Жұлдызнама

Ақпарат үшін www.tuszhoru.kz сайтқа рахмет айтамыз. 

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық

Жұлдызнама Тоқты (21.03. – 20.04.)

Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген әділетсіздікте бар ынты-шынтысымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп, қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін. Тоқтылар өз ойын үнемі тіке айтады. Өз қажеттілігін бірінші орынға қояды және ойының бәрі сол көздегені болады, ол кезде айналасындағыларды мүлде ойламайды. Өзінің біреуге ыңғайсыз жағдай туғызып, ренжітіп алатыны жайлы ойламайды, оны сезінбейді де. Ол бөтен ойсыз, табиғатына тән болғандықтан, Тоқтыларға ренжудің де қажеті жоқ. Бұл адамдарда қаталдық деген мүлде болмайды. Айналасында болып жатқан құбылыстың бәріне шын жүрегімен сенеді, өз жағдайын да жасырып қалмайды. Шағымданғанды жаны сүйеді. Өз ісінде ешқашан жоспар құрып, стратегия жасамай, мақсатына тіке бет алады. Бұл белгіде туылған адамдар көз жасын ешкімге көрсетпеуге тырысады. Қызметтік саласында көп табыстарға қол жеткізеді. Тоқтылардан шыдам мен әдептілікті аз көресіз, тіпті мүлде шыдамсыз десе де болады. Салмақты болуға тырысқанмен, жас кезінде ол мүмкін болмайды. Ашықтық пен адалдығы сияқты жақсы қасиеттерін алға тартқанмен, тұрақтылық және жауапкершілік қасиеттерінің кемшілігі көзге ұрып тұрады. Тіс ауруынан қатты қорқады, тіс дәрігеріне бас сұқпай өтуге дайын. Тоқтылардың басым бөлігі толық боп келеді. Айтарлықтай ауру болмаса, өздерін жағымсыз сезініп тұрғанның өзінде жатып, демала қоймайды. Ауруының көбісі шыдамсыздығынан болады. Тоқтыларға әр іске шыдамдылық танытып, сақтаққа бейімделу керек. Өзінен басқа ешкім істі тиянақты атқара алмайтынына сенімді белгі.  Сондықтан үнемі жүйкесі жұқарып жүреді. Еріншек емес. Қолы ашық, жүзі жылып тұрады. Мақтаншақтығы бар, ақша мен атақ тұрса, атақты таңдайды. Кекетіп сөйлегеніне ренжісіп қалсаңыз да, Тоқты тез ұмытады. Өз кінәсін сезінсе, тіпті дұшпанынан кешірім сұрай алады. Өтірікті сирек айтады, өсек-әңгімеге жақын емес. Жеңілістен қашады, үнемі жеңіске жеткісі келеді. Ешқашан оңай олжаны күтіп, қол қусырып отырмайды. Өзі жайлы, өзінің қиыншылығы жайлы көп айтқанды ұнатады. Тоқтылар сенгіш болғандықтан адамдардан көп көңілі қалады. Екінші жартысын бақытты ете алады.

 

Жұлдызнама Торпақ (21.04. – 20.05.)

Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, ол – Торпақ. Онымен жақын араласпайынша, сөзге шорқақ адам деп ойлауыңыз мүмкін. Өте салмақты, көп нәрсеге былқ ете қоймайды. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз жанасқанын қаламайды. Қазбалай берсеңіз, тым қатты ашулануы мүмкін. Ашуланғанда, жолына кезіккенді қиратуы мүмкін. Бір жақсысы, бұл – өте сирек болатын жайт. Өте тартымды болады. Сүйгенін қызғанып, артынан аңду дегенді білмейді. Торпақ қонаққа барғаннан гөрі, дастарханға барын қойып, қонақ күткенді қалайды. Танымалдылыққа ұмтылмайды. Махаббатта да, достықта да арақатынасты үзбей, әр қадамды қалай жасау керектігін жетік біледі. Өте тұрақты. Құбылысты сол қалпы қабылдауға дайын. Үй шаруашылығына өте бейім, өз үйін, таныс ортасын қатты жақсы көреді. Үнемі өзінің жеке үйі болғанын армандайды. Табиғатқа өте жақын, жасыл желек, гүл атаулыны өте жақсы көреді. Қала сыртына таза ауа жұту үшін ғана баруға ерінбейді. Денсаулығы мықты, ауыра қалған жағдайда сырқатынан баяу айығады. Оптимизмнің аздығынан да зардап шегеді. Өздерін қатал және өте шыдамды деп ойлайды. Шындығында да өте қатал және тік. Олар жылдар бойы физикалық та, психологиялық та ауыр жүктерді алып жүре алады, ешкімге шығымданбайды да, ешкімді кінәламайды да. Торпақтарда сәтсіздіктер орын алған сайын одан өту үшін күш жинай түседі. Армандарына аз қадамнан болса да, жол салады. Болашағын нық қалайды.

 

Жұлдызнама Егіздер (21.05. – 21.06.)

Бұл белгідегі адамда екі түрлі бейне бар, мінезі ауыспалы. Олар киімді тез ауыстырады, жұмысын да, тұратын жерін де, тіпті өз шешімін де. Үнемі жүгіріп, шауып жүреді. Кітапты оқуы да қызық, соңғы бетінен бастап оқуы да мүмкін. Егіздер пікірталасты тартысты өткізе алады. Көбісі тез сөйлейтін болғандықтан, нашар тыңдаушы. Кертартпа адамдарға шыдамсыз, жүйкесі тез сыр береді. Бірақ, достыққа бейім. Шапшаң қимылдайды. Оларды ештеңемен таң қалдыра алмайсыз, кез келген жағдайдан «құрғақ» шығады. Бәрін тез ойлайды, әзілге бай, басқа белгілерден ақылдырақ.

Егіздер ғашық болса, ғашығын түрлі қылықтарымен таң қалдыруы мүмкін. Олардың уақтылы бір іс атқаруы сирек, үнемі кешігіп жүреді. Өз өмірі жайлы айтқанды ұнатпайды. Бірнеше тіл білуге бейімділігі басым. Өз пікірін тез өзгертеді, ол сырт көзге өтіріктей көрінуі мүмкін. Көп ысырап жасайды. Ұйқысы тым сергек, сондықтан толық демала алмайды. Бұл жүйкесінің тез қозуына әкелуі мүмкін.

Іштей идеал болуға ұмтылады. Өмірдің мағынасын түсінуге тырысады. Үнемі ақша, атақ, байлық, махаббат жетіспей жүреді. Өзі қай жерде жоқ, сол жер керемет боп көрінеді, өзіне таныс емес жерлерді іздейді. Егіздер өзінен басқа ешкімге сенбейді.

 

Жұлдызнама Шаян (22.06. – 22.07.)

Шаяндардың күлкісі әдемі болады. Кез келген кештің көркін келтіруі мүмкін, өте көңілді адам. Өзі әзілдей алмаса, басқаның әзіліне күле алады. Шаяннан асқан әзілсүйгіш болуы мүмкін емес. Бұл белгіде туылған адамдардың салмақты мінезі де бар. Бұлар танымалдыққа ұмтыла бермейді, бірақ оларға өте керек. Олар іштей басқалардың өзіне көңіл бөлгенін қалайды. Шаяндардың  көңіл-күйі керемет болып жүрсе де, өте уайымшыл. Депрессияға бір түссе, барынша беріліп кетеді. Өз уайымын әзілімен білдіртпеуге тырысады, күндіз де, түнде де бір нәрседен қауіптеніп жүреді.

Пессимизм үнемі қасында болады, ол кез келген жоспарын бұзуы мүмкін. Болмашыға жылай салмайды, жүрегіне қатты соққы болған нәрседен ғана көзіне жас алуы мүмкін. Шаяндардың көңіл-күйі бірден түсіп кетсе, оның себебін білу мүмкін емес. Өйткені, олар мазасызданса, үнсіздігімен, ештеңені ашып айтпауымен алаңдатады. Кек қайтаруды біледі, бірақ өте ақырын және құпия түрде. Үнемі үрей мен өзіне деген сенімсіздігі жалғыздыққа алып келуі ықтимал. Сезімге берік.

Өзінің болсын, басқаның болсын өмірінің өрнектерінен сабақ алып жүреді. Патриот келеді. Бұл жандар сіздің құпияларыңызды сенімді сақтап, қайғыңызға ортақтаса алғанмен, өз сезімін жеткізе алмайды. Шаяндар өз өмірі туралы сөз еткенді қаламайды.

Мақсат еткен нәрсесіне қол жеткізбей қоймайды, ол барлығы болуы мүмкін, қызмет, сүйіктісі, не үй керегі. Өз «құрбанын» сақтықпен аңдып, әлсіз тұсында шабуылға шығады. Өзінің қалауына басқа біреудің ұмтылғанын көрсе ғана әрекет етеді. Жүрегі тым жұмсақ, жараланғыш. Біреуге көмектесер алдында «көмек қолын ұсынар басқа біреу табылып қалмас па екен» деген оймен көмек көрсетеді. Тұңғиыққа батып бара жатқаныңызда ғана көмекке келеді. Бірақ, бұл – оның эгоисттігі емес, сақтығы. Үнемі өз ісіне есеп беріп отырады.

Шаяндар өз үйін өте жақсы көреді, оған үлкен құрметпен қарайды. Олар өздерін ешқашан қауіпсіз сезіне алмайды. Үнемі бір нәрсе жетпей тұрады – махаббат болсын, ақша болсын, атақ болсын… оның үнемі уайымшылдығы ауруға ұласуы мүмкін. Аурудан құтқаратын жол – оптимистік пен көтеріңкі көңіл-күй. Бұлар сияқты өз ауруын өзі тауып, өз ауруын өзі жазатын белгі жоқ. Шаяндар ақша жинағанды жақсы көреді, тамақтың қалдығын да тастатпайды, тастамайды. Ыдысыңызға салып берген тамағын өзіңіз тауысу керексіз.

 

Жұлдызнама Арыстан (23.07. – 23.08.)

Арыстан – аң патшасы болса, бұл белгіде туылған адамдар басқалардың үстінен үстемдік еткенді ұнатады. Айбатына мінбей тұрып, енді ашулана бергенде аулақ кеткеніңіз дұрыс. Қараңғылық пен мұңаюды ұнатпайды. Достарын, жанұясын басқаруға ұмтылады. Өз пікірі мен өз құқығын алға тартып, қорғай бастаса, үндемей қоя салған дұрыс. Бірақ, уақыт өткен сайын жұмсара түсетін Арыстандар бар. Жоғары, тік ұстаған басын ешқашан имейді. Қауіп төне қалса, қалай да құтылып шығады. Топ ішінде көзге түседі, өзіне назар аудартқанға құмар. Кеңес беріп, кімнің қайда кіммен тұратынын талқылағанлды жаны сүйеді. Жақсы ұйымдастырушы, керемет басшы бола алады. Арыстандардың арасында сүр бойдақтарын кездестіру қиын, үнемі сезімге беріліп, ғашық боп жүреді. Бірақ, өркөкіректігінің арқасында неке жиі сәтсіз болады. Кешірімшіл. Арыстан әйелдер де, еркектер де өзіне біреудің арқа сүйегенін қалайды, көмектескенді ұнатады. Алайда, сол туралы шағым түсіргенді де жақсы көреді, оған аса назар аудармаған дұрыс.

Ақшаны үнемдеп ұстай алмайды. Сән-салтанатты өмірге құштар. Қыдыру мен бір сәттік ләззатқа бар ақшасын шаша  салуы мүмкін. Қанша шағым түсіріп жатса да, өмір сүруге бейімділігі өте жоғары. Барлық Арыстандар өсек-аяңға құмар. Айналасында не болып жатқанның бәрінен хабардар болып отыру керек. Табиғатынан мақсатқа ұмтыла біледі, бет алған жолынан қайтару қиын. Кейде еріншектік жетектеп, жәй жата беруі де мүмкін. Бір жұмыс істесе, төңкеріп тастайды, демалса, құмары қанғанша демалады. Өте адал дос, шыншыл,әрі өте қауіпті дұшпан.

 

Жұлдызнама Бикеш (24.08. – 23.09)

Бұл белгіде туылғандардың көбі сүр бойдақ пен отырып қалған қыз болуы мүмкін. Ішінде екі рет неке қиятындары да көп кездеседі. Өте тыныш адамдар, шулы ортаны жақтырмайды, одан бөлектеніп жүреді. Адал және шыншыл адамдар, өтірікті аздап айтатын қасиеті де табылады. Барлық істе белсенді, сергек. Бикештердің әдеті мен үйреніп қалған істерінен арыла алмайды. Сын айтқанды ұнатады, аргументтері өте мол болады. Ісі де, заттары да тиянақты. Өте байқағыш. Қонаққа барғанда үй иесіне көмектесіп, ыдыс-аяқ жуып тұрып, диваныңыздың жапқышы жыртық екенін байқап қоюы мүмкін. Бірақ, өз кемшіліктеріне келгенде соқыр. Өзі басқалардан байқағандарын өзінен таппайды, өзіне еш шаң жұқтырмайды. Олар бір орында ештеңе істеместен ұзақ отыра алмайды. Махаббат пен ақшаға келгенде сараңдау. Біреудің өзіне қызмет еткенін қаламайды, сонымен қатар біреуге міндетті болғысы келмейді. Олар жалқауларды, кешіккенді ұнатпайды. Адамдардың бойынан шыншылдығын, үнемдігін, тапқырлығын, нақтылығын бағалайды. Ашық-шашық киініп, лас жүруді ұнатпайды. Дені өте сау, алайда жұмысына беріліп кетуінің арқасында жүйкесіне күш түсіріп алуы мүмкін. Басқа белгілерге қарағанда өз тағдырын бір жолға нық түсіріп, өзіне не керегін анықтай алатын ерекше белгі.

 

Жұлдызнама Таразы (27.09. – 23.10.)

Бұл белгіде туылған жандар өте мейірімді, бірақ, түнеріп кетуі де мүмкін. Өзіне бұйрық бергенді ұнатпайды. Өте интеллектуалды, сонымен қатар өте аңғал. Өзі сағаттар бойы қалай сөйлесе, солай сағаттар бойы тыңдай алады. Өте белсенді болғанмен, асығыс шешім қабылдауы мүмкін емес. Барлық істі тең ұстап тұрғанды қалайды. Бір көргенде сізді керемет әсерде қалдырғанмен, ол депрессияда болуы мүмкін, сыртқа білдірте бермейді. Үнемі көңіл-күйі ауысып отырады. Бір шешім қабылдау керек болса, таңдау жасауы өте қиын. Ұзақ сөйлеп, ұйып тыңдай алады, ұрысқандарды достастырып, сізбен қызу пікірталас жүргізе алады.

