Айжан — neke.kz жобасының авторы

Айжан — neke.kz жобасының авторы

Құрметті Айқаракөз оқырмандары! Біз «Табысты арулар» деп аталатын жаңа айтар аштық. Бұл айдарда өз еңбегімен, өз күш-жіберімен қандай да бір жетістікке жетіп, ерге бергісіз іс атқарып жүрген нәзік жандылардан алынған сұхбаттар жарияланатын болады.

Осы айдардың алғашқы кейіпкері — Айжан Құлмұханбетова.

Фото0051E001

Айжан — neke.kz  жобасының авторы.
Сұлу қыз Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөде ауылында туып-өскен. Фрилансерлік қызмет істегенімен, көбіне өз сайтымен айналысады. Интернетке 2007 жылы келіп, 2008 жылдан бері блог жүргізуді бастап, Қазнетке өз үлесін қосып келеді. Тұрмыс құрмаған :)

1. Айжан, дәл осы  отау құру, отбасы болу сияқты тақырыпта сайт ашуыңа не түрткі болды?
Басында сайт ашу туралы ойламадым. Өзім танитын мықты блоггерлердің бәрі өз сайттарын ашып, іс жасап жатқан кезде өз тақырыбымды таппағаныма қиналатынмын. Фрилансерлік жұмысқа кіргесін «арнайы тақырыптық блог жүргіз» деген ұсыныс айтылды. Өзім білетін интернет, жарнама сияқты тақырыптарда жаза бастадым. Бірақ ол оқушыларға онша қызық болмағасын «Қалыңдық күнделігі» деген атпен блог бастадым. Дәл сол уақытта орысша үйлену-жарнама сайтына жұмысқа тұрған болатынмын. Өзімнің блогтарымның қаралауы 5000-нан асып кеткеннен кейін «неге осы тақырыпта сайт ашпасқа» деген ойға келдім. Солай сайт жасаушылармен келісіп, neke.kz дүниеге келді.

2. Сайтқа бөлінген қаржыны, оған күнделікті контент толтыруды, ақпаратпен бөлісуді қоспағанда, қабақ түйдрген қандай жағдайлар болды? Кедергілер кездесті ме?
Жұмысымнан кетуге тура келді, «бастығым менің идеямды ұрлап жүрсің» дегесін кетіп қалдым. Ол кісіге өз сайтымның мақсатының басқа екенін түсіндіре алмадым. Бірақ, қазір басқаша ойлаймын.

3. Күніне неше уақыт бөлесің сайтыңа?
Қазір үйден жұмыс істеп жүргесін 2-3 сағат қараймын, жан-жақты сайттармен салыстыру, аналитика, сараптау жұмыстарын жасап жүрмін. Жұмыс істеп жүрген кезде күніне  тек 1 сағат қана бөле алатынмын, кейде мүлде уақыт таба алмай қалатынмын.

4. Жұмысыңдағылар сайтың туралы біле ме? Олар қандай көзқараста?
Басында білмеген, бірақ, бастығым менің блоггер екенімді білетін. Ешқандай қарсылық білдірмеген, кейін сайт туралы білген кезде келіспеушіліктер пайда болды. Содан соң кетуге тура келді. Әрине жасырмаймын, үйлену, той жасау бизнесіндегі бірқатар нәрселерді сол жақтан үйрендім. Бірақ, ол жақтан контент алу, жұмыста өз сайтымда отыру болмаған.

5. Сайт арқылы екі жастың танысуына, табысуына көмек болатын жолды қолға алғың келмей ме?
Сайт арқылы екі жасты таныстыру бар, біраз адамдарды таныстырдым. Дегенмен, адамдардың көңілін табу қиын екенін біліп қалдым. Себебі, «маған мынандай адам керек» деп айтқандарына сай, келеді-ау деген адамдарды жіберсең, «ұнамай қалды» деген сөздерді естимін. Әзірге ешкімді қоса алмадым, бірақ, жастарды  қосу ойымнан әлі де бас тартпаймын.

6. Сайтыңды таныту үшін қандай жарнамалық әрекеттер жасадың?
Әзірге тек интернет қана. Әлеуметтік желілер мен SEO жұмыстарын жасауға тырысып жүрмін.

7. Айжанқыз, еңбегіңе мол табыс тілейміз! Неке.kz арқасында құрылған бақытты отбасылар көп болсын! 

Comments

  1. AKY
    AKY 5 Февраль, 2014, 10:10

    Тамаша айдар екен. Құрмет, құрбыма. Осындай қазақтың табысты қыздары көбейе берсін!

    Reply this comment
  2. Samat
    Samat 10 Февраль, 2014, 11:44

    Osi saitiniz jaksi eken birak menimwe wamali ozgertu kerek sozderinizdi er istei almagan isti istedi dep maktanudn kajeti jok odanda osi saitinizdi damitiniz kemwilikter kop eken degenmen sait kizdarga komek berer degen oidamin

    Reply this comment
  3. Ізет
    Ізет 14 Февраль, 2014, 20:39

    Айжан сіңлімнің тірлігі оңды деп оиладым, қаншама адамдар серіктерін таба алмай ғұмыр кешуде. Тірлігің оңға бассын…

    Reply this comment
  4. Мен м
    Мен м 22 Март, 2014, 14:00

    Жас отбасылар минет и куни ушин ажырасама

    Reply this comment
  5. жанерке
    жанерке 20 Май, 2014, 21:13

    казир кирип корем сол сайтка

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*