Құрсақтағы тәрбие

Құрсақтағы тәрбие

Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.

Егер құрсақтағы балаңыздың интеллектін, ақылын, дарынын туылмай жатып дамытам деп ойласаңыз, қателесесіз, ондай ойдың бәрін бастан шығарыңыз. Ол мүмкін емес. Сіз бұл мерзімде тек баланың эмоциялық сезімталдығын ғана арттыра аласыз. Яғни, сезім мүшелерін жаттықтырасыз.

Егер құрсақтағы бала оған айтқан сөздерді түсінеді десеңіз, оның мүмкіндіктерін асыра бағалап жібгеніңіз. Ол не айтып жатқаныңызды түсіну үшін алдымен сөз мағынасын біліп алу керек (өзіңізді аудармашысыз өзгетілді адамдардың арасында елестетіп көріңіз). Сондықтан іштегі балаңыз сіз оқып берген «Мақта қыз туралы ертегінің» сюжетін түсінеді деп ойламаңыз: ол мақтаның не екенін, қыздың кім екенін білмейді, түсінбейді.
Алайда, бала сіз ертегі оқып жатқандағы, сөйлегендегі дауыс ырғағын, құбылмалылығын, интонацияны сезінеді, діріл деңгейінде сезеді. Ол діріл жағымды болса, бала рахаттанады.

1455898_621753791219592_173997644_n

Егер құрсақтағы тәрбие «музыка тыңдау», «поэзия оқу», «қарынды сипау» сияқты істерден тұратын болса, бұл әрекетте де нәтиже мардымсыз болады. Анасының ішінде жатқан сәби бәрін эмоциямен қабылдайтынын айттық, сіз сезінбей, сылдыратып оқып берген өлең балаға еш әсер етпейді. Анасының көңіл-күйі жақсы ма – іштегі бала да көңілді. Анасы мұңайды ма – баласы да мұңаяды. Сондықтан әр әрекетіңізді «сәннен қалмау» үшін емес, «шын жүректен» атқарыңыз, нәтиже де керемет болады.
Тіпті, балаға арнайы ештеңе оқмай-ақ, айтпай-ақ, анасы үнемі керемет көңіл-күйде, мейірімділікте жүрсе, соның өзі балаға керемет әсер етеді.

Жоғарыда жазылғандарды оқып алып, аяғы ауыр аналарға өмірінен жағымсыз эмоцияларды толықтай алып тастауға да болмайды. Баланы стрестен мүлде аластатып тастамау керек.
Баланың алғашқы эмоциялық күйлері анасынан беріледі дедік, сондықтан ол көңіл-күйдің барлық тұстарын көру керек: жылауды да, ашулануды да, уайымды да, тек мөлшерімен. Туылғаннан кейін кездесетін стрестерге солай дайындау керек баланы.

Айнұр Әтенова
Шымкент қаласы, №5 бөбекжайының тәрбиешісі

Comments

  1. ГУМИ 12 Ақпан, 2014, 15:54

    рахмет Айнур мақалаңыз ұнады,

    Reply this comment
  2. Айгулим 28 Ақпан, 2014, 07:46

    Рахмет Айнур мақалаңыз маган катты ұнады.

    Reply this comment
  3. гулмира 5 Наурыз, 2014, 13:04

    рахмет маган унадыыы

    Reply this comment
  4. Марат 21 Сәуір, 2014, 01:40

    Ote jaksy

    Reply this comment
  5. простая женщина 13 Маусым, 2014, 08:47

    жақсы жазылыпты.мен білмеген едім.рахмет

    Reply this comment
  6. мерей 11 Қыркүйек, 2014, 19:43

    рахмет жаксы макала

    Reply this comment
  7. Айгерим 10 Желтоқсан, 2014, 07:57

    Оте кызык

    Reply this comment
  8. маулитжан 15 Желтоқсан, 2014, 19:43

    Керемет.

    Reply this comment
  9. гули 18 Желтоқсан, 2014, 07:23

    мен жукти болганыма 3 айдай болды конил куйим аркашан нашар еш журектен котере алар емеспин

    Reply this comment
  10. Карлыгаш 24 Мамыр, 2015, 10:44

    Тусiнде 1-жаска толмаган алди наресте котерип журмин жорып бере аласыздарма?

    Reply this comment
  11. Әке 26 Наурыз, 2016, 16:37

    Ал мына мақаласымақ маған мүлде ұнамады! Құрсақтағы тәрбие қасиетті Құрандада, менің кемеңгер халқымның бала тәрбиелеу дәстүріндеде мойындалған ақиқат! Әйелдің жатырына бала бітіп қырық күн толғанда Алланың әмірімен көктен түскен екі періште арқылы бөбектің өмірлік несібесі бөлінеді. Ал адами мүшелері қалыптасып алты ай толғаннан бастап ол сырттағы дыбыстың бәрін естіп, әрекеттің бәрін сезе бастайды. Бұған ешқандай күдігіңіз болмасын. Дүниеге қазақтың нанын емес қамын жейтін ұлағатты ұрпақ әкелем десеңіз халқымыздың бала тәрбиелеудегі дәстүрлі мектебіне үңіліңіз. Құрсақтағы сәбиге күніне бір рет қасиетті Құран аяттарымен қоса «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертөстік», «Қамбар», «Ер Тарғын» сынды батырлар жырын тыңдатыңыз. О міне, осылай жасасаңыз Алла нәсіп етсе өмірге Абылай хан, Абай, Шоқан сияқты ұлы тұлғаларды әкелесіз, ИншыАлла!

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*