Сүйіктіңізбен әдемі «романды» аяқтадыңыз ба? Әлде сүйгеніңіз дос болып қалуды өтінді ме?
Мұндайда өміріңіздің астаң-кестеңі шығып, бәрі де бастан-аяқ төңкеріліп кеткендей болады. Тыныс алу да қиын, тамақтану да қиын, ұйықтау да қиын, тіпті не ойлап, не қойғаныңызды бақылай алмай қалуыңыз мүмкін. Осындай кезеңде психологтар түгелдей өмірді «таза парақтан» бастауға кеңес береді.
Салтанатты уәде. Сіз күні бойы үйде отырып, көз жасыңызды көл етіп, өзіңізді тастап кеткен жанды қалай қайтарудың жолын білмей, дал бола бермеңіз. Одан да ерік-жігеріңізді жиып, экс-сүйіктіңізді ұмытудың жолын іздегеніңіз дұрыс. Эмоцияға берілмей, мықты болуға, өз бағаңызды түсірмеуге, жаңа өмір бастауға уәде беріңіз. Уәдені біреудің алдында дауыстап айту міндетті емес, өзіңізге өзіңіз ереже тізіп, ойша сөз беріңіз.
Ешқандай байланыс құралынсыз! Сіз оған мүлде хабарласпаңыз. Сізден естуге міндетті жақсы не жаман жаңалық болса да, шыдауға тырысыңыз. Дауысын есіткіңіз келсе де, сізде оның заттары қалып кеткенін хабарлау керек болса да, қандай маңызды шаруаңыз болып тұрса да, мүлде қоңырау шалмаңыз. Интернеттегі байланыстан да, агентіңізден де өшіріңіз. Қажет болса, өзі тауып алады.
Тыйым салынған орындар. Екеуіңіз бірге баруды ұнататын, тіпті оны еске түсіретін орындарға жақындамауға тырысыңыз. Ол орындар сізге өткенді еске түсіріп, көңіліңізді құлазытып, жалғыз қалғаныңызды тағы да дәлелдей түскеннен басқа еш пайда әкелмейтінін түсініңіз. Ол шақырылуы мүмкін ортақ таныстарыңыздың басқосуларынан да «айығып кеткеніңізше» бас тартыңыз. Досыңыздың көңілін қалдырмас үшін түрлі сылтаулар ойлап табу қиынға соқпайды.
Ақымақтық. Достарыңызға ол туралы сіз бар жерде ешқандай әңгіме болмауын ескертіңіз. Және сізді тастап кеткен жанды көпшіліктің көзінше төмендетіп, арына нұқсан келтіріп, оның «сіздей қызға енді қолы жетпейтінін» айтып, шу шығарудың еш пайда әкелмейтінін де түсіндіріңіз. Ақымақтық жасау артық болады.
«Қара» тізім. Телефоныңызға келген қоңыраудың кімнен екенін білмесеңіз, жаңа нөмірге жауап бермеуге дағдыланыңыз. Оның нөмірі мүлде жауапсыз қалуы тиіс, яғни «қара» тізімге жіберіңіз. Тіпті болмай жатса, телефоныңызды уақытша өшіре тұрыңыз. Сізді іздеп қалуы мүмкін жандар үшін автожауапқатқыштың (автоответчик) көмегіне сүйенуіңізге болады.
Эгоизм. Шыдамсызданып, өзіңіз қайта қоңырау шалып, хатына жауап жазып жүрмеңіз. Егер сіздің әлеуметтік желідегі «әлеміңізге» «қонаққа келе берсе», онда ол сіздің блогыңызға жазылған «сағындым..», «ғашығым, қайда кеттің» деген сияқты жазбаларыңызды оқып, өзіңің ішкі эгосын «мәз қылуға» тырысқаны деп біліңіз. Бұл жағдайда «мені сағынып жүр, қайта қосылуды айта алмай жүр» деуіңіз — қателік. Қателігін түзегісі келген жан арнайы хат жазып, кешірім сұрайтынын есте сақтаңыз.