Таразы бір ішсе, тоқтамай кетуі мүмкін. Махаббатта та солай, ғашық болса, көзсіз ғашық болады. Бұл белгі «жалқау Таразы» деген атпен де белгілі. Өте тиянақты және қарқынды жұмыс істеп жүріп, кенеттен тоқтап қалады, ол уақытта жалқаулығының кезеңі басталады. Бұл оған табиғатынан тән. Біраз кідіріс жасаған уақытында күш жинап, өздігінен қайта шабыттанбаса, бір істі істету мүмкін емес. Күш жинап болып, жұмысына қарқынмен қайта кіріседі. Эмоцияның адамы. Қуанышқа да, қайғыға да өзінің жеке басына қатысты жағдайлар алып келеді. Бұл белгінің адамдарына ең қауіптісі – кез келген нәрсені теріс пайдалану. Таразылардың мінезі мейірімділік, нәзіктік, адалдық, дәлелдеу, жеңілгенін мойындамау, философиялық логика мен бір шешімге келе алмаудан тұрады. Бір шешімді ұзақ және жан-жақты қарауы күткен адамның ашуын шақыруы мүмкін. Ешқашан асығыс шешім қабылдамайды, ал қабылдаған шешімі соңғы және нақты болады. Жұмысына өте ұқыпты, жауапкершілігі мол, бір жасаған нәрсесін қайта жасамау үшін асқан тиянақтылықпен істейді. Кітап оқығанды жаны сүйеді. Дыбыс пен түстердің үйлесімін қалайды, поэзияға жақын. Таразылардың ісі кері тартып жатса, оптимистік көзқарасы байбаламға ұласады, ал ісі алға басып жатса, барынша жайнайды. Күз мезгілінің белгісі деп бекер айтылмаған, қыс тым суық, жаз тым ыстық болып, күз салқындығы ортада тұратын сияқты әр істе теңдікті іздейді. Тез жалыққыш, не қалайтынын кейде өзі түсінбей қалуы мүмкін. Бұл белгісіз қызық сезім барлық Таразыларға тән.

 

Жұлдызнама Сарышаян (24.10. – 22.11.)

Сарышаян шақса, «өлтіріп жіберуі» мүмкін, қатты мінезді адам. Сарышаян өз мінезін мұқият қадағалай алады. Көзі гипнозға толы сияқты, оның бір қарағана көзінің тұңғиығына батып кетуіңіз мүмкін. Өзінің бағасын біледі және өзі туралы жоғары ойын ешқашан өзгертпейді, бір сөзбен айтқанда, ішкі ЭГОсы мықты. Біреудің масқарасын шығарып, жер қылуы тез, жақсы пікірді де тез айтқанмен, сізге ешқандай әсер етпеуі мүмкін. Өзінің кемшіліктері туралы біреуден естігенді мүлде қаламайды, өйткені, өзі туралы өте жақсы біледі. Сарышаяндар сырт көзге өте аңқау, өте жұмсақ адам боп көрінгенмен, сізді астыртын билеп алғысы келеді. Олардан ешқашан кеңес не пікірін сұрамаңыз, өйткені, таза шындықты есітіп, көңіліңіз түсіп қалуы мүмкін. Ешқашан өтірік айтып, мәймөңкелемейді, сізге жағымды нәрсе айтса, шын жүректен айтқаны. Сарышаяндар тек өзінің қамын ойлағанмен, жақындарына сөзбен де, іспен де көмек бере алады. Оларда шынайы дос та, тісін қайраған дұшпан да кездеседі. Бірақ, дұшпандарының өзі құрмет көрсетіп, жақсы пікір айтуы мүмкін. Сарышаяндар сирек қорқып, қауіпті сирек сезінеді. Адал дос бола алады. Достық үшін кез келген қиындықты жеңе алады. Өзіне жасалған жақсылықты, сыйлықты ұмытпайды, сондай-ақ біреудің тарапынан болған реніш пен сатқандықты ешқашан ұмытпайды. Кек алуды жоспарлап жүріп, орындамай қалуы жиі болады. Мақсат еткен нәрсесінің бәрі де қолынан келеді.

 

Жұлдызнама Мерген (23.11. – 21.12)

Мергендер – өте ашық, бауырмал жандар. Бойында зұлымдық та, жаман қасиеттер сирек кездесетіндіктен ренжіп, өкпелей алмайсыз. Оның әдепсіз, жөнсіз мінез-құлқының астында көбіне мол ақыл мен қатаң ұстанымдар жатады. Өздерінің дипломатиялық адамдар екеніне Мергендердің өздері таң қалады. Олар әр ісін адал, еш арамдықсыз жасайды. 6 жасар бала секілді өте шыншыл келеді. Үнемі қозғалыста болады, жануарларды, жылдамдықты, спортты жақсы көреді.

Мергендер тәуекелшіл келеді. Көп сөйлейді. Үнемі өзін бақытты сезініп, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Айналасын жағымсыз адамдар қоршаса, көңіл-күйі түсіп кетуі мүмкін. Күресе алады, сол үшін біреуден көмек те сұрамайды. Барлық Мергендер өзін қорғай алады. Жауапкершілікті сезінсе де, арқалағысы келмейді. Кешесінен бүгіні, бүгінінен ертеңі керемет боп өтеді деген қағиданы ұстанған, өмірге көзқарасы оң. Тез ғашық болып, тез айнып қалады. Отбасын құруға келгенде өте ұзақ ойланып, шешім қабылдауы қиынға соғады.  

Бір жаман қасиеті бар – көп ішеді, көп жейді, тіпті салынып ішіп кетуі де мүмкін. Ақылының өткірлігі сарказм мен құпия сақтай алмаушылыққа әкелуі мүмкін. Мергендер кез келген оқиғадан тез арыла алады. Қолы ашық, әйел Мергендер жетімдерді, қаңғып жүрген үй жануарын асырап алуға бейім болады. Есте сақтау қабілеті де өте ерекше, мерзімдерді, майда-шүйдені мықтап есте сақтайды, сонымен қатар өзінің пальтосын қайда қойғанын ұмытуы да мүмкін. Заттарын көп жоғалтады. Мергеннің табиғаты – қолы ашық, көңілді идеалист.

 

Жұлдызнама Тауешкі (24.11. – 20.01.)

Бұл белгіден туылғандарды түсіну өте қиын. Олар тек алға қарай жылжып, өзінің жетістігіне марқайып отыратындардың қатарынан табылады. Үнемі тек қана алға. Адамдардың назарын өзіне аударту үшін арнайы еш тәсілді қолданбайды, баста байқамауыңыз да мүмкін. Тауешкілермен күресіп, пайда таппайсыз, олар бәрібір өз дегеніне жетеді. Табыс, құрмет, билік – олар үшін сүйікті нәрселер. Ойламаған жерден сын айта салуы мүмкін. Көбіне өзіне қажетсіз дұшпан пайда болмасын деп барын салады, тіпті сіздікі дұрыс болмаса да, келісе салуы мүмкін. Қызғаншақтық, құмарлық, жалқаулық, немқұрайдылықтан өзі емес, басқалар зардап шексе деп ойлайды. Ондай адамдарға аянышпен бір қарап, ары қарай өз мақсатына жол тартып кете береді. Романтиканы жақсы көргенімен, оған барынша берілгісі келмейді. Халық алдында ұрысып не құшақтасып тұра алмайды. Өзінің ата-бабасын идеал көріп, оларға келер ұятты ойлайды. Үлкенді құрметтеу – табиғатына тән қылық. Қоғамда көзге түспеген адамға ғашық болуы екіталай. Көп дайындықтан өтпей, неке құруы да қиын. Туғандарын өте жақсы көреді, оларға бауырмал. Есеппен жүретін, салқын адамдар деп ойлауыңыз мүмкін, негізінде олар өте сақтықпен, бәрін ақылмен жасайды. Бір қарағанда нәзік, жасқаншақ, кішкене қырсықтау, еш зияны жоқ адамды елестетуі мүмкін. Тіпті ең сенімді адам деп қабылдауыңыз мүмкін. Алайда, олар сіздің әлсіз тұстарыңыз бен құпияларыңызды біліп алып, оларды өз пайдасына жұмсайтынын есте сақтаңыз.

