Беліңіз неге ауырады?

Беліңіз неге ауырады?

Беліңіз ауырып, мазаңызды ала берсе, қорықпаңыз, бес адамның төртеуі белінің ауырғанына шағымданады. Демек, сіздегі жағдай аса қауіпті емес. Бел ауруы туындайтын себептерді іздеп көрелік.

Монитор алдында көп уақытыңыз өтеді

Адам тәуліктегі уақытың, орта есеппен, 9 сағатын компьютер алдында бүкірейіп, еңкейіп өткізеді екен. Заманауи гаджеттар көбейіп, адамдармен хабар алмасу тым жеңілдеген сайын арқадағы, иық пен мойындағы аурулар да қаптап барады. Жұмыс арасында үзіліс жасап, мойын бұлшықеттеріне жаттығу жасап тұру өте маңызды. Ең қарапайым жаттығу — басты күніне 5 реттен артқа-алға, екі жанға бұрып отыру.

боль-в-спине-у-девушки-симптомы-радикулита

Сонымен қатар, ұзақ уақыт отыру адамның омыртқасына тұрғандағыдан да, жүргендегіден де көп зиян келтіреді. Жұмыс орныңызда монитор көздің деңгейінде орналасуын, шынтақ пен тізе 90 градуста бүгіліп тұрғанын, табанның еденде нық жатуын қадағалаңыз.

Етбетіңізбен ұйықтайсыз

Етбетінен ұйықтау буын мен бұлшықетке күш түсірсе, шалқайып не бір жанымен жатып ұйықтау омыртқаға күш түсірмейді. Егер басқаша қалыпта көз іле алмайтын болсаңыз, омыртқа мен бұлшықетке түсетін қысымды азайту үшін жамбас тұсыңызға жастық қойып ұйықтаңыз. Тіпті, төсегіңіздің қатты не тым жұмсақ болуынан да беліңіз ауырады.

Темекі шегесіз 

Темекі — жүрек пен өкпенің ғана жауы емес. басқаларға қарағанда шылымға құмартқандардың омыртқасы тез зақымданады. Никотин омыртқаға қанның баруын баяулатып, оның жарақат алып қалу қаупін өсіреді. Сондай-ақ, темекі адам ағзасындағы кальцийді өзіне сіңіріп алады да, сүйектердің жағдайы нашарлай бастайды. Темекіні тастайтын уақытыңыз болған жоқ па? :)

image-1577

Көңіл-күйіңіз құбылмалы

Адам ауырса, оның психологиялық денінде де өзгерістер байқалады. Ғалымдардың айтуынша, арқасы, белі ауыратын адамдар жабырқау жүреді екен. Терең депрессияға түскен адамның белі, тіпті мойыны да ауыратын көрінеді. Адамда стресс болса, арқаның бұлшықеттері жиырылып, тартылып қалады. Бел ауруынан құтылу үшін, алдымен, депрессиядан құтылу керек. Йога, фитнес, би сабақтарына барып, екеуінен де арылуыңызға болады.

Сіз — сәннің құлысыз

Биік өкшелі аяқкиімдердің денсаулыққа зиян екені даусыз, тым жайпақ табанды аяқ киімдер де денсаулыққа жақсылық әкелмейді. Сүйретпелер мен сандалдар табанды ыңғайсыз ұстап тұрады да, соңында табан, тізе, бел ауыратын болады. Мұның бір шешімін табуға болады: бірде кроссовкалар, бірде сандалдар, бірде биік өкшелі аяқ киімдер киіңіз. Аяқ киіміңіз өте жайлы болу керек және бір ғана аяқ киімді күні бойы киіп жүрмеу керексіз. Айтпақшы, белдің ауыруына иыққа асып алатын сөмкелер де себепкер. Оны үнемі бір иыққа салып жүретін болсаңыз, тіпті қауіпті. Сондықтан бауы жалпақ сөмкені таңдаңыз және оны екі иығыңызға алма-кезек асыныңыз. Сөмкеңіздің салмағы өз салмағыңыздың 10 пайызынан көп болмау керек.

Woman's Back

Асыра әлпештеп жібересіз

Бел ауырса, адамның бәрі жатып қалуға құмар. Адам жатқанда омыртқаның бел тұсына түсетін күш азаяды. Бірақ, екі күннен артық жатқан адамның беліңіздегі ауруды одан сайын күшейе түседі. Жаяу көп жүріп, жүзумен айналыссаңыз, белдегі ауру жеңілдеп, қан айналымы жақсарады, тез жазылуға сеп болады. Йогаға барып, буындар мен бұлшықеттерді созып, жаттықтырса, белдегі аурудың кетуі жылдам.

 

Comments

  1. Айкерім
    Айкерім 9 Апрель, 2014, 09:57

    рахмет!өте ұнады.Мол мағулмат алуға болады.Өмірде тек жақсылықтар тілеймін

    Reply this comment
  2. Маржан
    Маржан 6 Май, 2014, 22:29

    Белим ауырады. Турмыска шыкканда бала туа алмаймын ба деп коркамын. Буган не дейсиздер???

