Өмірде кешірім сұрау керек болатын жағдайлар аз болмайды. Тіпті қателік жасағаныңды біліп тұрып, ашудың буымен де жақыныңның жанын ауыртып алуыңмүмкін. Не керісінше, ойда жоқта төтеннен ағаттық орын алып жатады. Адамдар кешірімді басқа амалы қалмағаннан сұрамайды. Кешірім сұрамаса, жан-дүниесі дамыл таппайтын жандар қаншама…
Әсершіл адамдарды салқынқанды жандардан эмоциясына қарап, бірден танитынымыз белгілі. Эмоцияға ерілетін адамдар кез келген дүниеге жараланғыш келеді. Тәні емес, жаны жараланғыш. Сондықтан, досыңыздың, туысыңыздың, жақыныңыздың жан-дүниесін жаралап алмас үшін кешірімді дұрыстап сұрағаныңыз жөн болады.
- Күлдіріңіз. Жоқ жерден дау туындап, әдемі көңіл-күйдің талқаны шықса, бұл ситуациядан құтылу үшін өзіңіз ренжіткен адамды күлдіруге тырысыңыз. Әңгіменің аяғын әзілге ұластырыңыз. Ол үшін жақсы анекдоттар мен қызықты оқиғаардың көмегіне сүйеніңіз.
- Сый жасаңыз. Кешірім сұрап тұрып, сыйлығыңызды құрбыңызға, әпкеңізге, жалпы қыз баласына ұсына аласыз. Жігітке де сый жасауға болады. Романтикалық кешкі асқа шақырыңыз немесе үй ішіндегі міндеттерінің бірін орындап қойыңыз, тіпті болмай жатса, «оның керекмет жан» екенін айтып, жылы сөзіңізді арнаңыз.
- «Кешірші мені». «Кешірші» деген сөзді айту оп-оңай болғанымен, жүректен шықпаса, әсері де аз болып, құны жойылады. Сондықтан ренжіткен адамыңыздың көзіне тіке қарап, СМС арқылы не радио арқылы жеткізсеңіз, нәтижелі болады.
Теледидардағы жүгіртпе жолдың да көмегі тиеді. - Үнсіз кешірім сұраңыз. Ішіндегі шынайы өкінішін сыртқа дауыстап жеткізе алмайын жандар аз емес. Егер жасаған ағаттығына шынымен де өкініп, өз кінәсін мойындаса, үнсіз де кешірім сұрауға болады. Ол үшін мұңды жанар, терең күрсініс, жасқа мөлтілдеген көз де жетіп жатыр.
- Бастықтар сияқты дауыс көтере, кешірім сұрау. Арақатынастың үзілмеуін тілесеңіз, сіздің кінәңіз болсын, болмасын кешірім сұрайсыз. Ол үшін кішкене дауыс көтеріп, сөздеріңізді нақты айтасыз. Түюлі қабақ, сыпайы, бірақ көтеріңкі дауыс.
- Өзіңізді құрбан етіңіз. Жалпақ тілмен айтқанда, бәрін керісінше жасайсыз. Бар кінәні өзіңіз ренжіткен адамға аударып, әр сөзінен астар іздеп, жазаланған жандай күйге түссеңіз, соңында ол адам сізден кешірім сұрайды. Әрине бұл көп жандарға ұнай бермейді. Кей жағдайда оң әсерін беруі мүмкін.
Кешірім сұрағаннан кешіре білген ауыр. Бір-бірімізді ренжітпейік.
Мен өмiрiмде адамдарды қанша рет кешiрдiм десеншi.ол өте қиын.ал кешiрiмдi 1рет қана сұрап көрiппiн.кешiрсе кешiрсiн,кешiрмесе өзi бiлсiн деп жүре беретiн адамдар қатарындамын!
Гульдана ты совсем эгоистка….УЖАС)))))Ал мен ешкимнен де кеширим сурамагам,менен де ешким сурамапты….мен жакындарымды ренжитпеймин жакындарым мены ренжiтпейдi……жалпы макала жаксы жазылыпты
калдарыңыз қалай? негізі менің ойымша кешірім сұрау: 1-ден силастықтың белгісі, 2-ден адамгершіліктің белгісі, 3-ден дұшпаның болсада құрметтің белгісі!!! сіздер кешірім сұраған адамдар әрине дұшпандарың емес деп ойлаймын… кешірім сұраған жөн – егер де өзіңізді батылмын деп санасаңыз, сіздікі дұрыс болсада 1- ші кешірім сұраңыз!!! кешірімді болайык достар…кекшіл, өзімшіл болмаңыздар, өмірге көз жүгіртіңдер!!!!
кЕШИРИМДИ БЕТПЕ БЕТ ГАШЫКТАР АЙТСА КЕШИРИМ А\СУРАСА СОЛ КЕЗДЕ ТЕЗ КЕШИРИЛЕДИ РЕНИШИ.
сəлеметсіздер. мен сіздерден ақыл сұрағым келеді мен өзімнің қателігім болмасада ауыр сөздер естісемде сол адамнан осымен 2ші рет кешірім сұрадым татулық береке бірлігіміз басқалар үшінде бірақ ол адам менің солай жасап оны кешіргеніме қарамастан маған керісінше өзімдікі дұрыс болды дегендей жалынсын дегендей маған тіл қатып дұрыс жауапта бермейді. солай істегенде коңілім құлазып жасан болып жүрмін 2ші рет тағыда солай істеді. жақсы ниетпен өзім бірінші болып кешірім сұрап едім өкініш пайда бола бастады не істеймін….
Мендедеосы жағда
Сәлеметсіздер ме қалайсыздар сіздерден ақыл сұрайын деп едім. Мені біреу ренжітсе мен одан кешірім сұрамай. Өйткені ол мені бірінші ренжітті. Ал мен кінәлі болсам кешірім сұрайм. Бірақ мен кешірім сұрауды білмейм. Енді осы мәселені қалай шешемін?
Мен өмірімде жан досымды үш рет ренжіттім. Бірақ ол менің кешірім сұрай алмайтынымды біліп, өзі кешірім сұрайтың. Бүгін оны мен төртінші рет ренжіттім. Бұл жолы өзім сұрағым келеді. Енді мен қалай кешірім сұраймын
Мендеде осы жағдай
Й қалай шешем