КӨКТЕМ.КЕЗДЕСУ

 

КӨКТЕМ.КЕЗДЕСУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйренгем…Мендік өмір үнемі сын…
Сенің де айтарыңды біледі ішім…
Сөзсіз-ақ шертейікші сырдың бәрін,
Үнсіз-ақ шешейікші жүрек ісін..

Арман ба? Кейде алдамшы секілді ол да…
Сыйлайды өшпес сезім отын жанға.
…Өртейсің лебіңменен шарпып өтіп,
Өзім де әрең шыдап отырғанда…

Жанымның жазылмас деп күйік-шері,
Жұлдызды аңсамап ем биіктегі…
Өксігім өше берді өзің келіп
Өмірге ғашық болдым сүйіп сені…

Сезімнен селт еткізген секемденбей,
Серпілші…Өзектегің өтелгендей.
Кімге мен еркелеймін сенен басқа,
Сені кім түсінеді екен мендей…?!

Өмір ғой…
Өкпелеттім.Өкіндірдім.
Өртену-туар сәті нөпір жырдың…
Өлеңнің ең ғажабын жалғанда бұл,
Мен сенің жанарыңнан оқып жүрмін!

Үйренгем…Мендік өмір үнемі сын…
Сенің де айтарыңды біледі ішім…
Сөзсіз-ақ шертейікші сырдың бәрін,
Үнсіз-ақ шешейікші жүрек ісін…

Өлеңді жазған: Рахат Aбдрахманов

2 thoughts on “КӨКТЕМ.КЕЗДЕСУ”

  1. «…Өмір ғой…
    Өкпелеттім. Өкіндірдім,
    Өртену-туар сәті нөпір жырдың.
    Өлеңнің ең ғажабын жалғанда бұл,
    Мен сенің жанарыңнан оқып жүрмін…»
    Тамаша шумақтар. Өлең мұңнан құралған. Бұдан да әдемі туындыларды жазады деп сенемін,сізге Рахат аға!
    Қаламыңыздан қуат кетпесін!

    Жауап беру

Asylai үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау