Гендердің түңіліс пен торығуға (стресске) ұстамдылық қасиетіне байланысы қандай
Егер сіз кез келген торығу мен түңіліс бақайынан да келмейтін генетикалық «мықты» болып тумасаңыз, жолым болмады деп есептейсіз бе? Өзіңіздің генетикалық ыңғайлылығыңызды білу және оның осал жақтарын мықтай түсу үшін не істеуге болады? Осы сауалдарға генетик Валерий Ильинский жауап береді.
Генетикалық тестілеу біздің қандай аурумен ауырып қалуымыз мүмкін екендігін, өмір сүрудің қандай жолын таңдауымыз керек екендігін, спорттың қай түрімен айналысу жинақы жүруімізге тезірек ықпал жасайтындығын айтып бере алады. Genotek медицина-генетикалық орталығының зерттеушілері өзздерінің 2500 тексерілушілерінің ДНК тестілерінің нәтижелерімен таныса отырып, олардың арасынан 76 пайызының бойында торығу мен түңіліске тұрақтылық (шыдамдылық) гендері бар екендігін анықтаған. Ал қалған 24 пайызының бойында дәл сол гендердің, түңіліс пен торығуға тұрақтылықты әлсіретуге ықпал жасайтын, мутацияға ұшыраған түлері бар екендігін көрген.
Бұдан қандай қорытынды шығарып, нәтижелерімен не істеуге болады?
Psychologies: 24% – бұл аз көрсеткіш емес, әрбір төртіншісі деген сөз. Бұндай ерекшелік адамдар өміріне қандай әсер етеді?
Валерий Ильинский: Біздер айтып отырған СОМТ гені мыйдағы жүйкелік импульстердің берілуіне жауапкер. Нақтылап айтсақ- белгілі бір ферменттің көмегімен дофаминнің, адреналиннің және норадреналин сыяқты нейромедиаторлардың деңгейін реттеп отырады. Ал енді, кейбір адамдарда осы ферменттің белсенділігін 40 пайызға төмендететін мутация табылып отыр. Бұл олардың
мыйлары жағымсыз, келеңсіз стимулдарға қаттырақ әсерленеді: ондай адамдар тереңірек сезінгіш, ұялшақ, қәуіп-қатерден аулақ жүреді, дау жанжалға жақындамайды деген сөз.
Бұл өмір сүруге кедергі келтіретін «ақау» деп айтсақ бола ма?
Мен олай деп айтпас едім.Жай ғана, қысылтяң шақтарда олардың сабыр сақтап, өзін өзі ұстауы қыйынырақ болады. Есесіне бейбіт жағдайда, олардың оқуда, әлеуметтік бейімделуге икемділік жағынан көптеген артықшылықтары бар.
Нақтырақ айтсақ?
Олардың есте сақтау қабілеттері жақсы, оқуға деген қабілеттілігі жоғары.Жалпы СОМТ гендерінің нұсқалары бойынша адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады: шартты түрде «жауынгерлер», бұлар оқуға икемсіз, есесіне көп қорқа бермейді, ауыртпалықты жақсы көтереді, екіншілері күйзеліске шыдамсыз болып келетін «ғалымдар», олар тыныштық жағдайда дұрыстап ой қорыта алады және мәселені шешуде тапқырлық таныта алады.
Не десек те, күйзеліс пен торығуға төзімділік мәндірек болып шығатын тәрізді. Кез келген бос орынға қызметке орналасқысы келген үміткерге қойылатын талаптарды талдап қарасақ – күйзеліс пен торығуға төзімді болу талабы алдымен айтылады.
Солай екені рас, бірақ қатаң талаптармен жүргізілген келіссөздерде, тез әрі шұғыл шешім қабылдау керек кезде және бастығының қоятын талабын тұрақты түрде сезіну барысында генетикалық «ғалымның» жұмыста жүйкелік тоқырауға көбірек ұшырайтынын естен шығармауымыз керек. Есесіне олар жаңаны тез игеріп үйреніп ала алады, клиенттер мен әріптестердің көңіл күйін бірден сезініп, келіспеушілік туындаған жағдайда екі жаққа да ыңғайлы шешім ұсына алады.
