Басты ақпарат Сұлулық

16 434 рет қаралды 21.08.2012 14:47

Кірпігіңізді күте білесіз бе?

Қайқайған, қалың, ұзын, найзадай кірпіктерді қай қыз болса да армандайды. Бүгінгі таңда оған қол жеткізу де қиын емес, жасанды кірпік жалғап беретін әсемдік салондары көп. Бірақ, арнайы той-томалақ пен кештерге жасатпаса, жасанды кірпікпен мәңгі жүре алмайсың. Бәрібір өз кірпігіңнің керемет болғанын қалайсың…

Кірпігіңізді күте білесіз бе?

Ошаған (репейное) майы.  Кірпік күтуде көп аталатын құралдың бірі. Ол кірпіктің өсуін тездетіп, қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кірпіктің түсуін баяулатады.

Таусылған сүрмеңіздің (тушь) флаконын тастамай, ішін жуып, кептіріп, ошаған майын құйып қойыңыз. Күн сайын кешке кірпігіңізге жағып жүріңіз. Майдың көздің шырышты қабығына түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Майды жағып, 15 минуттан соң құрғақ мақтамен сүртіп тастаңыз.

Кірпігіңізді күте білесіз бе?

Майсана (касторовое) майы. Бұл да кірпікке өте тиімді құрал. Ошаған майын қолданғандай, бұл майды да ескірген таусылған сүрме ыдысына құйып қоясыз. Күнде кешкісін жағып жүріңіз.

А дәрумені. Кірпігіңіз ұзын боп, тез өссін десеңіз, А дәрумені жақсы көмектеседі. Майсана майына А дәруменін (дәріханада сатылады) араластырып, күнде ұйықтар алдында кірпігіңізге жағып жүріңіз.  5 минуттай ұстап, мақтамен сүртіп алуды ұмытпаңыз.

Кірпігіңізді күте білесіз бе?

Массаж. Кірпіктерді арнайы тарақтарымен жиі тарап, кірпік түбіне көбірек массаж жасап тұру да өте пайдалы, кірпіктің өсуін тездетеді. Кірпігіңізді сүрмемен бояғандай астынан жоғары қарай, түбін саусақтың ұшымен оңға, солға уқалаңыз.

Кірпігіңізді күте білесіз бе?

Вазелин. Қолжетімді әрі тиімді құрал боп табылатын вазелин бір айда нәтижесін көрсетеді. Ол үшін вазелинді күнде жатар алдында кірпігіңізге қалыңдап жағыңыз. Вазелин кірпікте түні бойы тұрып, әбден сіңіуі керек. Осылай аптасына үш реттен бір ай бойы жақсаңыз, кірпігіңіздің қалыңдап, ұзарғанын байқайсыз.

Кірпігіңізді күте білесіз бе?

 Суреттер: ona-znaet.ru

26 пікір

  1. Neli айтты:

    (Касторова) майда комектеседи жогардагы айткан тасилдермен жасаса!!!

  2. Акмарал айтты:

    мен кун сайын кирпигиме кастор майын жагамын жане сонымен бирге аптекадан арнайы кирпик пен касты карайтуга арналган арнайы витаминдермен кастор майы косылган туштын ыдысы сиякты калыпта сататын май алдым. оны да кунде жагам уже 3 ай болы али ешкандай озгерис жок сол баягыша. кирпиктерим тубинен куйип калгасын жагып едим, ен болмаса оз кирпигим де орнына келмей жатыр. енди не жагам билмеймин. Сиздер айткан А витаминин косып корем. Кыз келиншектерге арналган Ай каакоз атты газеттин бары оте жаксы. Рахмет.

  3. Айдана айтты:

    Сәлем! майсана майы көмектеседі. мына сайттағы мақаланы көшіріп алып тәтеме көрсетейін десем, тосқауылдар қойыпты. бірақ, бәрібір мен мына мақаланы түгелдей көшіре аламын. аздап уақыт алатыны болмаса. ел игілігіне арналған сайт болса, халыққа қолжетімді, ығайлы болғаны дұрыс. көшіріп, ұрлағысы келген адам бәрі бір ұрлайды.

