Беліңіз неге ауырады?

Беліңіз ауырып, мазаңызды ала берсе, қорықпаңыз, бес адамның төртеуі белінің ауырғанына шағымданады. Демек, сіздегі жағдай аса қауіпті емес. Бел ауруы туындайтын себептерді іздеп көрелік.

Монитор алдында көп уақытыңыз өтеді

Адам тәуліктегі уақытың, орта есеппен, 9 сағатын компьютер алдында бүкірейіп, еңкейіп өткізеді екен. Заманауи гаджеттар көбейіп, адамдармен хабар алмасу тым жеңілдеген сайын арқадағы, иық пен мойындағы аурулар да қаптап барады. Жұмыс арасында үзіліс жасап, мойын бұлшықеттеріне жаттығу жасап тұру өте маңызды. Ең қарапайым жаттығу – басты күніне 5 реттен артқа-алға, екі жанға бұрып отыру.

боль-в-спине-у-девушки-симптомы-радикулита

Сонымен қатар, ұзақ уақыт отыру адамның омыртқасына тұрғандағыдан да, жүргендегіден де көп зиян келтіреді. Жұмыс орныңызда монитор көздің деңгейінде орналасуын, шынтақ пен тізе 90 градуста бүгіліп тұрғанын, табанның еденде нық жатуын қадағалаңыз.

Етбетіңізбен ұйықтайсыз

Етбетінен ұйықтау буын мен бұлшықетке күш түсірсе, шалқайып не бір жанымен жатып ұйықтау омыртқаға күш түсірмейді. Егер басқаша қалыпта көз іле алмайтын болсаңыз, омыртқа мен бұлшықетке түсетін қысымды азайту үшін жамбас тұсыңызға жастық қойып ұйықтаңыз. Тіпті, төсегіңіздің қатты не тым жұмсақ болуынан да беліңіз ауырады.

Темекі шегесіз 

Темекі – жүрек пен өкпенің ғана жауы емес. басқаларға қарағанда шылымға құмартқандардың омыртқасы тез зақымданады. Никотин омыртқаға қанның баруын баяулатып, оның жарақат алып қалу қаупін өсіреді. Сондай-ақ, темекі адам ағзасындағы кальцийді өзіне сіңіріп алады да, сүйектердің жағдайы нашарлай бастайды. Темекіні тастайтын уақытыңыз болған жоқ па? 🙂

image-1577

Көңіл-күйіңіз құбылмалы

Адам ауырса, оның психологиялық денінде де өзгерістер байқалады. Ғалымдардың айтуынша, арқасы, белі ауыратын адамдар жабырқау жүреді екен. Терең депрессияға түскен адамның белі, тіпті мойыны да ауыратын көрінеді. Адамда стресс болса, арқаның бұлшықеттері жиырылып, тартылып қалады. Бел ауруынан құтылу үшін, алдымен, депрессиядан құтылу керек. Йога, фитнес, би сабақтарына барып, екеуінен де арылуыңызға болады.

Сіз – сәннің құлысыз

Биік өкшелі аяқкиімдердің денсаулыққа зиян екені даусыз, тым жайпақ табанды аяқ киімдер де денсаулыққа жақсылық әкелмейді. Сүйретпелер мен сандалдар табанды ыңғайсыз ұстап тұрады да, соңында табан, тізе, бел ауыратын болады. Мұның бір шешімін табуға болады: бірде кроссовкалар, бірде сандалдар, бірде биік өкшелі аяқ киімдер киіңіз. Аяқ киіміңіз өте жайлы болу керек және бір ғана аяқ киімді күні бойы киіп жүрмеу керексіз. Айтпақшы, белдің ауыруына иыққа асып алатын сөмкелер де себепкер. Оны үнемі бір иыққа салып жүретін болсаңыз, тіпті қауіпті. Сондықтан бауы жалпақ сөмкені таңдаңыз және оны екі иығыңызға алма-кезек асыныңыз. Сөмкеңіздің салмағы өз салмағыңыздың 10 пайызынан көп болмау керек.

Woman's Back

Асыра әлпештеп жібересіз

Бел ауырса, адамның бәрі жатып қалуға құмар. Адам жатқанда омыртқаның бел тұсына түсетін күш азаяды. Бірақ, екі күннен артық жатқан адамның беліңіздегі ауруды одан сайын күшейе түседі. Жаяу көп жүріп, жүзумен айналыссаңыз, белдегі ауру жеңілдеп, қан айналымы жақсарады, тез жазылуға сеп болады. Йогаға барып, буындар мен бұлшықеттерді созып, жаттықтырса, белдегі аурудың кетуі жылдам.

 

38 thoughts on “Беліңіз неге ауырады?”

  1. Белим ауырады. Турмыска шыкканда бала туа алмаймын ба деп коркамын. Буган не дейсиздер???

    Жауап беру
  2. Өте жақсы мағлұматтар бар екен. Бұл сайттын бар екенін сайт блогері Элвира ханымнын берген сұхбатынан кейін онай тауып алдым.

