Қал қалай, Өмірдегі сағынышым?
Хат жазбауға жетпеді тағы күшім.
Сені Өзім іздеймін, сол себепті,
Хабарласып тұрсайшы Жаным үшін….
Жақсы ма тірлік күнің, қалай бәрі?
Ақыныңның жанбай жүр оңай бағы…
Өзіңе хат жазбаймын деп ант беріп,
Ұмытам деп жасап ем бар айланы…
Бәрібір…
Сағынышым жоғалмады.
Сосын ба… Дегбірімнің тоналғаны?
Қасымда қаптап жүрген көп қазақтың,
Бірі де дәл өзіңдей бола алмады…
Қатені тізіп қойып ісімдегі,
Жек көрші…
Менмендігім үшін мені.
Жанымда жырлап жүрген көп ақынның,
Бірі де дәл өзіңдей түсінбеді…
Жә, қойшы…
Өзіңді айтшы, аманбысың?
Өзіңсіз тереңдеттім жарамды шын…Өзімді ұмытып ем, бірақ сені,Ойламауға жетпей жүр шамам, күшім…
… Дедім де хатты салып конвертке,
Көңілімді лақтырдым Лағынетке.
Содан бері жыл өтті….
Жауабың жоқ,
Жүрек өлді.
Селқоспын.
Жаным өртте…
Өлеңді жазған: ИНДИРА КЕРЕЕВА
Жүрегің нәзік-қайдасың,сағындым- деп салады..Санаң,-қой,буйте беруге болмас,асылы денсаулықты ойла,басыл- дейді)))….
осыны да олен деп… копш1л1кке жариялап…
Хусни бауырым, БІЗ (яғни миллиондаған оқырман) әлгі Индира Керееваның жазған өлеңін өлең екен деп қалсақ, олай емес па? Жаман қателесіппіз ау а? Өлең екен деп қалдық қой біз?! Енді не істейміз, айтып жіберші өзің???
жап-жақсы өлең.
Ер деген атты арқалап жүрген Хусни мырза. Езге тән қылығыңызға жол болсын? Сүбелеп сараптай алмасаңыз, ерніңізді сүйреңдетіп, босқа арам тер болмағаныңыз жөн!!! Ауыз менікі деп құса бермеңіз. Жеке басым қазақ азамматарының ұсақталып бара жатқанына қынжыламын.
походу хусни деген озбек да? ози осындай олен шыгарып алсын,
Ia.ia Xusny degen ozbek koi,bul xattin maginasi basina barmai auzina kelgenin aitip tur… keremet oz basim magan unadi!
Индира кыз жарайсын керемет жазыпсын! өнерің өрге жузсүн!