Беттегі секпіл көбеймес үшін…

Беттегі сепкіл көбеймес үшін...Көктем келіп, күннің жылынғаны көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, кейбір аруларымызға жағымсыз әсер берері анық. Оның бір айғағы – беттегі секпілдің көбейіп кетуі.

Секпілден арылудың бірнеше жолдары бар және оның әркімге әсері әр түрлі. Секпіл бетте тым көбейіп кетпес үшін алдын ала емдік шаралар жасағаныңыз дұрыс.

Ол үшін:

–          Көшеге шығар алдында күн сәулесінен қорғайтын максималды әсері бар кремдер жағып жүріңіз;

–          Бетіңіздің біраз бөлігін жауып тұратын күн көзінен сақтайтын көзілдірік пен қалпақ (шляпа) киіп жүріңіз;

–          Егер күн тым ыстық болса, кеш түскенше ғимарат ішінен мүмкіндігінше шықпауға тырысыңыз;

–          Бетіңізге күн көзінен сақтайтын кремнен бөлек тоналды крем немесе опа жағып жүріңіз;

–          Күнделікті тамақтану рационыңызға С және РР витаминдері мол тағамдар қосыңыз. Әсіресе жеміс, көкөністі көбірек жеуге тырысыңыз.

Бетіңіздегі секпілдер көбейіп, қарайып үлгерсе:

1)      Беттің терісін ағартуға арналған косметикалық құралдар – акрем, гельдерді қолдыныңыз;

2)      С витамині көп жеміс, көкөністермен (лимон, құлпынай, қарақат)  күнде қоректеніңіз;

3)      Теріні ағартатын қоспалары ақжелкек (хрен), ақжелкен (петрушка), қияр, лимон шырыны) бар маскалар жасап, бетіңізге жағып жүріңіз.

Бетіңізге маска жаққаннан кейін күн көзінің теріңізге тікелей түсуінен сақтаныңыз. Теріні ағартатын маскалардың барлығы да 2-3 аптада нәтижесін береді.

 beautydream.ru

Сурет: lady-flower.net

13 thoughts on “Беттегі секпіл көбеймес үшін…”

  1. диета ұстаудың оңай жолдарын айтсандыр екен, бетім майлы және безеу көп шығатындықтан диета ұстағым келеді

    Жауап беру
  2. Сіз диетанын қарапайым түрн ұстагыныз келсе мына ақпаратты ұсынамын: сіз шай ішкен кезде қара шай ішіп журінз жане кешкі тамаҚты ішкеннен кейін скалка мен 100 рет тоқтамай секрініз. Тамақты аз молшерде жеп үйреніңіз!! Сәттілік!…

    Жауап беру
  3. менын шашым оте буйра мен шашымнын туп тузу ари жылтыр болганын калаймын ол ушын не ыстесем болады???

    Жауап беру
  4. Салем баринизге. Менин бетимде шамалы кара дактар бар мурнымнын еки шетинде аптасына оны бир рет сыгып тазаламасам карайып кетеди. Сосын майда ажимдерде пайда болды оларды калай кетирсем болады кыздар комектесиндерши

    Жауап беру
    • Лимонның жартысына бал жағып онымен бетті сүрту керек 10 15 минут устау сосын жуып тастайсыз

      Жауап беру
  5. Барлық қыз- келіншектерге өз сұлулықтарыңызды сақтай біліңіздер деп кеңес беремін. Тіршіліктің күйбіңі бітпейді. Бәріміз де алланың берген сыйына шексіз алғыс айта отырып оны қорғап, сақтау өз қолымызда екенін естен шығармауымыз керек.

    Жауап беру
  6. Сепкилден біржола калай құтылуға болат және босанганнансон иштеги тери жыртылуды калай келтіруге болат?

    Жауап беру

Айгуль үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау