Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!

Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!

Ұйықтар алдында асқазанға ауыр болатын тағамдардың бары бұрыннан белгілі. Бірақ, қандай тағамдар?

Түн ортасында тоңазытқашқа жақындамай тұрып, қандай тағамдардан жатар алдында бас тарту керек екенін біліп алған жөн.

Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!1. Өте майлы тағамдар

Өте кеш даярланған кешкі асты ішерде немесе түн ортасында тістей салуға майлы тағамдарды тұтынбаңыз. Картоп фриі, пицца сияқты тағамдар кешке қарай жеуге тыйым салынған тағамдар қатарына кіреді. Сонымен қатар, түн ортасында сары май, ірімшік сияқты тағамдардан да бас тартыңыз. Өйткені, бұлардың құрамындағы май қабаттары сіз ұйықтап жатқанда денеңізге жиналады.

Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!2. Қант қосылған дәнді тағамдар

Қант қосылған дәнді ботқалар барлық жанға ұнайтын болар?! Кейбір жандар тіпті дәнді дақылдардан жасалған ботқаны кешке қарай тұтынғанды ұнатады. Әрине ол жақсы, дегенмен, уақыты мен құрамын дұрыс таңдай білу керек. Сұлы жармасынан жасалған ботқаны тек таңертеңгі не түскі асқа ғана тұтыныңыз. Кешке одан бас тартуды үйреніңіз.

Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!3. Ащы тіскебасарлар

Кешкі астың құрамында ащының болмағанын қадағалаңыз. Ащы бұрыш қосылған тағам ұйқыңыздың сапасын бұзады және ішіңіз кеуіп, асқазанда қыжыл пайда болады.

Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!4. Кофеин қосылған тағамдар

Егер ұйықтап кетуіңіз қиын болса, ұйқыға жатар алдында құрамында кофеин бар тағамдарды тұтынбаңыз. Өздеріңіз білетіндей, кофе не шай (соның ішінде көк шай) кофеинге өте бай. Құрамы кофеинге бай азық-түлік те аз емес. Қара шоколад – ағза үшін өте маңызды және пайдалы тағам болғанымен, түн ішінде тұтынатын тағам емес. Себебі, ағзаға түскен көп мөлшердегі кофеин қажетсіз сергектік сыйлап, тез ұйықтап кетуіңізге кедергі келтіреді. Салмақ қосуыңыз да мүмкін.

Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!5. Ет

Үстел басына кеш отырып қалсаңыз, дастархандағы еттен, ет қосылған тағамнан бірден бас тартыңыз. Асқазанда ұзақ уақыт қорытылатын бұл тағам түрі де ұйқыңыздың тыныш болуына кедергі келтіреді және таңертең асқазаныңыз ауырлап, ауырып оянасыз.

Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!6. Бұршақ тұқымдастардан жасалған тағамдар

Ия, ғалымдардың келтірген дәлелдері бойынша, бұршақ тұқымдастардан жасалған тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Алайда, бұл тағам түрін ұйықтар алдында асқазанға апаруға асықпаңыз. Өйткені, олар баяу қорытылады, асқазан ауырлап, түнімен дөңбекшіп шығуыңыз мүмкін. Ішіңіз де кебеді.

Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!7. Балмұздақ

Ұйқыға жатар алдында балмұздақтан мүлде бас тартыңыз, әсіресе шоколадты балмұздақтан. Құрамындағы қант пен кофеин ұйқыңыздың тыныштығын кетіреді, артық салмақтың туындауына сбепші болады.

Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!

 

Суреттер: Интернеттен алынды.

13 комментариев к “Ұйықтар алдында ұмытпаңыз!”

    • Ұйықтар алдында тамақ жемеген жақсы, асқазаныңызға жеңіл болады.

  1. Ойбооой енди не жеймiз? Тук калдырмадындаргой. Обычно мен жей берем. Ешкандай уйкы келмей, асказан ауырып кормепти. Жеимин деген асап жемейм. Орнымен гана

  2. мен қалай тез арықтай алам,өзімді айнадан көрсем өзімнен ұялам,маған көмектесіңіздерші

  3. Мен аяғым ауыр кезде түнде балмұздақ жеп ұйқыға жатпасам ауыратын едім. Бірақ ұйқыда ешқандай проблема болмады, салмақта да

Добавить комментарий для назгул Отменить ответ