  4. Қымбат айтты:

    Менде костровое майын жағам 1 ай болды еш өзгеріс жоқ.репейное майын жағып көру керек екен

  5. Аселя айтты:

    менде касторовое майын жаканыма 1-айдай болды тфа тфа кірпігім ості казыр барлығы қызығат,,,

    • Акмарал айтты:

      Аселья кастор майын мен кунге 3 рет жагам 3 айдан асты али результат жок. оган тагы витамин костын ба тек шын жазшы маган. кирпигимди газге байкамай куйдирип алдым, енди оспей тур. жауап кутем

    • Aruzhan айтты:

      аселя салем майсана майын кунде бирак рет жактын ба алде буданда коппа?

  6. Дина айтты:

    Пайдалы кеңестер деген журнал сатып алсаңыздар,өздеріңізге керекті барлық нарсені оқи аласыздар.

  7. Жамал айтты:

    onyn kozge ziyany jok pa?

  8. Жайна айтты:

    Мынау жаксы мақала екен!енди ертеннен бастап осыны істеп көру керек екен))))))))

  9. Gauhar айтты:

    неге коширип алатын кылмагансындар нагыз керек нарселерди коясындар да бирак коширип алып жасай алмаймыз осы жагын карастырсаныз екен

  10. Иә көшіріп алатын болса деген керектілері көшпейтіні жаман қолмен көшіріп отырғаның ,,,,,,

  11. Диана айтты:

    кірпігім тущь пен бойай бергендіктен азайып кетті, қалай қалпына келтірсем болады қыздааааар???

    • Marjan айтты:

      Bizge alla kirpikti kalai berdi,solai saktauymuz kerek.bolmaitun mailardu jagup kozinizge zakum keltiresizder,kirpugin ademi bolup osu uwin kunde boiauga bolmaudy boiau kirpiktin osuine kedergi jasaidu. Ara tura jakkan durus. Men ozime solai kozim jetti burun kunde boiap kirpigim kiwkene bolup turatun kazir anda sanda boiaimun uzun bolup osti

  12. жазира айтты:

    мен касторовое майын жактым кадимгидей узарды жаксы комектеседи .кирпикпен касты карайтатын кандай витаминдер толыгырак билгим келеди

  13. Әйгерім айтты:

    Қыздар майсана майы шынымен көмектесема?кірпікке?

  14. Назымка айтты:

    Мен енди бастадым жагуды бурын мундайды естимеппин))))Иншалла осип кетсе екен)))))

  15. Маржан айтты:

    облепейхвый майды жаксада кирпикке пайдалы

  16. Ерке айтты:

    Менің кірпігім қанша тущь пен боясамда, жоғары котерілмейді қалай көтерсем болады? қыздар кеңес бере аласындарма?

  17. Арай айтты:

    Menyn kirpigym uzin ote.birak kozimnyn jogari jagy isinyp turady da uzindygy blynbei kalady.

  18. Арай айтты:

    Menyn kirpigym uzin ote.birak kozimnyn jogari jagy isinyp turady da uzindygy blynbei kalady.ony kalai ketiruge bolady

  19. Арай айтты:

    ony kalai ketiruge bolady

  20. Дана айтты:

    Кыз-келиншектерге арналган мына сайт жаксы екен. Коптеген маглуматтар алдым. Менин де кирпигим проблемма болып жур еди, енди мен де колданып карайтын болдым, Кенестеринизге рахмет!

  21. Marjan айтты:

    Kirpik koterilip turu uwin tuwtu kirpiktin astunan bastap boiap 1-2sikunt ustap turup kaita kaita boiau kerek

  22. Iza айтты:

    salem kizdar!!! maisana maiyn kai uakitta jagu kerek?kundizde jaksa bolama?

  23. Санду айтты:

    Сәлем бәріне! Менде бугін бастадым майсана майын! Енді нәтежиесі жақсы болады деп ойлаймын)))

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>