Арамызда жылдар бар…
Шақырымдар…
Сосын.. «Өзге жан» деген жат ұғым бар.
… Мен Сізге бәрін айтып хат жазар ем,
Дәл соған жетпей отыр батылым да…
(Армандар, ах ұрыңдар!)
Арамызда Сезім бар…
Ұяң, нәзік..
(Кетсем бе екен алысқаа.. Қиянға азып?!)
… Өзіме естелік деп Жүрегіме,
Атыңызды мәңгілік қоям жазып.
Шаршап жүріп, күлемін. Жылап алам.
(Не қалды сонша мені сынамаған?)
… Арадағы қашықтық….
Түк емес-ау,
Үнсіздікке көнбейді…
Бұған адам.
Көктем келе жатқандай гүлсіз тіпті,
Түсіне алмай дал болдым Жыр, Сіз… Түкті!
Үндемей-ақ қойыңыз…
Үндемеңіз!
Үркітесіз мендегі Үнсіздікті…
Өлеңді жазған: Индира Кереева
Үнсіздік! Тақырыбы үнсіз болса да қаншама құдіретті сөздер!
киялдап олен шыгарып жургенын Сарин мырзага ма? кулкыны келтырмешы
КӨКЕМ, КІМГЕ АРНАЛҒАНЫНДА ШАРУАҢ ҚАНША? КАЛКАМАНГА АРНАЛСА НЕ БОЛАДЫ ЕКЕН?
РЕТСІЗ КҮЛЕ БЕРЕСІЗ БЕ? КҮЛКІҢІЗ ТЫМ АРЗАН ЕКЕН.
Қалқаман ағамның бұл жерде қатысы қанша, ау, халқым?! Аққа күйе жағуға бола ма?!