Сағындырып, сарғайтып, күттіріп ақыры көктем жетті. Шамалы қыстың ызғары сезіледі бізде, бірақ қалай айтсақ та көктем келді.
Келе сала қуантады ма десек, керісінше, өзімен бірге депрессия мен авитаминоз құрбыларын ертіп келіпті. Не істеу керек?
Ең алдымен, витаминдер курсын ішу керек. Кез келген дәрумендер комплексі, С дәруменін (аскорбин қышқылы), «Аевит» болсын, басты мәселе тіпті олардың әсері емес, “Мен дәрумен ішіп жатырмын, демек жақсы боп кетуім керек” деген ой. Адамды емдейтін де ой, дертке шалдықтыратын да ой. ))) Ал дәруменчиктер өз ісін жасай берсін.
Екінші, көктемнің келуіне көп үміт артпау. Ойбай, көктем келсе супермега боп кетеді бәрі. Өткенім ұмыт болады, сүйіктім қайтып келеді, отыз келі салмақ тастаймын, керемет әдемі боп кетем деген секілді “гипер” жоспарларды артпау. Көктем деген жыл мезгілі ғана, оның бойында “ертегі сиқыршысының” қасиеті жоқ)))
Үшінші, мейілінше күтім жасау. Маскалар, скрабтар, кремдер, маникюр пен педикюр (үйде жасасаң екі есе ляззат алады екенсің) дегендей. Дәрумендер секілді әсер етеді.
Төртінші, жұмыс орнын, шкафтың ішін тазалап, керек емесін тастап, жинақы етіп қою. Кейбір психологтардың айтуы бойынша, үй жинау, тәртіпке келтіру, дұрыстап, тақтап қою сияқты жұмыс адам ойында да белгілі бір “порядок” жасайды екен. Қызық, иә?
Бесінші, бір әдемі, кішкентай болса да, ашық түсті бұйым сатып алу. Тағы бір психологтар зерттеуі бойынша, шоппинг жасаған қыздың көңіл-күйі шоппинг жасамаған қызға қарағанда көтеріңкірек екен. Шарф, фото рамка, әмиән, дорба, туфли, шашбау, сырға, сақина т.с.с. (ақшаға байланысты ғой). Әйтеуір деймін, бір ұнаған нәрсе сатып алып жаныңызды жұбатыңыз.
Алтыншы, ароматерапиямен айналысу. Кейбір эфир майларының депрессияның жоқ қып жіберетін сыйқырлы қасиеті бар. Апельсин, бергамот, ваниль секілді иіс майлар керемет әсерге ие.
Көктем мейілінше жеңіл өтсін. 😉
Авторы: АйжанНұр