ЕКЕУДІҢ МҰҢЫ

Арамызда жылдар бар…

Шақырымдар…

Сосын.. «Өзге жан» деген жат ұғым бар.

… Мен Сізге бәрін айтып хат жазар ем,

Дәл соған жетпей отыр батылым да…

(Армандар, ах ұрыңдар!)

 

Арамызда Сезім бар…

Ұяң, нәзік..

(Кетсем бе екен алысқаа.. Қиянға азып?!)

… Өзіме естелік деп Жүрегіме,

Атыңызды мәңгілік қоям жазып.

 

Шаршап жүріп, күлемін. Жылап алам.

(Не қалды сонша мені сынамаған?)

… Арадағы қашықтық….

Түк емес-ау,

Үнсіздікке көнбейді…

Бұған адам.
Көктем келе жатқандай гүлсіз тіпті,

Түсіне алмай дал болдым Жыр, Сіз… Түкті!

Үндемей-ақ қойыңыз…

Үндемеңіз!

Үркітесіз мендегі Үнсіздікті…

Өлеңді жазған: Индира Кереева

ЕКЕУДІҢ МҰҢЫ

5 комментариев к “ЕКЕУДІҢ МҰҢЫ”

    • КӨКЕМ, КІМГЕ АРНАЛҒАНЫНДА ШАРУАҢ ҚАНША? КАЛКАМАНГА АРНАЛСА НЕ БОЛАДЫ ЕКЕН?

  1. Қалқаман ағамның бұл жерде қатысы қанша, ау, халқым?! Аққа күйе жағуға бола ма?!

Добавить комментарий для xxxxxxx Отменить ответ