    Reply this comment
  3. ерке
    ерке 13 Май, 2014, 23:45

    Кыздык ашылмаса да екіқабат болуы мумкин бе

    Reply this comment
    • Лако
      Лако 28 Январь, 2015, 10:29

      Привет . Ия мумкин. Менин курбымда болган ондай жагдай . Казыр улы бар

      Reply this comment
  4. Гулназ
    Гулназ 19 Май, 2014, 14:21

    Өте жақсы мағлұматтар бар екен. Бұл сайттын бар екенін сайт блогері Элвира ханымнын берген сұхбатынан кейін онай тауып алдым.

    Reply this comment
  5. АЙнур
    АЙнур 13 Июнь, 2014, 11:26

    мен арыктагым келеди калай арыктаымын

    Reply this comment
  6. Ғалия
    Ғалия 15 Июль, 2014, 02:36

    мен артык салмактан арылгым келеди. Менин бойым 177см суйегимде ири былайша айтканда дау толык болып коринемин . Тамактан бастартыпта кордим бирак еш озгерис жок.биге катыссам жугирсем арыктайтынымды блем бирак оны коигасын кайта семирип кетем деп коркам. Енди тек жемис жеп ыстык тамактан бастартып диетага отырамын. Сиздер калай ойлайсыз маган калай арыктауга болады????

    Reply this comment
  7. фара
    фара 13 Август, 2014, 14:14

    Ерке бул бел туралы жазылган! Кайдагы сурактармен басты катырманыз’

    Reply this comment
  8. Aidana
    Aidana 26 Сентябрь, 2014, 18:36

    Menide bel aurui azdap mazalaydi.onin sebeperin bilip aldim kop kop rahmet)))

    Reply this comment
  9. muslim_093@mail.ru
    muslim_093@mail.ru 29 Сентябрь, 2014, 07:49

    сәлеметсіздерме мен бір сұрақ қойайын дебедім мен фитнес клубта тринеровка істимін көп болды осы жолы байқамай ауыр көтергенімде дұрыс тұрмай қалдымда белім кілт ете қалды енді ауырыбатыр. не істесем болады қатты уайымдабатырм

    Reply this comment
  10. Газиза
    Газиза 20 Октябрь, 2014, 22:06

    Оте керемет маглуматтар

    Reply this comment
  11. ТАка
    ТАка 28 Октябрь, 2014, 09:08

    Мен ауыр дене котерип белимды ауырытп ады..казир арен журип журмин..енкейсем не шалкайсам катты ауырады,,катты журе алмаймын..коектеминдер

    Reply this comment
  12. jasik
    jasik 24 Декабрь, 2014, 08:15

    Menim belim auirip jur kizdarga kop barganna bolui mumkun ba?

    Reply this comment
  13. фариза
    фариза 1 Январь, 2015, 23:22

    Екикабат кезде белим ауырып бастады. Босандым. 3ай болд али белим ауырад. Неге екен тусине алмадым. Жогарыда айтылды гой себептер одан да болек себеп бар ма бел ауырганнын менин жагдайымда?

    Reply this comment
  14. Қалқын
    Қалқын 13 Январь, 2015, 18:39

    Менің бел омыртқам сәл қисайған.Өтінем пайдалы кеңестерініз болса қол үшін беріңіздерші

    Reply this comment
  15. Shamil
    Shamil 2 Февраль, 2015, 00:15

    Жок болмаиды алынбаса қалай ек кабат болады

    Reply this comment
  16. Shamil
    Shamil 2 Февраль, 2015, 00:16

    Ерке деген қызға аитып жатырым

    Reply this comment
  17. rita
    rita 5 Февраль, 2015, 13:49

    Алматыда зеленый базарда Белмурат деген киси бар сол кисиге рахмет менде грижа болган еди сол киси жазып берди оте керемет киси коп адам сол кисинин еминен жазылып кетип жатыр 1аптада аттай боласын сондай адамнын бул омирде болганына шукир

    Reply this comment
  18. Айка
    Айка 13 Февраль, 2015, 14:38

    Керемет мақала? Менін белім анда санда ауырады? Қонақ күткенде тынымсыз жугіреміз ғой ал кешке жатарда қатты ауырып кетеді

    Reply this comment
  19. кумисжан
    кумисжан 26 Февраль, 2015, 10:42

    менікі тож ауырат жаттығу жасау керек сияқты жене білу керек

    Reply this comment
  20. кундыз
    кундыз 29 Март, 2015, 21:53

    Салеметсиздерме менин де белим ауырады бирак мында айткандарыныныздын бари жагдай бар адамга арналган ал фитнка.бассейнге бара алмайтындар не истеуге болады ?теликтен корген уйде жасауга болатын жаттыгулар комектеспейди

    Reply this comment
  21. кундыз
    кундыз 29 Март, 2015, 22:02

    Арыктагысы келет Галияга айтарым 10 кун гречканы кайнаган суга буктырып 200 г жесениз азанда жане тусте капуста салат кешке гречкамен айран 200г 10 кунде 10 кг тастайсыз аш болсаныз ягни тамак жегиниз келген уакытта алма 1-2 кусок кара нан жеуге де болады

    Reply this comment
  22. Жадыра
    Жадыра 31 Март, 2015, 21:45

    Мен 1шелек суды котеремин деп белимди ауыртып алдым. Коп кимылдасам алсиреп калам кенес бериниздерши кандай даригерге коринсем болады

    Reply this comment
  23. belgisiz
    belgisiz 3 Апрель, 2015, 13:29

    Керемет

    Reply this comment

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*