Қазақша Пицца

Алдарыңызда Пицца!!!

Бұл жерде ең бастысы нанын жақсылап дайындау. Сонымен қамырға: 3 кесе ұнға

1 пачка ашытқы (кішкентай пакетиктағы), 1/4 шәй қасық тұз, 1 толмаған ас қасық қант қосамыз

Одан соң 1 кесе суық су мен 2 ас қасық су май қосамыз

нанды біраз илейміз де оған 2-3 ас қасық томат қосамыз (дәл қамырдың өзіне)

сонда қамырымыз біраз қызғылт болып шығады

Енді оны жылы жерге 40 мин. қойып қоямыз. 40 мин ішінде 3 рет орамал бетін ашып, бір-бір илеп тұру керек.

сонымен нанның шаруасы бітті:) енді пиццаның ішіндегісіне үйдегі  (және пиццаға қосуға лайық деп тапқан) бар нәрсені қоссаңыз болады

шұжық, қызанақ, тұздалған қияр – қажетті заттар, сондай-ақ дайын тауық етін қосып жіберсеңіздер тіптен керемет болады. Ал нағыз қазақша пицца болу үшін, ет, жал-жая қоссаңыздар болады:)

Ірімшік ұсақтаймыз

Осы уақытта 40 мин-те өтеді:) Қамырды жаямыз да, пісіретін табаның үстіне кішкене ғана ұн сеуіп, нанды табаға пішініне сәйкес жаямыз.

нанның үстіне кетчуп жағамыз да, бар тағамдарымызды орналастырамыз

үстіне майонез жағамыз

ең ақыры бұның үстін ұсақталған ірімшікпен сеуіп, қайта кетчуп жағамыз

Бітті!!!:) пеште нан қызарғанша дейін ұстаймыз.

P.S бұл рецепт әлі бірде-бір рет жаңылыстырған жоқ:) бәрін егер дұрсы жасасаңыз, нан жұмсақ та ерекше дәмді болып шығады, астарыңыз дәмді болсын!

http://kerbez.wordpress.com

38 комментариев к “Қазақша Пицца”

  1. але истеп коргеним жок, бирак миндетти турде коремин! мм дамди болатын сиякты! рахмет!

  2. Жасап көрмедим, бірақ маған мәзірі қатты ұнады. Осы мәзірдің авторына үлкен алғыс білдіргім келеді. Қолыңызға дерт бермесін

  3. Jasap korgen jokpin. Korinisi unadi. Tek salenni agursidi kospai jasaugada boladi. Olai jasap kormei jatip soilemesendershi. Sizge raxmet.

  4. Жоғарыда айтылды ғой, пиццаға қосуға болады-ау дегеннің бәрін қосыңдар деп. Демек автордың дәл сол мезетте тоңазытқышында тұздалған қияр болған))
    Меенің апайым жұмыртқа қосатын)

  5. мен бул пиццаны дайындым оте дамди болып шыкты..Миндетти турде жасаныздар)

  6. Мен муны жасадым! Оте дамди болды…тек аздаган озгеристер енгиздим! Ммм….дамди…! Рахмет сизге коооп!)))

Оставьте комментарий