Шаштағы «бақша»

Биылғы жазда сән әлемі сылқым бойжеткендерді жаңа сән үлгісімен тәнті етті. Сәнгерлер аруларымызға «бақташының үлгісін» ұсынды. Әлбетте, үстіңіздегі жарасымды киіміңізге, таққан әр әшекейіңіз ажарыңызды аша түседі. Кереметтей әдемі үйлесімдікті берері сөзсіз. Сондықтан биылғы жаз мезгілінің ең үздік тренді – гүлді жиектер (ободок) мен гүлді тәждер болды.

Қай заманда болмасын әйел затының гүлге деген көзқарасы ерекше, өсіп шығатын сұлулыққа деген  махаббаты ертеректе басталған. Өткен ғасырдың басында Алла Назимова және де Мод Фалидің түскен киноларда әртістер әдемі өрілген шаш үлгілерін қызғылт гүлшанақтармен безендірген. Кейіннен танымал Мексикандық суретші Фрида Кало өзінің «икебанасын» жеке фирмалық стиліне айналдырған.

Шаштағы гүлдер әлемдік сәнге Dolce&Gabbanaның күз-қыс 2012-2013 сициялық топтамасы арқылы келді. Байлық, әдемілік, әсемдік – дизайнерлердің сән тарихындағы негізгі тақырыптарының бірі. Сән көрсетілімдерінен сәнгерлердің қымбат асыл тастардан, гүлдерден жасалынған жиектері мен тәждері бүкіл әлемнің сәнгер қыздарының назарын аударды.  Сhristian Dior, Moschino, Osсar de la Renta және  Kira Plastinina да өздерінің көктем–жаз топтамаларына гүлмен безендірілген жиектер мен тәждерді қосты.

 6uwC_mMM5Cc Dolce-&-Gabbana(3)

Аса талғамшыл аруларымыздың назарын гүлді тәждер қыс мезгілінде-ақ жаулап алған еді. Көктемнің жайма-шуақ күні келісімен бұл сән үлгісі керемет трендке айналды. Гүлді жиектерді әлемдік жұлдыздардан (Кира Найтли, Кирстен Данст, Энн Хэтэуэй, Джессика Альба, Пэрис Хилтон) қызыл кілемде, сән көрсетілімдерінде, кейін Нью-Йорктің көше сәнінде, Париж, Милан, Мәскеуде өткен сән апталығында көптеп кездестірдік.

CvZytS-yAPo

Шашқа арналған жиектердерді бет-әлпетіңіздің пішініне қарай қолданған дұрыс. Жиекті маңдай тұсына тағар болсаңыз, онда бет-әлпетіңіз үлкендеу болып көрінеді. Сондықтан, бет-пішіні домалақ немесе төртбұрыш аруларға жараса бермейді.

Егер әшекейді басыңыздың орта тұсына қарай тақсаңыз, бет-пішініңізді барынша созылыңқы әрі тартымды болып көрінеді.

HXV9FqFjvw0

Шаш үлгісіне келер болсақ, гүлді жиектер өрілген шашты жинақы етіп қана қоймай, оны барынша әдемі етіп әрлендіре түседі. Аздап бұйраланған шашқа тақсаңыз да керемет жарасады.

7aQFWn4lNzE

Қазіргі кезде көптеген шеберлер осындай әшекей бұйымды жасаумен айналысады. Соның бірі Алматылық жас ару –  Гауһар Батырхан.

 vmkFRUIbrlQ

 Бұл бойжеткеннің қолынан шыққан әшекейлер көздің жауын алады.

 he6zAqVqrq4

uhkRbtlHMSQ

Шынар Ізбасар