Қызойнақ

Қызойнақ деген не? Бұл қазақ халқына тән дәстүр ме? Ол қайда және қашан өткізіледі?

Той алдында тек бойжеткендер арасында ұйымдастырылатын бұл құпияжиналыс «қызойнақ» деп аталады. Бұл жиналыс қазір той алдындағы салтқа айналды. Онда тек жақын құрбы-қыздарың жиналып, кез келген тақырыпта әңгіме-дүкен құрады.

Қызойнақты қалай өткіземін десеңіз де, өз еркіңізде. Сондықтан да бұл «қызойнақ» деп аталады екен.

Бір қызығы, бұрын қызойнақ өтетін күн келін үшін көңілсіз, мұңлы күн болған екен. Себебі, қыздардың өз еркінен тыс ұзатылуымен байланысты.

Қызойнақ  қыздың ата-анасының үйінде өткізіледі. Ол өз үйімен, балалығымен қоштасу дегенді білдіреді. Мереке барысында ұзатқалы отырған қыз құрбыларымен бірге қайғылы өлең айтып жылаған. Кейде қызды жылатуға арнайы әйелді де шақыратын болған екен.

9lBUgWgL_LA

 Ал қазір өткізілетін қызойнақ пен бұрынғы қызойнақтың айырмашылығы жер мен көктей. Қуантарлығы, бізег бұл дәстүрдің тек жағымды жақтары ғана жетті.

Бүгін қызойнақ  бойжеткен қыздар арасында тойға бірнеше күн қалғанда ұйымдастырылады.

Оны  жастар қайда және қалай өткізеді?

Қызойнақтың ең қарапайым түрін үй ішінде де ұйымдастыруға болады. «Пижамды кеш» мұндай жиында таптырмас идея. Қандай көйлек киіп, шашты қандай үлгіде жасаймын деп қиналмай-ақ қойсаң да болады.  Dress – code қарапайым : сүйікті аю немесе үйрек бейнесіндегі түрлі түсті пижама.

1

Қазір жастар арасында белгілі бір стильде өтетін қызойнақ жиындары да кең таралған.  Мысалы, мына фотосуретте бойжеткендердің  теңізші образы өте қызық ты. Әрі  барлық қыздар үшін естен кетпен күн болары сөзсіз.

2

Егер «Gossip girl» сериалын көрген болсаңыздар, басты кейіпкер Блэр Уолдрефтің қызойнақ кеші ерекше ойластырылған. Яғни, Одри Татудың  «Breakfast  at Tiffany’s» киносындағы образына негізделіп  жасалған.

3 4

Бұл ой біздің аруларымыздың  да көңілінен шыққан сияқты. Суреттерден қыздардың әр декорацияны, тіпті торттың сыртқы бейнесіне дейін  Тиффани стилінде безендіргенін байқауға болады.

Идеялар сан алуан. Тек қиялыңызға ерік беріңіз. Бұл тек сіздің қалауыңыз бен фантазияңызға байлынысты.

Мысалы, «The Great Gatsby»  киносынан кейін мен өз қалауымда таптым. Мен біздің заманымызға дейінгі  20-жылдардың киім үлгісіне қатты қызығушы едім. Қызойнақты дәл сондай нұсқада өткізсем деген ой туды.

6

Ал, сіз қызойнақты қалай өткізгіңіз келеді?

 

 

Қарлыға Құрманғалиқызы

 

9 thoughts on “Қызойнақ”

  1. karlyga sizge kop rahmet. Sizdin arkanyzda biraz paidaly malimetter bildik… Bizde kyz oinakty menin uimde tyra siz oilagandai stilde otkizdik bul ote keremet esten ketpes kun boldy.Endi biz kyzoinakty ar jylyna 4 ret oinaimyz ar kezde ar tyrli stilde otkizemz…

    Жауап беру
  2. Айтылған сөздермен мүлде келіспеймін. Осы мәліметті қайдан алдыңыз. Қызойнақ бойжеткендердің ата аналары жоқ кезде өткізіледі. Бұрында да ешкім жыламаған. Сенбесеңіз menkazak.ru сайтына кіріп қызойнақ деп іздеп көріңіз сол жерде барлығы анық жазылған.

    Жеті қазына атты кітаптан да оқығаным бар

    Жауап беру
  3. Бул ойын оте керемет ари кызыкты. Казирги жастарымыз осы ойынды ари карай дастуримизге айналдырып кетсе жаксы болар еди

    Жауап беру
  4. Керемет айткандарыныз кандай жаксы болды болашакта узатылу тойымнан алдын истейм! Рахмет!

    Жауап беру
  5. «Қызойнақ» деген сөздің өзі бір түрлі естіледі екен. Мақалаңыздағы суреттерді дұрыс таңдасаңыз болар еді… Қазақтың салты туралы жаза отырып, ЖЫНОЙНАҚТЫҢ суретін салғаныңыз қалай?!!

    Жауап беру

Leave a Comment