Ақын мен жұлдыз

Ақын мен жұлдыз

Жаным саған сыңар дер ем бір бөлмей,

Тағдыр бізді сырлас қылған білгендей:

Мені ешкімнің түсінгісі келмейді,

Сені де ешкім түсіне алмай жүргендей…

 

Неге ғана осы күйді көп кешем?

Жерде мұңға мен шомылдым , көкте сен…

Көз алдымда ақын болып барасың,

Жарар еді мен жұлдыз боп кетпесем…

 

Солғын кейіп санамдағы сөзді ұрлап,

Боз кештерде мұңайтса да бозғыл бақ,

Жасқа айналмай кеудемдегі жан сырым,

Өлең болып жатқаннан соң көз құрғақ…

 

Қою түннің бұрымына өрілген,

Күміс нұрың көрінеді көгімнен.

Сенің отың күннен де ыстық сияқты,

Жұлдызым-ай, таң алдында көрінген!

 

Жылдар қанша ауысса да жылдарға,

Түнек әлем орнай қоймас бұл маңға.

…Ғажабынан айрылмайды дүние-

СЕН НҰР ТӨГІП, МЕН ЖЫР ТӨГІП ТҰРҒАНДА!!!

Өлеңді жазған: Рахат Әбдірахманов

Сурет: chitalnya.ru

5 thoughts on “Ақын мен жұлдыз”

  1. «Ғажабынан айрылмайды дүние –
    сен нұр төгіп, мен жыр төгіп тұрғанда…» Тамаша

    Жауап беру
  2. Өлеңді оқып ақынның жан дүниесін ұққандай болдым!!! Өте үлкен сезіммен жазылған аса құнды дүние дерсің… керемет… Шіркін менде ақын болсам ғой бар ойымды қалам мен қағазға шертетін…

    Жауап беру
  3. Ерекше аға, ерекше екен, қолтаңбаң.
    Ерекше екен өлең жазған ортаңда!
    Ерекшелік жырға ғашық жандар да,
    Сен де ғашық, олда ғашық шолпанға.

    Жауап беру

Зада үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау