ЖҰБАЙЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТЫ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЙТІН 7 ҚАТЕЛІК

Ерлі-зайыптылар арасындағы қатынасты жиі бұзатын не нәрсе? Әр жұптың араздастыратын өз себебі және өз түсінбеушіліктері болады деген уәж логикаға сыяды. Бірақ эксперттер қатынастардың ұзақтығы мен ерекшеліктеріне қарамастан қақтығыстарға алып келетін жалпыға бірдей жеті себептің бар екендігін бөліп айтады.

Ажырасып кетуге жақын қалған жүздеген жұптар араға араздық түсірген мәселенің бастауын, тығырықтан шығу, некені бұзбай аман алып қалудың жолдарын сұрап сексологтарға, психологтарға және психотерапевтерге күнбе күн хабарласып жатады. Бір

қызығы: олардың әрқайсысы өздерінің бірге өткізетін өмірін қалай өткізу керектігі туралы нақты жауап алғысы келеді. Оның себебі, бір жағынан алдында бағдардың жоқтығы болса, екіші жағынан өзара қатынастағы жауапкешілікті барынша азайтуға тырысудан.

Бірге өмір кешіп жүріп, жауапкершіліктен қашқақтаудан басқа тағы қандай кедергілерге тап келуге болады?

1. Тұтасқан бітеқайнасқандық (симбиоз)

Қаншама парадокс болса да ең осал одақ — бастапқыда бітеқайнасып кеткендей болып көрінетін, жұптардың бір біріне: көңілдес те, дос та, туыс та, бала да бола алардай жақындасып кеткен одағы.

Олар сызат түспестей бірлігіне араласып, өзгеріс енгізердей бір нәрсе пайда болған күнге дейін елсіз аралда жалғыз қалған жандардай күн кешеді. Бұл балның дүниеге келуі болуы да (бұған дейін бірі үшін бірі күн кешіп жүрген екі адамның өмірін үш адамға қалай лайықтауға болады?), жұбайлардың біреуінің ойында қызғылықты жобаның пісіп жетілуі, көп жағдайда жұбайлардың біреуінің «қажып кеттім-ау» деген ойға бекінуі де болуы мүмкін. Бұл әріптестердің біреуінің көңілі қалып, екішісінің жолым болмады деген ойға бекінуі- тығырықтың бастауы. Көп жағдайда бұндай жұптар бір бірінен бейбіт жолмен қол үзбейді.

2.Ерекшеліктерді мойындаудан бас тарту

Сүйіктің сенің көшірмең емес деген ұғым теориялық тұрғыда мойындалса да, өмірде басқаша қабылданады. Небір үлкен жанжалдар, біз ескере бермейтін, немесе мойындағымыз келмейтін ұсақ-түйектен басталады. Әріптесіміздің біз қуанғанға қуанып, ренжіген жағдайымызға бірге ренжімегендігін біздер қабылдай алмаймыз. Бұлай болуы біздерді басында таңдандырып жүрсе, бара бара ашуымызды қайнататын түбінде оған деген көңілімізді суытатын жағдайға әкеледі. «Ерім өзінің сезімі жайлы маған айтпайды», «Әйелім осы әлетке жету үшін менің арқа етім-арша,

борбай етім-борша болып жүргендігін түсінбейді», «Әйелім менің қауышқым келгенде секстен бас тартады» деген сыяқты уәждер, терапиялық сеанстарда айтылатын ерлі -зайыптылардың бір біріне артатын кіәларының бір парасы осылар.Түптеп келгенде осылардың барлығы ері мен әйелінің бірінен бірінің айырмашылығын мойындағысы келмеу ғана, бұлай ету оладың бірлескен өмірін майдан алаңына немесе, бітіспес соттасуға айналдырып жібереді.

3.Сөйлесіп пікірлесудің жетіспеуі

Жұбайлар бір бірімен сөйлесіп пікірлесудің бірін бірі түсініп ұғынысуға үйренуге жол ашатындығын естерінен жиі шығарып алады. Қасыңдағы адамның ойындағысы мен нені қажетсінетіндігін қалай білесің? Бірлескен жоспарды қалай құрасың? Тек қана сөйлесу арқылы. Олай істемеген жағдайда біз қасымыздағы адамның, тіпті біз ойлап елестеткендей жан емес екендігіне ерте ме кеш пе біздің көзіміз жете бастайды. Бұған қоса пікірлесудің аздығы түсніспестікке алып келеді. «Не деп жауап беретіндігін біліп тұрсам, оған бірнәрсе айтудың қажеті бар ма?» Бірін бірі білетіндігіне сенімді жұбайлар өзара сөйлесудің қажеті шамалы деп есептейді. Олар бір біріне кінә таға жүріп, бірігіп өмір сүрудің орнына қатар өмір кеше береді.

4. «Емдегіш» жұп

Бұл жұптардың өз арасында өздері де байқай бермейтін және көлденең көзге көрінбейтін, бір біріне тәуелді болу туралы шарт жасасып қойылғандай: жетекші әріптес сыңарын торығудан, ішімдіктен, кәсібі жолыболмаушылықтан емдеп жазуға міндеттенгендей. Өзіне «құтқарушының» ролін арқалаған әріптес өзінің орнытолмастығын, қажеттігін сезінгісі келеді. Өстіп билікжүргізушілікке ұмтылыстың негізінде дүниеге келген қатынастың бетпердесі әрдәйім сорайып көрініп тұрады. Көбіне «емделуші» айығып, «емдеушінің» де, өзі басынан кешкен

қыйындықтардың куәсінің де оған қажеттілігі жоғалатын кез келеді. Немесе ол өзін тәуелділікке ыңғайлаған осы бір байланыстың өзіне еркіндік берудің орнына, бағындырып бара жатқандығын сезінетін кез келеді. Оссының негізінде бейбіт жолмен шешілуі мүмкін болмайтын «бунт» қарсылық басталады.