    Жауап беру
    • Үш төрт күн болды белім шыдатпай ауырып жатыр не жасасам болады өтініш айтып жіберіңіздерші

      Жауап беру
  3. мен артык салмактан арылгым келеди. Менин бойым 177см суйегимде ири былайша айтканда дау толык болып коринемин . Тамактан бастартыпта кордим бирак еш озгерис жок.биге катыссам жугирсем арыктайтынымды блем бирак оны коигасын кайта семирип кетем деп коркам. Енди тек жемис жеп ыстык тамактан бастартып диетага отырамын. Сиздер калай ойлайсыз маган калай арыктауга болады????

    Жауап беру
  4. сәлеметсіздерме мен бір сұрақ қойайын дебедім мен фитнес клубта тринеровка істимін көп болды осы жолы байқамай ауыр көтергенімде дұрыс тұрмай қалдымда белім кілт ете қалды енді ауырыбатыр. не істесем болады қатты уайымдабатырм

    Жауап беру
  5. Мен ауыр дене котерип белимды ауырытп ады..казир арен журип журмин..енкейсем не шалкайсам катты ауырады,,катты журе алмаймын..коектеминдер

    Жауап беру
  6. Екикабат кезде белим ауырып бастады. Босандым. 3ай болд али белим ауырад. Неге екен тусине алмадым. Жогарыда айтылды гой себептер одан да болек себеп бар ма бел ауырганнын менин жагдайымда?

    Жауап беру
  7. Менің бел омыртқам сәл қисайған.Өтінем пайдалы кеңестерініз болса қол үшін беріңіздерші

    Жауап беру
  8. Алматыда зеленый базарда Белмурат деген киси бар сол кисиге рахмет менде грижа болган еди сол киси жазып берди оте керемет киси коп адам сол кисинин еминен жазылып кетип жатыр 1аптада аттай боласын сондай адамнын бул омирде болганына шукир

    Жауап беру
  9. Керемет мақала? Менін белім анда санда ауырады? Қонақ күткенде тынымсыз жугіреміз ғой ал кешке жатарда қатты ауырып кетеді

    Жауап беру
  10. Салеметсиздерме менин де белим ауырады бирак мында айткандарыныныздын бари жагдай бар адамга арналган ал фитнка.бассейнге бара алмайтындар не истеуге болады ?теликтен корген уйде жасауга болатын жаттыгулар комектеспейди

    Жауап беру
  11. Арыктагысы келет Галияга айтарым 10 кун гречканы кайнаган суга буктырып 200 г жесениз азанда жане тусте капуста салат кешке гречкамен айран 200г 10 кунде 10 кг тастайсыз аш болсаныз ягни тамак жегиниз келген уакытта алма 1-2 кусок кара нан жеуге де болады

    Жауап беру
  12. Мен 1шелек суды котеремин деп белимди ауыртып алдым. Коп кимылдасам алсиреп калам кенес бериниздерши кандай даригерге коринсем болады

    Жауап беру
    • Салеметсиздерме.Менин де белим ауырад бир жерде енкейп 5минуттай турып калсам отырып еир жусам керилип белимди созып алам сонда рахаттанып калад менин еки балам бар бириншисин щипцы дын
      комегимен ягни наркоз берип босандырды ал екиншисин кесаревамен алды алде содан ауырады ма екен неистеуге болад

      Жауап беру
  13. Менин беломыртқамда грыжа бар, осы жаттыгуды жасасам белимнин ауырганы койып калад, оте керемет жаттыгу Шамиль Алаудинов грыжа. Негизи бел катты ауырып журген жагдайда невропотологка барган жон…

    Жауап беру
  14. Кыздар бел ауырса МРТ га тусу керек. Басында тек конак шакырганда, коп жугиргенде болса артынан кунде ауырып. Сол ауырганга уйренип кетесин. Бир куни диванан туралмай калганша. Сосын уже грыжа деп. Операция жасау керек болат.

    Жауап беру
  15. Бел ауыруынын уй жагдайдагы емi турникке созылу, енбектеп журу, белдi созу, мумкiндiк болса бассейнде жузу.

    Жауап беру
  16. менинде белим ауырады осы 4-5 аралыкты шамасы болды
    бурын етекирим келгенде ауратын ал казир кешигип жаттыр может сонын асеримме.

    Жауап беру
  17. менинде белим ауырады осы 4-5 аралыкты шамасы болды
    бурын етекирим келгенде ауратын ал казир кешигип жаттыр может сонын асерим ме.

    Жауап беру
  18. Салеметсиздер ме? Менин де белим катты аурады! Мен ауыр жумы истемим, кутинип журем сонда да озимен ози аурады. Калай кутылуга болады? Турмыс курып еки бала туганмын… еки жылдан бери куйеуиммен ажырасып, осек катынасында болмагам. Содан болуы мумкин бе?

    Жауап беру
  19. Салеметсиздерме.Менин де белим ауырад бир жерде енкейп 5минуттай турып калсам отырып еир жусам керилип белимди созып алам сонда рахаттанып калад менин еки балам бар бириншисин щипцы дын комегимен ягни наркоз берип босандырды ал екиншисин кесаревамен алды алде содан ауырады ма екен неистеуге болад

    Жауап беру
  20. Селеметсиздерме, меним белим ауырып жургениме 2ай уакыт болды, бармаган даригер жок, енди он аягымды исик алып тур, ол аурудан калай арылуга болады

    Жауап беру

Leave a Comment