 

Жұлдызнама Суқұйғыш (21.01. – 20.02.)

Адамдар кемпірқосақты жақсы көретін болса, Суқұйғыштар өте жақсы көреді. Өмірі де түрлі түсті. Реалист, ертеңгі күніне барынша сене біледі. Негізінде өте салмақты, мейірімді жандар, кейде қоғамдық пікірірлерге араласып, өзінің әдеттен тыс қылықтарымен есте қалуға ұмтылады. Ойламаған жерден оқыс қылықтар көрсетіп, таң қалдыруы мүмкін. Олар аңқау да емес, тым ақылды да емес. Негізгі қасиеті – құпияны білуге ұмтылу. Еркіндікті сүйетін Суқұйғыш көңілді, күлкілі бола алады, жасқаншақ та, нәзік те бола алады. Үнемі топтың ортасында жүруге ұмтылады. Достары көп болғанмен көбіне жалғыздықтан қайғырып отыруы әбден мүмкін. Қандай күйде болса да, еш белгіге ұқсамайтын көрегендігін сақтап қалады. Таныстары мен достарының басында болған жағдайларды қадағалап, қорытынды шығарып отырады. Сізге ойламаған жерден тосын сұрақтар қоюы мүмкін, егер оған қызықсыз боп бара жатсаңыз, қызық болатын басқа нысан іздейді. Достықтағы тұрақтылығына қарамай, Суқұйғышта дос көп болмайды. Ол санға емес, сапаға назар аударады. Бұл белгідегі жандарға бір рет қызық болмай қалсаңыз, олардың қайта бұрыып қарауы екіталай. Ал шын мәнінде қызық болсаңыз, ештеңеге қарамай сіздің қасыңыздан табылады. Оларда ашуланған адамды сабырға келтіретін, жылаған адамды не баланы жұбата алатын ерекше қасиет бар. Өзін жалғыз сезінген кездері жиі және ұзақ болады, ол кездері жалғыз қалдырған дұрыс. Бір іске келісім жасарда ешкім ешкімге қарыз, міндетті болмай, ортақ мәмілеге келгенді қалайды. Ешкіммен айтысып, күресуге бара бермейді. Ол әлсіздігінен емес, дау-дамайды жаны сүймейтінінен. Ұзақ пікір таластырмай-ақ сізбен келісе салуы мүмкін. Сізге бір нәрсені істегелі жатқанын ескертпей-ақ, орындай салуы мүмкін, ол қажет деп тапқанын солай жасайды. Өтірік пен алдауды жек көреді. Қарыз беру мен алуға да дәл солай көзқараста. Егер де қарыз ала қалсаңыз, уақтылы қайтару керексіз, өзі де солай.

 

Жұлдызнама Балықтар (21.02. – 20.03.)

Билік жүргізе білмейді, бірақ арасында шығармашылық пен әртіс адамдар өте көп. Басқа адамдарды басқару мен билікке мүлде ұмтылмайды. Ақшаға да кетәрі емес, бірақ басқабелгілерге қарағанда, Балықтар ақшаның уақытша екеніне сенеді. Олар бай болғысы келмейді, бірақ байлар сияқты өмір сүргісі келеді. Өздері түскен күймен күресуге шамалары жетпейді. Өмірдің қалай ағып жатқаныны бәрібір өзіне ешкім тиіспесе болды. Өзі туралы сырт көздің пікірі де маңызды емес. Жалпы көп құбылыстарға немқұрайдылықпен қарайды. Алайда, Балықтардың мінезі бар. Оны өзінен шығарып, ашуландырса, айналасындағылардың бәрін жайпауы мүмкін. Балықтар «өмір керемет» деген қағидамен өмір сүргісі келеді. Адамдардың жаман жақтары бар екенін білгенімен көз жұма қарайды. Өзінің арманы мен қиялына кіріп алып, соның ішінде өмір сүргенді ұнатады, тіпті ол армандарын іске асыруға талпынбайды. Өмірден соққы алып, сәтсіздікке ұшыраған кезде олардан құтылуға тырысудың орнына, ғажайыпты күтіп, жалған үмітпен жүре береді. Балықтар өзіне айтылған сынды көтере алмайды. Есте сақтау қабілеті өте күшті.он екінші, соңғы белгі болғандықтан барлық белгілердің кейбір қасиеттері кездеседі. Өзіне арнайы көңіл бөлмейді, барлық уақытын достары мен туыстарына көмектесуге жібереді. Аяушылық сезімі жақсы дамыған, әлсіздер мен ауруларға көмек беруге ұмтылады. Көмектесу – басты қасиеті. «Ия, жоқ» деген нақты жауаптардан гөрі «мүмкін» деген сөзді көп қолданады. Балықтардың мінезін нақты суреттеп беру қиын.

Ақпарат үшін www.tuszhoru.kz сайтқа рахмет айтамыз.

Суреттер: astrohit.com

291 thoughts on “Жұлдызнама”

  1. Жұлдызжорамалдың әрбір сөзімен келісемін! Тура айтылған, сөз жоқ! Әсіресе торпақтар туралы. Осындай сайттардың бар болғанына қуанамын, админге рахмет)))) Болашақта осы бағыттағы мақалаларды үзбей жариялауларыңызды сұраймын!

    Жауап беру
    • Ассалаумагалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Я жулдыздар далме дал жазган сенемин алда солай болар деп рахмет улкен сукуйгышты рас айткан!!!

      Жауап беру
  2. мәссаған мынау қызық екен.тоқты туралы жазғаны менің нақ өзім.керемет екен.Бірақ неге көшіруге болмайды?

    Жауап беру
  3. Жақсы-ақ жазылған, дегенмен админге ескертпе (!!!) Шаяндарға сипаттама бере отырып, неге Егіздер жайлы жазылып кетеді….

    Жауап беру
    • Ия молдир дурыс айтасын оте дурыс!Менде арыстанмын мени де дал тапты оте жаксы жарайсын аккаракоз!

      Жауап беру
  4. Мынау деген керемет қой,менін бойымдағы бар жақсы да жаманда қасиеттерімді анық көрсеткен…Бірақ тоқтылар толық боп келеді дегенге келісе алмаймын…

    Жауап беру
  5. расымен, «Мәссаған» дегізерлік екен, таң қалып отырмын! Тоқтылар туралы дәл айтыпты, тура өзімді сырттай көргендей болып отырмын )) Рахмет, Айқаракөз!

    Жауап беру
  6. Салеметсиздер ме??? Жұлдызжорамал да Суқұйғыш жайлы дурыс айтылған… барі дұрыс әсіресе өз-өзін жалғыз сезінеді дегені….

    Жауап беру
  7. Тоқтылар жайлы өте дұрыс жазыпты. Келісемін. Нақ өзімді сипаттапты,қысқа, нақты. Көшіруге болатындай жағдай жасаса нұр үстіне нұр болар еді.

    Жауап беру
  8. Оте тура, дурыс айтылган шаяндар туралы. Елбасымыз шаян белгисинен болгандыктан ол кисинин бойынан оз касиеттеримди коретинмин, оте дурыс, дал келеди екен шаян белгисинде туылгандарга.

