis keuden. bas aman bauir butin urt iskenmen. kanati butin kazir kim bar disin. ayfonninda almasi bir tistelgen.

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*