5. Белгілі жоспардың болмауы

Алға жылжу үшін ерлі-зайыптылар жоспарлар жасаулары керек. Бірақ алғашқы күндердің көңілді көкке ұшырар эйфориялары жас жұбайларды ертеңге жоспар жасамай-ақ, «бүгігі күннің қуанышымен күн көре беруге болады» деген сенімге әкеледі. Нәтижесінде, құштарлықтың қуанышы ептеп басылар кез таянғанда болашақ деген ұғымның орыны қаңырап бос тұрады. Бірге кешкен өмір жаңа құлшыныстар туғызып, қанағаттанғандық сезім сыйлай алмай қалады. Бас қосып жағдайды талдап өздері күткен игілік туралы сөйлесудің орнына, жбайлар томаға тұйық күй кешіп, әр кім өз ісімен болып кетеді, бар көңілін жұмыс істеге жұмылдырады.

Кезі келгенде жұбайлардың біреуі өзімен өзі, жалғыз өсіп келе жатқандығын түсінеді де, байланысты үзу туралы шешім қабылдайды. Немесе шешімнің кең тараған түрі: екеуі де «бірге жүріп, жалғыз өмір сүруге» мойынсұнып, ешнәрсені өзгертпестен тірліктерін жалғастыра береді.

6.Өзгерістерді қабылдамау

Уақыт өткен сайын адамдрдың дене құрылысы ғана емес психологиясы да өзгерістерге ұшырап отырады. Тіпті одақтары берік жұптардың өзі жұбайларының бойындағы өзгерістерді ескеріп, оларға бейімделіп отырмаса, белгілі бір уақыттан кейін тығырыққа тіррелуі мүмкін.

Өзгерістер ешқашан қолмен қойғандай болып бір сәтте өтпейтін болғандықтан әріптесіңнің бойынан бірден байқаудың өзі мүмкін емес. Оған қоса өз әріптесің басқа адамдар сияқты, ешқашан

өзгермейді, менің жұбым бұрын қандай болса, өзгерген жоқ баяғы қалпында деген сенімнен айығудың өзі қиын. Біздер өзіміздің жоспарларымыз бен алданыш армандарымыздан ешқашан арыла алмағанымыз сыяқты, жұбымыздың бойындағы өзгерістерді де қабылдай алмаймыз.

7.Жалқаулық пен фатальизм

«Біз бір бірімізді сүйеміз сондықтан бәрі жақсы болуы тиіс», «Егер бір нәрсе ойлағыдай болмай қалса, онда сезімнің шын махаббат болмай шыққаны», «Егер біздер төсек ләззәтін бөлісе алмасақ, онда біздер бірге өмір сүру үшін жаралмағанбыз». Көп адамдар жұбайлық өмір алғашқы сәттен сәтті жүруге тиісті деп есептейді де, аздаған кикілжіңнен кеін ақ «бизге бірге болу жазылмаған» деп шыға келеді. Ғашық болып жүрген кездегі арманында қалыптастырған тұлғаның бейнесі олардың жасына сай қалыптасқан қатынас кезеңін қабылдай алмайды, бұл кезде құштарлық әлсізденіп бұрынғыдан да ересек сезімге айналады.

Бұндай жұптар нәтиженің қол ма қол шығуына үйренген, жұбайлық қатынастың бір тұрінен екінші тұріне ауыспай- ақ ,көкейіне оралған тілекті қолма қол жүзеге асыру үшін «бәрін бірден» алуға тырысады.

Сендер үшеу болдыңдар.

Көптеген жұптар бала туа салысымен,сыйқыршының қимылдатқан таяқшасының әсеріндей, бар мәселе шешіліп орнына келе салады деп есептейді.Керісінше,бұл шарадағы суды шайқаған соңғы тамшыдай,өзі титықтап тұрған мәселені шиеленістіре түседі. Бұрын сөйлесіп пікірлесу аз ба еді? Одан да азая түседі. Жігі білінбес гармония ма? Бала оның бытшытын шығарады,осыған байланысты жұптардың біреуінің көңілінде оның сүйікті адамының жұрегіндегі бұның «орнын» басқа біреу ұрлап алғандай күй кешеді. Болашаққа деген бірлескен жоспар жоқ па еді? Бала ата-анасының біреуінің мақсатының орталағына айналып,екіншісі «түксіз» қалады.

***

Бір бірімен пікірлесудің жетіспеуі,біріне бірі билік жүргізуге талас, бірлескен жоспардың болмауы сықты тығырық тұзағынан құтылудың бірден бір тәсілі – өзіңді өзің тану жолына түсу. Бұл үшін эксперттің көмегіне жүгіну, немесе өз әрекеттеріңді көкей көзінен өткізіп талдау қажет. Бұл туралы сексолог және психотерапевт Массимо Шер: «Мен біздің әрқайсымызға психотерапевтің көмегі қажет дееген ойдан аулақпын, әрине, — дейді түсіндіргенде,- Дегенмен өз әрекетіңе сырт көзбен қараудың алар орны үлкен. Бұлай жасау ара қатынасқа, ата-аналар, немесе бұрынғы «махабаттардың» іздерінің елесітернен, басқаша көзбен қарап құтылу ақылы, жаңаша қарауға мүмкіндік ашады.»

Шындығында тұзақтан құтылудың бірден бір — олардың бар екенін білгендіктен, оған түспей айналып өту.

About Author

Write a Comment

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*