    Жауап беру
    • Расында да өте дұрыс жазылған. Әсіресе тоқты туралы. Анық мен туралы жазған. Мен бірақта толық емеспін. Көп сенгіш екенім рас. Міне керемет!

      Жауап беру
  9. мен де шаян ем… Коби келеди… Просто унеми кулип журеди дегени кателеу сиякты сол… Сонда да керемет… Рахмеееееет….

    Жауап беру
  10. сосын типа кек сактайды деген магынадагы создери келинкиремейди екен менин ойымша… Совсем ондай нарсе ойлап кормегем…

    Жауап беру
    • Салем достар!ия молдир дурыс айтасын саган косыламын,менде Арыстанмын.достар мына жазылгандардын бари шындык..САЙТтын Иесiне Рахмет!болашакта осындай Сайттар кобие берсiн.Сау болыныздар достар)

      Жауап беру
  11. Мен жайында жазғаны өте керемет. Маған жан жолдасым жақсы жаман қасиеттерімді саралап беріп отырған сыйақты. ТЕК ҚАНА КЕРЕМЕТ! Бұдан басқа айтарым жоқ.

    Жауап беру
  12. Салем,достар! Мен де арыстан белгiсiненмiн. Окып отырып ауели кулдим сайкес келеди екен деп. Ал,одан арi оки тускенде тан калдым тура келеди екен деп. Тура менин мiнезим. Неке сатсiздиги де,билiк айткыштыгы да,достыкка берик жане душпанын аямайтындыгы да барi,барi тура айтылган. Шынымен тандандым. Окып бiр езу тарттым. Рахмет

    Жауап беру
  13. Мен САРЫШАЯНМЫН! Жулдыз жорамал дегенге сенбеушем, енди мына жорамалды окып аң- таң болғаным ай! Расымен де нақты, арі шынайы айтылған екен.ТЕК ҚАНА РАХМЕТ айтам!

    Жауап беру
  14. Жұлдызнама авторларына ұсыныс!!!!! Неге осы жұлдыз жорамалды күн сайын өзгертпеске

    Жауап беру
  15. оте жаксы менин аиымды . оиымды нак басып жазылган меники шаян оте жаксы барлыгы шындык

    Жауап беру
  16. Менің жұлдызжорамалым сарышаян. Қанша жұлдызжорамал оқып жүрсемде сіздердің жұлдызжорамалдарыныз тура, дәл, нақты келгеніне таңым бар. Рахмет. Жұмыстарыңыз алға, табыстарыңыз өрге домаласын.
    Қазақта мақтағанды көтере алмай қалады ма немесе тіл-көз тиіп кетеме басы жақсы болып келеді де жоқ боп кетеді, әңгімемнің төркінің түсіңген боларсыздар.
    Сәттілік тілеймін.

    Жауап беру
  17. суқұйғыштар туралы жаксы жазылған менің бойымдағы мінездердің барлығын жазған.Бірақ көп адамдар түсіне бермеіді

    Жауап беру
  18. салем достар. менің жұлдызнамам дәл жазылыпты. онда мендеги бар қылықтарым жазылған. неге көшіруге болмайды

    Жауап беру
  19. өте жақсы өзім туралы көп біліп алдым үлкен рахмет ! сөз жоқ керемет айтарым жоқ

    Жауап беру
  20. Өте керемет жазылған. Әсіресе бикештердің байқағыштығы туралы тура келеді екен. 100% .

    Жауап беру
  21. мен арыстан белгісіненмін мен туралы 99% дұрыс жазылған..мінезіңді сырттай сипаттап берсе кызық екен күлкілі.бір күліп алдым неде болса сауболщ

    Жауап беру
  22. менин де тан калганым бар окып саитта бари нак жане тусиникти жазылган асиресе САРЫ ШАЯН)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))

    Жауап беру
  23. Жұлдыз жорамалға коп сене алмаймын. Тек анда сандағана тура келет. Былай қарағанда нақты ештеңе айта алмайдығой. Дегенмен көңіл көтеріп оқуға жақсы.

    Жауап беру
  24. Өте дұрыс дәл болған жорамал екен. Әсіресе, Мылжи мен Айканыкі дәл сәйкес келіпті. менікі тіпті… Ххххххх

    Жауап беру
  25. Жулдыз жорамал жаксы жазылган. Мен озим коп сене бермеймин. Достарым окыды жаксы тура жазылган дид. Окыдым коп сайкестиктер барын байкадым. Казак тилинде жазылган оте жаксы.

    Жауап беру
  26. менің жұлдызнамам балықтар айтылғандардың бәрі де менің бойымна табылды керемет!)

    Жауап беру
  27. менікі мерген неге мен туралы акпарат аз?Жане ішеді дегенге тіпті келіспеймін.Мен табигатымда салмакты жанмын,айкай шу ортаны онша унатпаймын,конілді идеалист екенім рас.

    Жауап беру
  28. Жалпы Торпактар туралы жазганына 80 пайыз келисем. Кайдагы бир Ресей сайттарынын жулдыз-жорамалына караганда озимизде осындай сайт ашылганына куанам. Бирак енди осымен токтап калмай ары карай бул сайтты дамыта тусу керек деп ойлаймын.

    Жауап беру
  29. Менин жулдызым ТОРПАК,Жулдызнама дал келип отыр,,100% га келисем,Коп рахмет сиздерге

    Жауап беру
  30. менің жұлдызнамам ТОКТЫ… маган токтылардын жұлдызнамасы унаган жок… арасындагы бір екі айтқандары дұрыс, қалгандары мулде дурыс емес….

    Жауап беру
  31. Актилек мен сизбен келисемин, менде мерген белгисинде туылганмын. Ішімдікті аузыма алып корген емеспин, унатпаймын. айкай-шулы орта да жаныма жакын емес. Калгандары дурыс айтылган.

    Жауап беру
  32. Иә, мына жұлдызнама нақты айтылған екен. Мен сарышаянмын. Мен туралы шындық екен))) мен кейде адамдарды шағып алуға дайын тұрамын))

    Жауап беру
  33. Маған қатты ұнады. Жақсы жазылған пікір. Жұлдызыма жазылғанның 90 пайызы дұрыс деп айта аламын….

    Жауап беру
  34. Қайырлы күн Жамағат! Маған мерген белгісіндегі ішкіш деген ұғым ұнамады нәзік жандыларга арнап жазылса деймін!

    Жауап беру
  35. тоқтыны окыганда шыны керек мыкты кулдим себеби озимди сырттай жазып койган мен шынымен де сондай адаммын

    Жауап беру
  36. Өте жақсы жазылған.Бәрі шындық. Мен торпақпын және оптимизм жетіспейтіндігі де рас.Мені білетін адамдай жазыпсыздар.Рахмет көп!

    Жауап беру
  37. Мен егізбін. Айтылғандар дәл келді. тура өзімді суреттегендей болды.Әсіресе, кітапты соңғы бетінен оқуы мумкін дегені.Мектеп кезім есіме түсіп бір күліп алдым.Уа-ха-ха! Рахмет!!!!!

    Жауап беру
  38. Мен ТОҚТЫМЫН. Айтылғандар дың 99 пайызына келісемін.Тек толық боп келеді дегенге келіспеймін. Мен арық тоқтымын. хи-хи. Рахмет! қалған жорамалға толық келісемін. Әсіресе, тоқтыларға ренжудің керегі жоқ дегенді 11 белгіге қайта-қайта айтар ем. Біз сондаймыз, бізге ренжімеңіздер!!!!!!!!