Ешқандай сиқырсыз! Тосын оқиғаларды қатынастың қайта жалғануына жорып, белгі іздемеңіз. Балгерлерге барып, болашағыңызды болжатқызып, түрлі жолмен қайтаруды ойлап, оның қайтып келетініне үміт артпаңыз және бұл айрылысуды уақытша деп қабылдамаңыз. Біткен нәрсе бітті. Қайта қосылғанның өзінде бар қателікті түзеп, бәрін де басынан бастау қажет екені есіңізде болсын.
Өмір сүріңіз! Тіршілігіңіз тоқтап қалғандай, өзіңізді тастап жібермеңіз. Бәрін жақсылыққа жорып, экс-сүйіктіңіздің сізді бағалай білетін адамға жол бергені деп қабылдаңыз. Достарыңыздың арасында өзіңізді төмен санап, ұялудың да қажеті жоқ. Басыңызды тік көтеріп, еңсеңізді биік ұстаңыз. Көңілді жерлерді көп аралаңыз.
raut.ru
Өмір сүру керек!
Қазақтың арулары ауылға тұрмысқа шығуға қалай қарайсындар:
арине ауылга турмыска шыгудан ешкашан кашпаймын. таза ауа, табиги онімдер ауылдын артыкшылыгы коп
«Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе»!(халық мақалы).
«Қазақтың қызының жымиғаны — жарты дүниенің күлгені» (Ә.Нұршайықов).
Сәтсіздіктің өзі — сәттілік алып келеді емес пе?! Өз бағаңды түсіре көрме, Қазақ қызы!
Ия, өмірде не болмайды. Дегенмен өмір Аллахтың бізге берген сыйы және ол бір-ақ әрі қысқа келетіндіктен, оған немқұрайлы қарауға болмайтындығын түсінуіміз керек. Қандай жағдайға тап болсақ та, төзімділік танытып, сынақтардан сүрінбей өте алсақ, Өмірдің де дайындаған сыйы көп! Ал жоғарыдағы мақалада сияқты сүйген адамыңыз тастап кетсе, оған бола таусылудың қажеті жоқ. Өмір жалғасуда! Сізді жақсы көретін ата-анаңыз, бауырларыңыз, достарыңыз барын ұмытпаңыз! Бір адамға бола бүкіл өміріңді жоққа шығару — қателік!
Бір-ақ дегеннің жанында рет деген сөзді ұмытып кетіппін
деген мен еки гашык,еки жас арасында болган сый мен суйспеншиликти оз ортасын да талкылап бир ортада шешип маселеге тусинип жатса нур устине нур гой, ал енди бир бирин тусенбей кадыр касиетинен айырылып жатса арине окиништи
Өмір болган соң, әр түрлі жағдайларга кезігесің.. Бұл — өмір Заңы. Тек кана… бір қалыпты қарау керек, еш өкпесіз, зілсіз, өкінішсіз… Жаның қаламайтын кез келген жағдай — Сенің алдағы керемет өміріңнің бастауы деп ұғыну керек.
Саламатсыздарма иа барлыктарыныздын аиткандарыныз дурыс. Өмір болғанан кеиын бәрі болады№ сол қиыншылықтарды жеңе білу керек, Мына 5 күндік өмірде не болмаиды бәрі болады, ондаи жағдаи менде де болған , ИА суидым Унаттым алиде унатам өмір солаи болды көнбеске амал жоқ көнеды екенсын сол ушін қыздарға аитарым өмірден түңілмеңдер өмірлерің алда 1 жігітке бола түңілмеңдер
Ia men de aitkandarina kosilamin, mende jakinda suyiktimnen airildim, brak omir ali alda bari jaksi bolip oz ornina tusip ketted degen oydamin.