Айталық, менен геннің белгілі бір нұсқасы табылған жағдайда, әрмен қарай не болады? Егер мен «ғалым» болып шықсам, авиадиспетчер болып жұмыс істеуіме болмай ма?
Адам СОМТ генінің кез келген нұсқасымен әуе диспетчері қызметін атқара алады. Тек «жауынгерлерге» жадысын дамытып жақсартуға талпыну, ал «ғалымға» күйзеліс пен торығуға төзімділік қасиетін ұштай түсу керек. Сондықтан да гендерді негізге ала отырып, мамандыққа бейімдеу ісін таза күйінде жүзеге асыру мүмкін емес, бұған қоса адамға алған тәрбиесі, ұстанатын күн тәртібі, ішкен асы, өмір сүру салты, өткеннен жинаған тәжірибесі көп ықпал етеді.
Олай болса, өзіңнің күйзеліс пен торығуға ыңғайланып жаратылған, генетикалық дәрежеде бекітілген сезіну бағдарламаңды білудің қажеті бар ма? Бұлай жасау адамдарды тежеуге әкеліп: олардың жауапкершіліктен, үлкен әрекеттер жасаудан, кез келген ауыртпалықтан қашқақтауына әкеліп соқтырмай ма?
Біздерде ата-аналар өздерінің балаларына арнап жасататын «Таланттылық және спорт» деп аталатын ДНК тест бар. Осы тестте біз СОМТ генін де қоса зерттейміз. Себебі СОМТ гендерінің ерекшеліктеріне әсер етіп ықпал жасау, әсіресе балалық шақта нәтижелі болып шығады. Өзіңіз, немесе психологтың көмегімен баланы қысылтаяң сәттерде дұрыс шешім табуға, өзі жасайтын әрекеттерді дәл анықтауына, жүйкелік жабырқауды жою тәсілдерін игеруге үйретуге болады.
Осы тәсілдерді үйрену пайдалы екендігін ересектердің өздері де мойындайды. Торығу мен түңіліс генетикалық ерекшеліктеріне кері әсерін тигізетіндігіне көздері жеткен кейбіреулеру өздерінің үйреніскен сүйікті жұмыстарын ауыстырған кездері де болды. Ал кейбіреулер, керісінше, осы мәселеге тұңғыш рет көңіл бөліп түңіліс пен торығудан шығу жолдарын игеріп,нәтжесінде өз өмірінің сапасын жақсартып, жұмыс істеу қабілетін көтерді.
Стресске реакция мәселесіне мән бере қарауды үйренген адамдар өздерін бақыттырақ сезінуге мүмкіндік алады.
Тәрбие, мәдениет, ортаға салыстырғанда, генетиканың психологиялық тұрақтылыққа әсер жасауы қандай дәрежеде?
Адам геномында жиырма мыңға тарта гендер бар болса, ал психика ондаған аспектілер мен мінездерден құралады. Сондықтан өлшеуге болатын нақты, атап айтсақ жұмыстағы ресми және ресми емес лидерлік ролі сыяқты, салыстыруға болатын параметрлер алынады.
2006 жылдың мәліметтері бойынша бұл мінез 30% дейін генетикалық жолмен берілетіндігі дәлелденген.Түңіліске тұрақтылыққа гендердің тікелей әсері туралы СОМТдан басқа жеткілікті көлемде жыйнақталған деректер жоқ: бұл іске басқа гендер де үлесс қосады, олардың өзара байланысы әлі зерттеліну үстінде.
Анықтама
Ген дегеніміз ағзадағы белокті кодтап (кодировать) басқа да қызметтер атқаратын ДНК ның белгілі бөлігі.Бір геннің бірнеше нұсқада кездесуі жиі болады. Бұндай жағдайда олардың жұмыстары да әртүрлі. Мысалы ұйқы безіндегі инсулиннің бөлінуіне әсер ететін генді алайық. Оның бір нұсқасы бұзылса, глюкозаны сіңіріп бұлшықеттерге бауырға нәр берудің орнына ұйқы безінің жасушалары істен шығып инсулин бөліну мүмкін болмайды. Геннің бұл нұсқасы қантты шыжың мен диабеттің алғашқы түрінің дамуына әкеліп соқтырады.