    Жауап беру
  39. Мына жулдызнама отте дурыс жазылган екен. Мен бурын бундайга сенбеуши едим Токты нагыз менин минезиме жазылгандай. Соз жок тамаша))))

    Жауап беру
    • Омірімде окыган токтылар туралы жулдыз жорамалдардын ішіндегі ен тура айтылганы осы шыгар, ризамын!!!

      Жауап беру
  40. Мен мына жулдыз жорамалға 85% келісемін. Бірақ мен оқып келген жорамалдан жақсы екен тек шындықты жазған.

    Жауап беру
  41. өте керемет, дәл тауып айтылған не деген сөздер. баринде бір аллаға ғана аян ғой. бірақ мінез – құлқымыз жайлы дәл айтылған.

    Жауап беру
  42. мен әрдайым оқимын, тоқтылардың мінездерін қалай анықтап білесіздер?

    Жауап беру
  43. Мерген мен Егіздердің орны ауысып кеткен ауууууу!!! 11/27 сінде туылғандарға нормально келеді,,,, ал 11/26 сында туылғандарға күмәнім бар,,,,,,,,,,,,,,

    Жауап беру
  44. Мергендер мен торпақ туралы дәл айтылған екен! Таң қаларлық жайт!!! Рахмет сідерге!

    Жауап беру
  45. Оте адеми айтылган 100 пайыз келисем асиресе торпактар мен токтылар жайлы.((((((((((((((((((((((

    Жауап беру
  46. МЫНАНЫ КАЛАЙ КОШИРСЕ БОЛАТ НЕГЕ КОШИРИЛМЕЙДИ?ЖАУАП БЕРИНИЗДЕРШ КУТЕМ,,, МЫНДА ЖАЗЫЛГАНДАРДЫН БАРИ ШЫНДЫК !

    Жауап беру
  47. Басқасын білмеймін,бірақ мен жайлы дәл нысанаға тиген, бәрі дұрыс жазылған!Керемет!!!))))

    Жауап беру
  48. мен мергенмин озим жайлы туп тура жазган бирак коп ишеди дегенине келиспеймин!озимди актаганым емес …

    Жауап беру
  49. Токтылар т1к м1незд1. Ия мендег1 Адай м1нез. Катал емес, шыдамсыз, толык дегенге косылмаймын. Шагымдану, т1с дар1гер1, салмакты болып кор1нуге тырысканмен, жас кезде ол мумк1н емес, ашык, адал, жауапкерш1л1кпен турактылык жок толык косылам. Тез ренжу, тез кеш1ру 100% дурыс. Атакты емес акшаны тандар ем. Ек1нш1 жартымды бакытты ету арине колдан келед1. ИнщАлла

    Жауап беру
  50. Егіздер жайында да менде сәйкестік коп кездесті мен жұлдыз-жорамалға қатты сенемін!!! Сіздерге коп рахмеет!!

    Жауап беру
  51. мен Тауешкилер жайлы айтылган пикирмен мулде келиспеймин,,сайкес келмейди,,,

    Жауап беру
  52. мен туралысы да дәәәәәәәәәәәәл келеді Мен саршаянмын тура осындай ғой мінезім де өзімді устауымда ырзамын РАХМЕТ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    Жауап беру
  53. Мен егіздермін. Сәйкестік кооооооп! Рахмет! Әрі жігітімнің де жулдыз белгісін оқыдым, ол торпак тура жазылған! Рахмет Сіздерге! Өзімді сырт көзбен көргендей болдым! Күліпте алдым озіме!

    Жауап беру
  54. керемет, жулдыз жорамал. Менин, ягни тауешкини дурыс жазылган тан калып турмын.Дегенмен кейбир жерлери дурыс емес, бирак 90% проценттен жогары дурыс. Шыгармашылык табысс тилеймин.

    Жауап беру
  55. рахмеееет»»! керемет жазылган бир рет окып едим, енди кайта-кайта оки бергим келеди озим туралы. туууура жазылган барлыгы сайкес келеди тема базар жок. мен САРЫШАЯНмын. озимнин осындай минезди екениме катты ризамын

    Жауап беру
  56. Мен торпақпын. Өзімнің мінезімді дұрыс жазған екен. Мен тура сол жазылғандаймын. Сіздерге көп рахмет!!!

    Жауап беру
  57. Мен бикешпін. Өзіме жазылған жорамалмен толықтай келісемін. Өте дұрыс жазылған. Рахмет!!!
    ҚҰРМЕТТІ: Сайт пайдаланушылары жазуды жазғанда қазақ әріптерімен жазуға болады ғой. Қазақ тілін дамытуға атсалысайық.

    Жауап беру
  58. отбасымнын таныстарымнын озимнин жулдыз жорамалымды окып шыктым оте тамаша тура айтылган асиресе сукуйгыш пен шаянды нак айтылган рахмет сиздерге

    Жауап беру
  59. барша мусылман адамдарга армысыздар!мен САРЫШАЯНМЫН!!!!иа)тура айтылган))келисемин!сырт козге анкау,момын адам боп коринеди дегенине 120%келсемин.))

    Жауап беру
  60. массаган). Мени шыныменде тангалдырды. дал осы уакыттарда б0лып жаткан секилди кадымгыди…
    Сиздерге ж/е админ ге бир сУрак: торпактар мен егизДердин махаббат курса! бир бирине деге к0зкарасы, минеЗи кандай б0лады екен?

    Жауап беру
  61. Бикеш пен Таразы, Тоқтыөте дұрыс жазылған таң қалдық, Толық келісеміз

    Жауап беру
  62. 98% толык келісемін таразы
    шешім қабылдау үшін ұзақ жүремін және дұрыс шешім қабылдаймын.сатып алған заттарымның өмірі ұзақ,сынса істеп алам бәрі дұрыс жазылған

    Жауап беру
  63. менің жұлдызнамам балык,шыныменде таң қалып отырмын,барлыгы дурыс суреттелген,өзімді көргендеймін

    Жауап беру
  64. керемет, менин жулдызым сукуйгыш мен бурын сонды мундайга сенбеуши едим менин минезиме тура келеди екен,

    Жауап беру
  65. Өте дурыс жазылған!!!осы жазылғанмен келіспейтін адам жок деп ойлаймын және барі де шындық!

    Жауап беру
  66. Вауууу(Балыктар» тура менин минезиме саикес келеди екен(((и то мен балыктармын!!!ризамын бари бир бирине саикес кеп тур)))))

    Жауап беру
  67. мен осында жазылган барлыгына келисемин!бирак ишиндеги бир келисе алмайтыным ишеди дегени!!!бундай касиет менде жок!!!

    Жауап беру
  68. Маган жулдызнама унады. Ойткенi озiмнiн жане маган таныс жандардын жулдызнамалары дурыс жазылыпты.

    Жауап беру
  69. менин жулдызнамам ТАРАЗЫ! мунда барлыгы менин омириммен сайкес келеди менин минезим дал солай тиянакты жумыс истим озге биреулердин буйрык бергенин каламаймын кейде омирден тунилип кететинимде расс!мейіримдимин бирак бир жаманы оте ангал аркимнин айтканына кудайдаай сенип каламм бул жулдызнама шындыкка 99 пайы3ы шындыкка жанасса 1 пайызы отирик мен оз басым ишимдик дегенди ауызыма алмайм алган да емеспинн оссыы жерлерин дурыстасаныздаар димм даа…….

    Жауап беру
  70. Мен жұлдыз жорамалға сенбейтінмін! Осы сайттан өзім, яғни таразы жайлы оқығанмын бәрі дәл айтылыпты! Енді сенерімді я сенбесімді білмей қалдым! Рахмет админге!

    Жауап беру
  71. Мерген жұлдызнамасы жайлы айтылган пікір орнымен жазылган келісем менін бойымдагы касиеттерді дөп басып айткан

    Жауап беру
  72. Жана гана жумыстас кызым екеумиз оз жулдызнамамызды окып ишегимиз катып отыр Токты мен сукуйгыш туралы точно айтылган.

    Жауап беру
  73. Бари отирик мулдем сайкестик жок, мына жулдызнамага сенип откан адамдарга кайран калам…..

    Жауап беру
  74. Маган катты унады, мен таразымын, таразы накты айтылган! Рахмет сиздерге!

    Жауап беру
  75. Торпақтар туралы өте дұрыс….келісемін менің бойымдағы барлық артықшылықтар мен кемшіліктер анық солай… Бірақ балықтардан көңілім қалды….барлығы ондай бола бермес деп үміттенемін…

    Жауап беру
  76. ОООО оте керемет! Бикеш белгісінде дүниеге келгеніме қуаныштымын тамаша! Маған өте ұнады, жане дәл айтылған ризамын. Сиздерге коп коп рахмееет!

    Жауап беру
  77. Сиздерге айтарым бикеш белгісіндегі келер айдың толық жұлдызнамасын жіберулеріңізді өтінемін!

    Жауап беру
  78. Жазылған жайларды саралап отырсам 100% болмаса да 98% шындық бар мен қатты қызықтым осындай қызықты жайттарды көп жазуға тырысыңыздар…

    Жауап беру
  79. Мен тауешкімін, мен туралы жазылғандар сәйкес келеді, әсіресе тауешкілерді түсіну қиын дегені, мені ешкім түсінбейді)) бірақ кейде өзімді өзім түсінбей қалам осы))

    Жауап беру
  80. Men negizi juldyznamaga sirek korip jurem!!!!
    tura menin tagdyrym siakty!!!
    Torpak- bul jagdailardyn bari menin basynan otti!!!!
    keide oilanip koz jasyma erik bergim keledi)))
    menin sezimim kandai adamga bolsyn, doskabolsyn adal!!!
    birak bul omirde katty kinwylyk korp jatyrmyn!!! solardyn barine-nazik juregimmen tozip kelem!!! Alla tagalamyzdyn basymyzga jazganyn koremizda!!!

    Жауап беру
  81. мен мергенмiн , мерген жайлы айтылганга 99% келiсемiн асiресе спортты жаксы коредi дегенiн дал тауып жа3ыпты , 1% келiспеймiн коп iшедi коп жейдi дегенге , калгандары дурыс! Админге рахмеееет!

    Жауап беру
  82. Мен суқұйғышпын! Менің жұлдызымды анық жазыпты. 100 % деуге келеді Дұрыс айтылған

    Жауап беру
  83. Керемет жазылган мен АРЫСТАН ЖУЛДЫЗЫНДАМЫН барин дурыс жазылган,доска адал,душпанга каталмын. Рахмет оте керемет

    Жауап беру
  84. Мен торпакпын шынында да мен дал сондаймын достарым аузымнан соз шыгара алмайт нагыз жулдыз жорамал менде сенбейтiнмiн рахмет мен сене бастадым блмейм оте кушти сикыр сиякты:)

    Жауап беру
  85. Менің жұлдызнамам таразы! мен туралыда өте дұрыс жазылған.. коп жұлдызнамаларды оқып шыққанмын бирақ мындай дал, нақты, сайкестікті бітінші рет оқыдым.

    Жауап беру
  86. Aikarakoz saytinin kizdari komekti sizderden syrap tyrmin>>>>????? yilengeli jyrmin soilesip jyrgen 1,2 kizdar bar jyldizimiz jarasip jatsa jaymen bauir basip ingaylay bereyn degenimgo,,,jyldizim MERGEN

    Жауап беру
  87. Таразы кімнің жұлдызы!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!»!!!!!!!! Араларында таразы болса жазып жіберіндер достар!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    Жауап беру
  88. Оо, балықтар жайында жақсы айтылған. Бірақ менде тоқтыға тән қасиеттер көөп екен. Тоқтыдағы белгілердің балықтарда болуы заңдылықпа?

    Жауап беру
  89. мен туралы дурыс аитыпты шаян мен негизи ишимде аитылган созди кек сактаимын.кеин сонын кегин аитеуир бир жиберемин.немесе кеин кездескенде болса аитамын.Адамды тындаимын акыл аитканын бирак оз оиымен журемин,акша каражаты болса оганда келисемин сураганга акшам жок деимин бирак болса да бермеимин.менде бары бар уйимде,жумысымда бирак жангызбын кисиге сенбеимин мени алдап тургандай

    Жауап беру
  90. мен туралы дурыс аитыпты шаян мен негизи ишимде аитылган созди кек сактаимын.кеин сонын кегин аитеуир бир жиберемин.немесе кеин кездескенде болса аитамын.Адамды тындаимын акыл аитканын бирак оз оиымен журемин,акша каражаты болса оганда келисемин сураганга акшам жок деимин бирак болса да бермеимин.менде бары бар уйимде,жумысымда бирак жангызбын кисиге сенбеимин мени алдап тургандай

    Жауап беру
  91. Бикештер туралы айтканынызга 85 пайыз косыламын, олар барин сынайды (адейи емес, байкап калады), бирак оздерине шан жуытпайды емес, жуытады жане соны тузеуге де тырысады. Оз басым сын айтудан аркашан кашуга тырысам, аркимнин ойы озинде гой. Оздери биледи не истеседе деп. Тагы бикештер туралы айтатын нарсе, олар махаббатка саран емес, назик ари сезимтал боп келеди. Бирак соны кобинесе суйгенине, жаксы корген адамдарына созбен жеткизе алмайды, ишинде калып кояды. Акшага келгенде саран емес, ар нарсени оз орнына жумсауды дурыс деп ойлайды.

    Жауап беру
  92. Балықтар туралы жазған мәліметтердің бәрі дұрыс.Мен барлығына 99,5% пайыз сенемін.

    Жауап беру
  93. Торпақ. 95% дұрыс айтылған.Бір келіспейтінім торпактар өте кызганшак әрі көп сөйлейді

    Жауап беру
  94. Торпақ. 95% дұрыс айтылған.Бір келіспейтінім торпактар өте кызганшак әрі көп сөйлейді

    Жауап беру
  95. Балык белгысындегы создер оте дурыс жазылган, ырза болдым.Менын быр танысым бар ол дал сондай!

    Жауап беру
  96. маган бул оте катты унады маган асиресе шаян унады
    дал дурыс жазгансыздар оте керемет! Болашакта осындай сайттар коп болсын!!!

    Жауап беру
  97. Я тура жазған Менiн алып қосатын сөзим жоқ бари дұрыс тағы қызық не бар екен. ….

    Жауап беру
  98. Өте керемет жазылған жұлдызнама.Мен жұлдызнамаларға көп сенбеуші едім.Бірақ осы жұлдызнама мені таң қалдырды.Керемет,сөз жоқ.Көп адамдарды тексеріп көргеніммен дәлелдей аламын.Өз басым егізбін және осы жұлдызжорамалдағы егіздер туралы 99,5% сенемін.

    Жауап беру
  99. Көбісі келіспеуде арине кім өзі туралы жағымсыз сөздер естігісі келеді дейсіз

    Жауап беру
  100. Бари точно жазылган негизи*)Толык келисем коп коп РахМет асиресе торпак туралы*)

    Жауап беру
  101. блиииииииииииииииннннннннннннннн барлыгы дурыс жазылган гои асиресе токты мен тауешки

    Жауап беру
  102. Негізі жаман емесс сукұйғыш керемет тек енді алдағы уакытта осы натижесин коремизз калай болатынын!!!

    Жауап беру
  103. Мен мергенмин жани бари де накты, дурыс айтылган. Толыктай келисемин. Типти менин баска белгидеги достарымнын да минези сай келеди.

    Жауап беру
  104. Салеметсиздерме! Мен сиздерден акыл кенес сурамакпын маган колдарыныздан келгенше комектеседи деген ойдамын .Мен бир баланы катты жаксы коремин биз ол баламен 1айдай уакыт журдик ол да мени жаксы коретин бирак мен ол баланы али де умыталмаймын одан бери 2жыл отти ..менин бундай жагдайда не истеуим керек??

    Жауап беру
  105. мен сукуйгышпын оте дурыс екен мен катты ризамын бари дурыс катеси жок тамаша расымен мен барлык дау дамайды онай жолмен шеше аламын жане тез шешемин.менин достарым коп бирак кейде озимди жалгыз сезинип кетемин отирикти унатпайм коп коп рахмет бир куанып калдым

    Жауап беру
  106. Мен торпак. Бул жулдыз жорамал бари менин касиеттерим жазылган, оте керемет маган айкаракоз сайты катты унады буны маган курбым айтты осы сайтта барлык озине керекти акпараттар коп деп, шынында да коп екен.Мен енди унеми осы сайтка киремин.Сиздерге коп размееееееееет))))

    Жауап беру
  107. менин жулдызым шаян айткандарына келисемин тура айткан рахмет катты риза болып калдым))))

    Жауап беру
  108. O my God 🙁 Бул Неткен Сумдык?!
    Баскасын билмеимiн,брак ТАУЕШКIЛЕР туралы мулде келiспеймiн…Жане мен гана емес ,барлык пiкiр айтушыларда буган келiспейдi. Бул жазуларды кайта карап,бiр неше жерiн тузету керек деп ойлаймын..Баска материалдары карап,коп малiмет жинауларыныз керек сиякты..Бул сайттан конiлiм абден калды..мумкiн сиздердiн бiзге берiп журген кенестерiнiздiн дурыс екенiне кiм кепiл…айтеуiр кателеспеулерiнiздi отiнiп сураймыз! ☝️

    Жауап беру
  109. Ассалаумағалейкум. Мында Арыстандар жұлдызына дәл, нақты айтылған екен. Жұлдыз жорамал бойынша басқада нақты жорамалдарды жолдап отырсаңдар дұрыс болар еді. Рахмет.

    Жауап беру
  110. Керемет. Мен толык келисемин. Мен таразы. Гашык болганда козди жумып гашык болатыным рас.

    Жауап беру
  111. жаксы жане дал тауып жазыпты ырза и тан калдым.меним жулдызнамам Таразы еди толыктай айтты жарайсын АЙКАРАКОЗ

    Жауап беру
  112. Керемет куйеуимдики таразы меники мерген тура жазылган асиресе гашык болу туралы бирак мергендердин коп ишеди дегенине келиспеймин балким еркек мергендерге арнап айтылган болар менин жездем мерген аракка бир табан жакын

    Жауап беру
  113. Таң қалып отырмын. Дәлме-дәл. Сарышаяндар туралы айтылған сөздер менин бойымда кездеседі.

    Жауап беру
  114. Өте керемет! Жұлдызнама торпақтар үшін тура жазылған. Әсіресе, балықтар белгісіндегілерге….. Өзім жұлдызнамаға қатты сенемін.

    Жауап беру
    • керемет Токтылар жайлы бари дурыс ну отирик айтады дегени уят болып калды

      Жауап беру
  115. Менің де жұлдызнамам шаян! Шаян туралы жазылғанның барі сәйкес келеді): Жазған жұлдызнамашыға өте көп рахмет!!!

    Жауап беру
  116. Бари дурс жазылған ракмееетт !! Бирак баринки бірдей100 пайыз дурс келуи мүмкін емес кой әркімнің жаратысы артурли го соны түсіну керек сияқты

    Жауап беру
  117. ия дурис жазылган но оган катты сенип байланып калудын кажети жок тек аллага сениниздер

    Жауап беру
  118. Саршаяндарды дәл жазыпты…..құдай берген мінез қайтеміз енді.Таң қалдым 100% айтылған.

    Жауап беру
  119. бәрі дұрыс жазылған деп ойлаймын бірақ әр адамның мінезі әр түрлі ғой менің жұлдызнамам БИКЕШ оқып көрдіім мен жайлы дұрыс жазыпты

    Жауап беру
  120. Алгысым шексиз! Жулдыз жорамал гылымда далелденбеген дейди….ешкандай гылымнын кажети жок…жазылган пикирлер далелдеп тур! Балыктар! Олардын минезин накты айту киын…..хехе БАЗАР ЖОК

    Жауап беру
  121. Мен мергенмын. Озым жайлы жазылгандармен 50-50 дер едым. Мергендер кобыне сабырлы, салмакты, ар исын байыппен ойланып шешетын адамдар дер едым. Коп ишеды дегенмен келиспеймын.

    Жауап беру
  122. Әрине мен де келісемін.Жұлдыз жорамалға үнемі сенемін.Және де дәлме-дәл келіп тұрады.Әрдайым міндетті түрде оқып отырамын.Сіздерге өмірде отбасына бақыт,шығармашылықта табыс тілеймін.

    Жауап беру
  123. иә Маржан торпақтар толығымен келісем осы неге жұлдызнаманы күнде шығармайды екен

    Жауап беру
  124. дегенменде сөз жоқ брава бірақ алладан басқа ешкімге де сенуге болиайды біздің әр минутымызға дейін алла тағаланың озі әмір етіп тұрады алланың шешімінсіз өзгереді деп айту қиын мен мундайларға сенбеймін мұндайға сенгендер күнә

    Жауап беру
  125. Мен бұл Жұлдызғамаға толықтай келісемін, мен туралы барин аитып бергендей жәнеде мен ерінбей барін оқып шықтым. Как будто жан досың айтып берип жатқандай. Өте күшті сезімде болдым осы оқып жатқанда кереметтт))))))

    Жауап беру
  126. Dalme dal ulken raxmet administrator tolik aitip koreiikwi jalpi keremet degenmen kei kei auitkular bolmasa ne deimiz endi prosto super. Jo-jok ote ote ote keremet

    Жауап беру
    • Салеметсиздер ме? Мен балыкпын! Бул жерде айтылган нарсенин кобиси менкимен сайкес келмейди. Брак уксайтын тустары да бар. Мен акконил конилди журетин оптимист адаммын.
      Ал бул жерде пессемистке уксатып жазган.

      Жауап беру
  127. Салеметсиздер ме? Мен балыкпын! Бул жерде айтылган нарсенин кобиси менкимен сайкес келмейди. Брак уксайтын тустары да бар. Мен акконил конилди журетин оптимист адаммын.
    Ал бул жерде пессемистке уксатып жазган.

    Жауап беру
  128. Менин тусинбейтиним 23. 10 айда туылгандарды кейде таразы кейде саршаян деп белгилейди. Накты кайсысы екенин билмейсин. Бирак еки белгинин де сайкес келетин тустары коп. Сонда кайсысы екен.

    Жауап беру
  129. Балқтар туралы керемет жазылған мен келісемін♡.
    Жазған адамның еңбегі зая кетпеген!

    Жауап беру

Гулшира үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау